Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі



Pdf көрінісі
бет181/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі 
керек.
Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар
1. Информатиканың негізгі курсында желілік ақпаратттық тех-
нологияларды енгізудің қажеттілігі неде?
2. Оқу үдерісінде жергілікті желіні қолданудың артықшылығы 
неде?
3. Ауқымды желінің құрылғылары жəне жұмысы туралы 
түсіндіру барысында қандай аналогтарды қолдануға болады?
4. Ауқымды желі тақырыбын оқушыларға түсіндіру барысында 
қандай негізгі ұғымдарды беру керек?
5. Электрондық поштаның кəдімгі поштадан артықшылығы 
неде?
6. «Сервер-клиент» технологиясынының мəнін қалай түсіндіру 
керек?
7. «Желілік хаттамалар» ұғымын қалай түсіндіру керек?


434
8. Интертнетте жұмысқа байланысты оқушыларға қандай 
тəжірибелік тапсырмаларды ұсынуға болады?
9. Негізгі курстан Интернет туралы не беру керек?
Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Компьютерлік желілер».
Жергілікті желі – ауқымды желі – Интернет қызметтері – Интер-
нетте ақпаратты іздеу логикалық тізбегінде желілік технологиялар-
ды мақсаты түрде оқушылардың бойында жалпы оқу біліктіліктері, 
білімдері мен дағдыларын қалыптастыру үдерісі.
1-сабақ 
Тақырып: Жергілікті желіде жұмыс.
Дидактикалық мақсаты: жергілікті желіні қосу жəне онда 
жұмыс істеуде оқушылардың оқыту үдерісін бейнелейтін амалдық-
əдістемелік біліктіліктерін меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: жұптық жұмыс.
Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдаяттық есептерді 
шешу əдістері.
Оқыту құралдары: [1,2,5,6,8,9,12-13] оқу-əдістемелік əдебиеттер, 
программалық құралдар – жергілікті желіге біріктірілген компью-
терлер, CD «Мектеп интернет-алаңының жүйелік əкімшілігі. Оқу 
курсы»
Студенттердің алдын ала дайындығы: оқу-əдістемелік əдебиет-
терді оқып-үйрену, CD-дағы «Жергілікті желіге компьютерді қосу» 
сабағымен танысу.
Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар 
Мектепте интернетке шығу мүмкіндігі болған жағдайда 
оқушылардың тəжірибелік жұмыстарын төмендегі бағыттарда 
ұйымдастыруға болады:
– Электрондық поштада хат дайындау, жіберу жəне қабылдау;
– Веб-браузерлермен жұмыс, веб-беттерді қарау;
– FTP-серверлерге қатынау, файлдарды архивтен ашу;
– WWW жүйесінде іздеу программаларының көмегімен 
ақпаратты іздеу;


435
– Қарапайым веб-бетті (веб-сайтты) жасау. 
Интернет желісінде тəжірибелік жұмыстарды оқушылардың 
орындауына арналған тапсырмалар [3] құралында берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет