Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет175/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

16.2 Ауқымды желі
Интернет алғаш рет ARPANET желі болып 1969 жылы енгізілді. 
Интернеттің екінші туған жылы болып 1983 жылды айтуға бола-
ды, себебі, осы жылы компьютерлік байланыстың программалық 


425
қамтамасыздандырылуында ерекше өзгерістер пайда болды, яғни 
TCP\IP ауқымды желінің негізі болып табылады.
TCP\IP – бұл əртүрлі деңгейде жатқан 2 хаттама, яғни хаттамалар 
етегі. 
TCP – Transmission Control Protocol
IP – Internet Protocol
TCP – хаттамасы транспорттық деңгей хаттамасы, мəліметтерді 
жіберу қалай жүріп жатқанын басқарады. Ал IP адрестік хаттама, 
бұл желілік деңгейге жатады, мəліметтерді жіберу қайда жүргізіліп 
жатқанын анықтайды. Ауқымды желідегі əрбір пайдаланушының 
өзінің бірегей адресі, IP адресі болады. Бұл адрес 4 байтпен 
өрнектеледі. Мысалы: 195.38.46.11.
80-жылдардың 2-жартысында бүкіл əлемдік желіні тиістілік 
принципі бойынша домендерге бөлу пайда болды. Компьютерлер 
бір-бірін сандық IP адрес бойынша оңай тауып алады, бұл адамға 
қиын болды, сол себептен аттардың домендік жүйесі енгізілді. До-
мен дегеніміз – қатынастар əрекетінің немесе қандай болса да ортақ 
қызметтер орындаудың өрісі. Домен негізінен компьютерлік желіде 
компьютерге берілетін ат. Доменді географиялық жəне əкімшілікті 
(қызметіне байланысты) 2-ге бөлуге болады. Мысалы: kz, ru, ua, uk, 
us,… 
gov, edu, com, sci (научный), net,…
Аттардың домендік жүйесі (DNS – Domain Name System) 
компьютердің сандық IP адресіне бірегей домендік атты сəйкес 
қояды.
Интернеттің қызметтері:
Қарапайым түсінікте қызмет дегеніміз – нақты бір ережелерге 
сəйкес (мысалы хаттама) өзара əрекеттесетін бағдарламалар жұбы. 
Осы жұптың бір программасы – сервер, ал екіншісі клиент деп ата-
лады. Əртүрлі қызметтер əртүрлі хаттамаларға ие болады. Интернет 
қызметтерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. 
Сол себептен Интернеттің қызметтерін пайдалану үшін компьютер-
де осы қызметтің хаттамасы бйынша жұмыс жасауға қабілетті жəне 
оны серверлік программаға қосатын клиенттік программаны орнату 
керек. Мысалы: Интернетте файлдарды жіберу үшін FTP деп атала-
тын арнайы қолданбалы хаттама қолданылады. Ендеше, сəйкесінше, 


426
Интернеттен файлды алу үшін компьютерде FTP – клиенті болып 
табылатын программаны орнату керек жəне FTP қызметін ұсынатын 
сервермен байланыс орнату керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет