Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет195/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Əмбебап программалық құралдарды тереңдетіп 
оқыту əдістемесі»
Дидактикалық мақсаты: зерттеу.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: тəжрибе.
Оқыту технологиялары мен əдістері: оқу-əдістемелік жоба.
Студенттердің алдын-ала дайындығы: оқу-əдістемелік жоба-
ның зерттеу міндеттерімен танысуы жəне 1 тапсырманың 1.1-1.2 
тармақшаларын орындап келулері керек.
Теориялық мəліметтер
Тезаурус құруға қажетті ұғымдар:
1. ақпараттық технологиялар (АТ),
2. аспаптық жəне қолданбалы АТ,
3. кəсіби бағытталған программалық құралдар (ПҚ),
4. əмбебап ПҚ.


462
Тақырыпты мазмұндық əдістемелік талдау
Ақпараттық 
технологияларды 
əртүрлі 
қолданушылар 
əзірлеушілер де, компьютерлік аумақта кəсіпкер емес тұлғалар да 
пайдаланады, сондықтан АТ екі класқа бөлінеді: аспаптық жəне 
қолданбалы технологиялар. Аспаптық АТ программалық қолдауы 
ретінде көбінесе əмбебап программалық құралдар қарастырылады 
(мəтіндік жəне графикалық редакторлар, МҚБЖ, кестелік процес-
сорлар жəне т.б.). Информатиканың базалық курсында оқушыларды 
осы құралдардың мазмұндық толықтыруларымен таныстырса
бейіндік сыныптарда əмбебап ПҚ тереңдетіп оқыту керек.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптар-
да информатиканы оқыту міндеттерінің бірі оқушыларды болашақ 
кəсіби қызметіне дайындау болғандықтан:
– оқушыларды кəсіби бағдарланған ПҚ функционалдық 
толықтырылымдарымен таныстыру керек;
– қолданбалы АТ ұғымы аспаптық ақпараттық технологиялардың 
арнайы модификациялары ретінде анықтау керек;
– аспаптық жəне пəндік ЖАТ өзара əсерін түсіндіру керек, 
өйткені жаңа АТ пайда болуы пəндік оқытудың технологиясын 
түбегейлі өзгертеді. 
Пəндік оқытудың технологиялары белгілі бір қызметтерді 
орындауға бағытталады. Мұндай технологиялар үлгілік неме-
се уникалды сипатта болады. Бірінші жағдайда, олар əмбебап ПҚ 
функционалдық толықтырылымы ретінде жүзеге асса, екінші 
жағдайда қолданбалы АТ көмегімен автоматтандырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет