432
нологиясы
кең таратылды, себебі ол тегін болды. 1998 жылдары
технологияның əлсіз жерін түзеткенде бірлестік MS-CHAPv2 жəне
MPPE шығарды, ал 1999 жылда PPTP-ның əрбір пайдаланушының
паролінен қорғалатын тəуелділіктен айырылды.
Cisco Systems шығарған L2TP хаттамада екінші деңгейдің хат-
тамасын ұйымдастырумен байланысты L2F жəне PPTP принциптері
қосылды. Ол мəліметтердің туннельдеуді жүзеге асырады, бірақ
сақтау жəне пайдаланушыларды аутентификациялау
қызметтері
жоқ. L2TP өз туннель ішінде PPP байланыстарды көрсете алады.
Cisco L2TP-ды өз бағыттауыштарында іске асырды.
L2TP/IPSec-де L2TP туннель IPSec қауіпсіз арнамен бірікті жəне
содан кілттік ақпараттары бар хабарламаларды (IKE) қарапайым
жəне сенімді түрде сақтауға мүмкіндік берді. 2002 жылдан бастап
Microsoft бірлестігі Windows 98, ME жəне NT үшін тегін L2TP/IPSec
VPN-клиентті ұсынды, сонымен қатар,
осы өнімді Windows XP,
2000, 2003 жəне Vista жинағымен береді. Windows Server 2003 мен
Windows 2000 Server құрамына L2TP/IPSec серверлер кіреді.
SSL жəне TLS хаттамалары OSI модельдің 4-ші деңгейде
мəліметтерді тасымалдауды сақтауға арналған. SSL 3.0 жəне TLS 1.0
нұсқалары HTTPS хаттамасындағы HTTP-мен қолданылады. Олар
Web-қосымшаларға қорғалған қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ
SSL/TLS VPN-туннелді жасауында да қолдана алады. Мысалы,
OpenVPN
VPN-ның Linux, xBSD, Mac OS X, Pocket PC, Windows
2000, XP, 2003 жəне Vista платформалар үшін
ашық коды бар
бағдарламалық клиенті болып табылады. Мұнда мəліметтерді жəне
басқару арналарын шифрлау үшін SSL қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: