448
Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Қоғамдағы ақпараттық технологиялар».
1-сабақ
Тақырып: «Информатика тарихын оқып-үйренудің əдістемелік
ерекшеліктері».
Дидактикалық мақсаты: информатиканың тарихи аспектілерін
оқып-үйренудің əдістемелік аспектілерін бейнелейтін жалпы кəсіби
дайындықтың білімдік компонентін игеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: сараланған-топтық.
Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдаяттық есептерді
шешу əдісі.
Оқыту құралы: оқу-əдістемелік əдебиеттер [1,2,3,4,5].
Студенттердің алдын-ала дайындығы: информатиканың тари-
хи аспектілерін оқып-үйренудің əдістемелік тəсілдерімен танысты-
ру.
Теориялық мəліметтер
Пікірталас-семинар – информатика курсының теориялық жəне
тəжірибелік мəселелерін бірігіп талқыланатын жəне
шешілетін
оқушылардың сұхбаттық қарым-қатынасы.
Пікірталас-семинардың
бөлшегі
іскерлік
ойындардың
элементтері болуы мүмкін. Бұл нұсқада семинар ғылыми талқылауда
қатынасатын адамдардың нақты көзқарасын бейнелейтін рөлдік
жағдайда жүргізіледі.
Мысалы, семинарда екі оқушының келесідей рөлдерін енгізуге
болады:
–
семинар жетекшісі айтылған ойлардың нақтылығы салдарын
бақылайды жəне т.б.
–
оппонент немесе рецензент баяндаушының көзқарасын
түсіндіреді, баяндаушының
баяндамасындағы келіспейтін, дау
туғызатын мəселелерді айта отырып, сəйкесінше
оның дұрыс
шешімін ұсынады;
–
логика баяндаушының баяндамасы мен оппоненттің пікірін-
дегі қарама-қайшылықты жəне логикалық
қателіктерді көрсетеді,
449
ұғымды нақтылайды, дəлелдеменің барысын талдайды, болжамның
дұрыстығын тексереді жəне т.б.;
–
психолог
өзара
əрекеттің
өнімділігін,
пікірталастың
дұрыстығын жəне сұхбаттың ережесін сақтауды бақылайды жəне
т.б.;
Сарапшы
пікірталастың
өнімділігін
бағалайды,
оның
қатысушыларына сипаттама береді,
пікірталасқа қатысушылардың
пікірлеріндегі жеке тұжырымдарды айтады.
Пікірталас-семинарда маңызды рөл мұғалімге беріледі:
1) пікірталасқа түсетін мəселелер мен сұрақтардың шеңберін
анықтайды; 2) баяндаушылар мен пікірталасқа түсушілерге семинар
тақырыбы бойынша негізгі жəне қосымша əдебиеттерді ұсынады;
3) ұжымдық жұмысқа жоғары сынып оқушыларының қатысуы мен
қызметінің
формасын бөледі; 4) оқушыларды рөлге қатысуға да-
йындайды; 5) семинар
жұмысына жетекшілік етеді; 6) пікірталас
қорытындысын шығарады.
Пікірталас-семинар барысында мұғалім сұрақтар қояды, жеке
ескетулер жасайды, оқушылар хабарламасының негізгі мəселелерін
нақтылайды, қарама-қайшылықтарды тіркеп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: