Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Əртүрлі елдердегі ғалымдардың кəріліктің шекарасын айқындауы



Pdf көрінісі
бет110/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   154
damu psihologiyas kitap

Əртүрлі елдердегі ғалымдардың кəріліктің шекарасын айқындауы
Негізгі деректер
Кезеңі
Кəріліктің басталу 
уақыты, жасы
Пифагор
Ерте тарихи кезең
60
Гиппократ
Ерте тарихи кезең
56-63
Қытай ғалымдары
Ерте тарихи кезең
70
Орта ғасыр ғалымдары Ерте тарихи кезең
Ерлерде - 50
Əйелдерде - 30


323
15-кестенің жалғасы
Орыс демографы: 
А.П.Рославский-
Петровский
19-ғасырдың 1-ші 
жартысы
61
Француз физиологтары 19-ғасыр
55-60, 70
Неміс физиологы 
М.Рубнер
1854-1932 жж..
50 жас-кəрілік;
70 жас-аса кəрілік
АҚШ денсаулық 
сақтау ассоциациясы
1939 ж.
65 жас ерте кəрілік;
75 жас кəрілік
Ағылшын физиологы
20-ғасыр
50-60 жастан астам
Жалпы қартаю кезеңі жаңа демографиялық кезең болып табы-
лады. Көптеген елдерде 60-65 жастан асқан адамдар тобы 20%-
дан жоғары екендігі дəлелденді. Қазіргі кезде адамдардың орта 
кезеңдегі өмір сүруі олардың ата-аналарына қарағанда əлдеқайда
жоғары, сонымен бірге, бұл ересек жəне қартаю жастың 
əлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін жалғастыру кезеңі 
екенін білдіреді. Саяси-əлеуметтік экономика қоғамның мəдени 
өмірін жəне адам дамуындағы мінез-құлықтарының нығаюын та-
лап ететін кезең болып табылады.
Қазір медицина саласындағы бəзбір жетістіктер мен өмір сүру 
деңгейінің көтерілуі адамзаттың орташа өмір сүру ұзақтығын 
айтарлықтай өсірді. Бірақ əлемнің көптеген елдерінде бұл 
үдеріс енді халықтың қартаюына əкеп соғуда. Əсіресе, Батыс 
Еуропа елдерінде, халықтың қалған бөлігімен салыстырғанда
мұқтаждықтары өзгеше келетін егде адамдар үлесінің артуымен 
бірге соңғы жылдары кəрілікке байланысты əлеуметтік жəне 
экономикалық мəселелер туындап отыр.
Қартаю проблемалары жөніндегі ең бірінші халықаралық 
құжатқа қартаю проблемалары жөніндегі іс-əрекеттердің 
Халықаралық жоспары жатады, осы құжатты 1982 жылы БҰҰ 
(Біріккен Ұлттар Ұйымы) Бас Ассамблеясы мақұлдады жəне ол 
халықтың қартаю проблемаларын тиімді шешу саласы мен егде 
жастағы адамдардың даму саласындағы мүмкіндіктерін қарауға 
қатысты үкіметтер мен азаматтық қоғамның əлеуетін күшейтуге 
нысаналанған. Халықтың қартаюы жөніндегі 2002 жылғы 
сəуірдегі екінші Дүниежүзілік Ассамблеяда БҰҰ мүше елдері 


324
Саяси Декларация мен қартаю проблемалары жөніндегі Іс-
əрекеттердің Мадридтік Халықаралық Жоспарын қабылдады
Жоспарда қартаю проблемалары жөніндегі стратегия мəселелері 
əлеуметтік қамсыздандырудың тар ауқымдарымен салыстырғанда 
анағұрлым кең мағынада қаралды жəне құжатта даму саласындағы 
саясат мəселелерін талқылау қажеттілігіне баса назар аударылады. 
Жыл сайын жер бетінде қартайған адамдардың саны 2,4 пайызға 
өседі екен. Кейбір болжаулар бойынша 2020 жылы кəрі жəне 
қартайған адамдардың саны 1 млрд-қа жетеді. ХХ ғасырдағы адам 
жетілуінің жылдам дамуын (акселерация), қартаю үдерісінің 
кешеуілдеуін, тіршілік ету ұзақтығының ұзаруын адамның тарихи-
эволюциялық дамуындағы жаңа құбылыс деп қарастыруымыз ке-
рек.
Халықтың қартаю үдерісі – қазіргі кезде көптеген елдерде 
байқалып отырған құбылыс. Мамандардың болжамы бойынша, 
2050 жылға қарай егде жастағы адамдардың саны жастардың 
жалпы санынан асып кетеді, бірқатар дамыған жəне дамушы ел-
дерде бұл үдеріс 1998 жылда-ақ байқалған. Егде жастағы адам-
дар үлесінің көбеюімен көрсетілетін халықтың қартаю үдерісі 
туудың жиынтық коэффициентінің төмендеуінен жəне өмір сүру 
ұзақтығының өсуінен туындайды: ол қазір іс жүзінде жаппай 
дерлік байқалып отыр. Халықтың қартаюы Францияда XVIII 
ғасырдың соңында басталды да, содан кейін бірте-бірте барлық 
дамыған елдерге тарады. Бірақ егде жастағы адамдар үлесінің 
ұлғаюы қазіргі кездегідей бұрын ешқашан соншалықты жыл-
дам жəне ауқымды болған емес. Халықтың қартаюы мен аралас 
мəселелерді зерттеп-зерделеуші сарапшылар жас дəрежесіне 
қатысты əркелкі тəсілдерді ұстанады. Н. Н. Сачук ДДСҰ 
(Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы) Еуропалық аймақтық 
бюросының деректерін (1963) келтіреді, ол бойынша 60-тан 74 
жасқа дейінгі адамдар – егде жастағы адамдардың, 75 жəне одан 
жоғары жастағылар – қарт адамдардың, 90 жəне одан жоғары 
жастағылар ұзақ жасаушы адамдардың қатарына жатқызылады. 
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы 1982 жылы 65 жасты егде 
жастың көрсеткіші ретінде таңдады, ол қазіргі кезде көпшілік ел-
дерде жаппай танылған көрсеткіш болып табылады. 
1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1 қазанды 
Халықаралық қарттар күні деп бекітті.


325


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет