446
рын ақпараттық ресурстардың келесідей
ерекшелігіне аудару ке-
рек: ақпараттықтан басқа кез келген ресурс, оны қолданғаннан
кейін жоғалып кетеді (мұнай, тағам, электр энергиясы жəне т.б.
жұмсалады). Ақпараттық ресурстар көбейеді, яғни, олар үздіксіз
өспелі жылдамдықпен артады. Бұл феноменді ақпараттық төңкеріс
деп атайды. Қандай да бір ақпарат ескіреді жəне өзектілігін
жоғалтады. Бірақ, оған қарамастан, өзекті ақпараттың көлемі артады.
Бұл тақырып аясында оқушылар оқу үдерісінде қандай ақпараттық
ресурстарды қолданатындығы туралы мəселені талқылау керек.
Ақпараттық
ресурстарды сақтау, тасымалдау жəне өңдеуге
арналған қазіргі құралдар АКТ болып табылады. Адамзаттың
барлық іс-əрекеті аясына АКТ енгізу
қоғамды ақпараттандыру деп
аталады. Ақпараттандыруға байланысты ақпараттандыру іс-əрекеті
аясына еліміздің тұрғындары араласуда, бұл
ақпараттық қоғамды
қалыптастыруға əкеледі. Ақпараттық қоғамда адамдардың еңбек
іс-əрекетінің түрі ақпараттық іс-əрекет болып табылады. Мұнда
ақпараттық ресурстар қоғамдық прогреске əсер
ететін маңызды
ресурс түрінде айналады. Басқаша айтқанда, ақпараттық қоғамнан
көшу, еліміздің жартысынан көп тұрғындары ақпараттық саламен
жұмыс істегенде ғана мүмкін болады.
Елімізді ақпараттандыру дəрежесі туралы тұрғындардың пайда-
ланатын компьютерлерінің санына, ауқымды желі серверлерінің са-
нына жəне өндірісте жəне тұрмыста Интернетті пайдаланатын адам
санына байланысты айтуға болады.
Келесі қарастырылатын тақырып «ақпараттық мəдениет». Жеке
адамның ақпараттық мəдениеті оның АКТ саласындағы білімі мен
біліктілігі, сонымен қатар осы саладағы құқықтық жəне этикалық
нормалармен танысу жəне олардың сақталуымен анықталады.
Информатиканың мектеп курсында
болашақ ақпараттық қоғамның
мүшелерінің ақпараттық мəдениетінің негізін қалыптастыру мақсат
етілген.
Ақпараттандыру үдерісінің дамуымен барлық электрондық
ресурстарға: программаларға жəне мəліметтерге авторлық
құқықты қорғау, сонымен қатар құқық бұзушылардың қылмыстық
əрекеттерінен ақпаратты қорғау өзекті мəселелер болып табылады.
Бұл саладағы білімнің үлкен тəрбиелік мəні бар.
Оқушылардың
программалық өнімдер жəне мəліметтер қорының құқықтық
мəртебесі: лицензияланған, шартты-ақысыз жəне тəуелсіз
447
таратылатындығы туралы түсініктері болуы тиіс. Ақпараттық са-
лада құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары: ақпараттық құқық
бұзушылық түрлері жəне олардың алдын алу тəсілдері туралы
мəлімет, сонымен қатар осындай құқық бұзушылыққа қарсы жазалау
түрлері туралы мəлімет болып табылады. Қысқаша жəне жеткілікті
түрде мұндай мəліметтер [2, 3] оқулықтарда қарастырылған.
Аталған тақырыпты оқып-үйрену
салдарынан шығатын
тұжырым: барлық құралдармен ақпараттық ресурстардың
қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету (программалық-техникалық,
құқықтық) қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– «ақпараттық ресурстар», «ақпараттық қоғам», «ақпараттық
мəдениет» ұғымдары, қазіргі қоғамда АКТ қолданудың негізгі са-
лалары, ақпараттық құқықтың қызметі, ақпаратты қорғаудың негізгі
мəселелерін
білуі керек;
– жеке ақпаратты сақтаудың жеке құралдарын пайдалануды,
ақпаратты таратуда оның құқықтық жəне
этикалық аспектілерін
ескере отырып қолдануды
үйренуі керек;
– жеке ақпараттық іс-əрекетті ұйымдастыру жəне оның
нəтижелерін жоспарлау үшін, қоғамның ақпараттық ресурстарын,
сəйкесінше, құқықтық жəне этикалық нормаларды сақтай отырып
пайдалану бойынша
алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті
Достарыңызбен бөлісу: