451
Дидактикалық мақсаты: əлеуметтік
информатиканың қазіргі
аспектілерімен таныстырудың əдістемелік аспектілерін бейнелейтін
жалпы кəсіби дайындықтың
білімдік компонентін игеру;
сабақ
конспектісін жəне тəжірибелік тапсырмаларды пайдалану бойынша
əдістемелік ұсыныстарды дайындаудың операциялық-əдістемелік
біліктілігін қалыптастыру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: пікірталас-семинар.
Оқыту технологиялары мен əдістері: зерттеушілік əдіс.
Оқыту құралы: оқу-əдістемелік əдебиет [1-3, 6-8].
Студенттердің алдын-ала дайындығы: əлеуметтік информати-
каның қазіргі аспектілерімен оқушыларды таныстырудың əдісте-
мелік ерекшеліктерін оқып-үйрену.
Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау
1-тапсырма. Мектеп оқулықтарында «Қоғамның
ақпараттық
ресурстары, білім беретін ақпараттық ресурстар»
тақырыбы
қалай ашылғандығын талқылаңыз. Нəтижелерін
көрнекі белгілік
символдық құралдар көмегімен жалпылап көрсетіңіз.
2-тапсырма. Оқулықтарда «Ақпаратты қорғау» тақырыбы қалай
берілген. Нəтижелерін 17.2-кестеде жалпылаңыз.
17.2-кесте
Оқу
басылымының
шығарылу мерзімі
Тарау атауы
Компьютермен жұмыс барысында
ақпаратты қорғау
Қорғау түрлері
Қорғау əдістері
ІІ. Оқыту мазмұнын тəжірибелік іске асыру
Оқыту мазмұнындағы аталған үзінді үшін семинар-пікірталасты
жүргізу əдістемесін дайындаңыз.
Оқыту мазмұнының үзінділері:
1. Қоғамдағы
ақпараттық ресурстар,
білім беретін ақпараттық
ресурстар.
2. Ақпаратты құру мен пайдаланудағы этика мен құқық.
3. Ақпараттық қауіпсіздік.
4. Ақпараттық ресурстарды құқықтық қорғау.
452
5. Ақпараттық технология құралдарының
дамуының негізгі
кезеңдері.
Достарыңызбен бөлісу: