Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет70/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   154
damu psihologiyas kitap

2. 
Құрдастарымен 
жəне 
ересектермен 
қарым-
қатынастарының ерекшеліктері 
Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тəрбиелеу – психоло-
гия ғылымының аса мəнді теориялық жəне практикалық 
міндеттерінің бірі. Кеңес психологиясында балалардың қабылдау 
мен сезіну мəдениетінің қоғамдық-тарихи тəжірибесіне, 
«əлеуметтік меңгеру» үдерісіндегі қарым-қатынасқа ерекше 
көңіл бөлінеді (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин). 
Сондықтан қоғамның қазіргі заманға лайықты даму сатысын-
да, қоғамның практикалық негізгі міндеттерін шешу жолында, 
қарым-қатынас мəселелерін шешіп алған жөн. Қарым-қатынас 
қоғамдық өмір құбылыстарының бірі. Бұл құбылыс адам өмірінің, 
іс-əрекет жағдайларының материалдық əсерінен тарихи тұрғыда 
пайда болады. Біріккен іс-əрекет еңбек негізінде, адамдардың 
қарым-қатынас қажеттілігі пайда болады.
А. А. Бодалев, М. И. Лисина, А. А. Леонтьевтердің нақты зерт-
теу жұмыстарының бірқатары қарым-қатынас пен іс-əрекеттің 
бірлігін зерттеуге арналған. Алайда, осындай байланыстың сипа-
тын əртүрлі зерттеушілер əрқилы түсінеді.
А. А. Леонтьев, қарым-қатынас іс-əрекеті – бұл ең алды-
мен сөздік іс-əрекет, өйткені онда іс-əрекетке тəн элементтердің 
барлығы бар (əрекеттер, операциялар, мотивтер жəне т.б.) десе,
Б. М. Ломов қарым-қатынас пен іс-əрекеттің бірлігін мойындап, 
осы үдерістерді өзара байланыстырмай, адамның əлеуметтік 
болмысының екі жағы ретінде, оның өмір салты ретінде 
қарастырады. 
Оқушылардың ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің 
мазмұны, балалардың жетекші іс-əрекетінің сипатымен 


172
детерменделеді (М. И. Лисина, А. Н. Леонтьев). Бастау-
ыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен қарым-
қатынасындағы жетекші мотивтері ретінде іскер жəне жеке 
мотивтері көрінеді. Қарым-қатынас пен жеке тұлғаның даму 
мəселелерін зерттеу жұмысы, «қатынас», «өзара қатынас» 
ұғымдарын пайдалануды болжайды. В. М. Бехтерев пен А. Ф. 
Лазурский сияқты ғалымдардың қарым-қатынас мəнін ашудағы 
орны ерекше. Эксперименттік тұрғыда осы мəселені А. А. Бода-
лев, оқушылардың адами қасиеттерін тəрбиелеу аспектісінде, 
Л. И. Божович жəне Л. С. Славина оқушылардың оқуға 
қатынасының мінез-құлық мотивациялары мəселерімен тығыз
байланыста зерттейді. В. Н. Мясищев адамның қатынастары
нақты қажеттіліктерден туындап, тұрақтылыққа жалпылылыққа 
ие болады деген. Адамның қатынастары танымдық, еріктік, 
эмоционалды компонентердің қатысуымен сипатталады. В. Н. 
Мясищевтің пікірі бойынша, адамдардың қатынастары əрбір 
нақты жеке тұлғаның мəнін ашатын əрекет ретінде адамның 
мінез-құлқын өз бетінше ұйымдастыра алады. Жеке тұлға 
құрылымында қатынастардың осылайша абсолюттенуі С. Л. 
Рубинштейннің сынына ұшырайды. С. Л. Рубинштейннің ой-
ынша, психологиялықтың негізі қоршаған əлемге қатынасы 
арқылы анықталып, адамның басқа адамдармен қатынасын ашуға 
бағытталған адам өмірінің шынайы психологиясының өзегін 
құрайды. Адамдардың қоршаған ортаға қатынасы – бұл, ең ал-
дымен оның өмірінің жағдайларын құрайтын объективті ақиқатқа 
қатынасы. Бірақ адамның тіршілік əрекетінің бірінші міндеті
басқа адам. Бастауыш мектеп кезеңі – бұл «жеке» тұлғаның мəнді 
алғышарттарының қалыптасу аралығы. В. В. Давыдов бала 
мектепке келісімен оқу үдерісінде жеке тұлғаның теориялық
санасының негіздері жасалатындығын (ғылыми, көркемдік, 
адамгершілік) нұсқайды. 
Д. Б. Эльконин бойынша, бастауыш сыныптағы оқушы өзінің 
мектептегі жұмысын қоғамдық мəнді, қатаң түрде міндетті іс-
əрекет ретінде қабылдай бастайды да, оның бойында оқудың жаңа 
қоғамдық сезімдегі мотивтері көріне бастайды. Б. Г. Ананьев 
балалардың мектептегі оқу үдерісі олардың бүкіл өмірін жаңаша 
ұйымдастырып, баланың отбасындағы орнын өзгертетіндігіне 
ерекше көңіл қояды, өйткені онда отбасынан тыс міндеттер, яғни 


173
міндетті оқу еңбегі пайда болады. Психологтар бастауыш мек-
теп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы
оқу іс-əрекетінің мəніне ерекше көңіл бөліп, «оқушының ішкі 
позициясын қабыл алу», (Л. И. Божович), «оның танымдық жəне 
адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, 
мінез-құлық мотивтерінің өзгерісі» (В. В. Давыдов), баланың 
«мектепте оқу міндетін» сезінуде қамтылған қоғамдық орнының 
өзгерісі (Н. Ф. Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. 
Кеңес дəуірінің психологиясында мотивациялық аумағы өзінше 
қарастырылады, ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға 
белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін 
құрайды, əрі түрткілердің əр түрін қамтиды (Л. И. Божович). 
Баланың қай мотивті өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап алуы-
на қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды 
(Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев). Оқушының мотивациялық аясы 
оның эмоционалды-еріктік сферасына, оның ақыл-ой əрекетіне 
əсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына əсер ететін 
өте мəнді фактор ретінде көрінетін «педагогикалық бағамен» 
анықталады. 
Осы жастағы оқушылардың қарым-қатынастарының ерекше-
ліктерін сипаттай келе, Л. И. Божович, В. В. Давыдов, Д. Б. Эль-
конин балалардың құрдастарымен жақындығына қарамастан 
ересек адам, əсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып
табылатындығын көрсетеді. Д. Б. Эльконин, «баланың ересек-
термен қатынастарының барлық жүйесі жеке қарым-қатынасқа 
дейін оқу іс-əрекеті арқылы жанамаланады» деген қорытындыға 
келеді. Баланың оқу іс-əрекетіне енуі ересектің оқушылардың 
өзіндік сана-сезіміне əсер ету мүмкіншілігін ұлғайтады. Осындай 
көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың 
ересектермен өзара қатынастары бір-біріне қайшы екі тенден-
циямен сипатталады. Бір жағынан, ересектердің талаптары-
на мойынсұну, бағыну міндеті айқын көрінсе, екінші жағынан 
өзінің жеке басының дербестілігін, ынтасын, құқығын қорғау 
мақсатында дербестік пен тəуелсіздік сезімі пайда болады. Бас-
тауыш мектеп жасындағы оқушылардың, ересектерге қатысты 
тəртіп сезімі əлі қалыптаса қоймайды. Дамудың осы сатысындағы 
балалардың, сана сезімі жаңадан қалыптаса бастайды. Жеке 
басының жеткілікті дəрежеде жетілмеу себебінен, балалардың 


174
ересектермен қатынас қажеттілігі пайда болады. Психологтардың 
айтуынша, бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара 
қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық 
қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ 
қызығушылықтарының бірігіп кетуінде. Құрдастарының берген 
бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды. Қарым-
қатынас көбінде өз-өзін жəне басқа адамдарды тану қажетілігін 
қанағаттандыратын іс-əрекет ретінде қарастырылады (М. И. Ли-
сина). Баланың ересектермен қарым-қатынастарының жүйесі 
жеке қарым-қатынасының өзі оқу іс-əрекеті арқылы жанамалана-
ды (Д. Б. Эльконин).
Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тəжірибесі
пайда болады, құрбыларының арасында өзіне тəн нақты 
орынды иелену ұмтылысы пайда болады. (А. Н. Леоньтев, 
Л.И. Божович, И. В. Дубровина, Б. Г. Ананьев). Бастауыш мек-
теп жасында балалардың ересектермен, əсіресе мұғаліммен
қарым-қатынастары ерекше мəнге ие болады, өйткені осы жас 
шамасындағы балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің 
іс-əрекетіне, ересектермен жəне құрбылармен жаңа қатынасқа, 
жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді 
меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының əлеуметтік пози-
циясы қалыптасады (Л. И. Божович). Балада мектепке келісімен 
оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді жүзеге асыра ал-
маумен байланысты қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтары 
пайда болады. Ересек адам баланы жаңа іс-əрекеттерді орындауға
неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген 
қызығушылығы соғұрлым нығая түседі, оқудың қандай да бір 
жағымды мотивациясы қалыптасады. Соңғысы аса мəнді, өйткені 
бастауыш сыныптағы оқушының жеке тұлғасының дамуы көбіне 
оқу іс-əрекетінің мотивтерінің бағыттылығымен анықталады. 
Баланың жеке тұлғасы оның ересектермен қарым-қатынасында 
қалыптасатындығы белгілі. Ересек адам балаларға адамзат 
мəдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық да-
муын қамтамасыз етеді (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Ру-
бинштейн, М. И. Лисина). Балада қарым-қатынас қажеттілігінің
пайда болуы оның онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті 
болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың 
ересектермен қарым-қатынасы, олардың жеке тұлғасының 


175
қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып табылады. 
Л. С. Славина мен Э. Л. Фрухтың пікірінше, балалардың ере-
сектермен қарым-қатынасының жетіспеуі, олардың бір-бірімен 
қарым-қатынастарының мəнін ұлғайтады. 30-шы жылдардың
өзінде кейбір балалардың теріс мінез-құлықтарының астарын-
да «психикалық витаминдердің», əсіресе ересектер тарапынан 
қарым-қатынастың, мейірімнің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген 
болатын. Тəрбие мəселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын, 
махаббаттан, мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да
тəні де қалжырайды. Осындай жағдайдағы баланың жеке тұлғасы 
толыққанды дами алмайды, өйткені əлеуметтік дағды тəжірибесі 
бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын дұрыс бағалай ал-
майды. (М. И. Лисина, В. С. Мухина, С. Г. Якобсон). Бастауыш 
мектеп кезеңінің негізгі іс-əрекет түрі оқу іс-əрекеті болып табы-
лады. Бала мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның 
қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.
Оқу іс-əрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген 
іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін 
міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бой ала бастайды. 
Баланың белгілі бір ережелерге бағына бастауы оның бойында 
мінез-құлқын реттей алу іскерлігінің қалыптасуына ықпал етіп, 
осы жас шамасы үшін мəнді жаңа ұйымдардың бірі болып табы-
латын ырықты түрде басшылыққа алудың ең жоғарғы кейпіне қол 
жеткізуінің кепілі бола алады. Балалардың басқа да танымдық 
үдерістерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда 
болады.
Баланың 
мектепке 
келуі 
оның 
əлеуметтік 
қарым-
қатынастарының шеңберін кеңейтіп, «Мен-концепциясына» 
міндетті түрде əсер етеді.
Мектеп, баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан 
оқшаулануына ықпал етеді, оны қоршаған əлеуметтік жəне 
физикалық əлемді зерттеудің кең мүмкіншіліктерін қамтамасыз 
етеді.
Баланың əлеуметтік ортаға енуінің салдарынан міндетті 
түрде терең, əрі əр сапалы өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын 
əлеуметтік дамудың алғашқы кезеңі деп атауға болады. Адам 
өмірінің мектепте өткен кезеңі оның екінші сатысы болып та-
былады. Дамудың осы жас шамасында жеке тұлғаның жəне 


176
оқу-танымдық субъектісінің оқу үдерісін қамтамасыз ететін 
психологиялық құрылымдары қалыптаса бастайды. Осы жас ша-
масына дейін бала заттар əлемінде тіршілік етсе, ендігі жолда 
ол ғылыми тұрғыда қатаң тəртіпте ұйымдасқан қатынастар мен 
заңдылықтар əлемінде тіршілік ете бастайды. Мектеп кезеңінде 
іс-əрекет субъектісімен қатар жеке тұлға қалыптаса бастайды. 
Осы кезеңде қоғамдық-бағдарланған əсердің қалпы күрделеніп, 
тікелей (баланың құрдастарымен жəне ересектермен қарым-
қатынасы) жəне əлеуметтік əсердің əрқилы каналдары арқылы, 
жанамаланған (кино, теледидар, шығармашылық əдебиет жəне 
т.б.) сипатқа ие бола бастайды. Мектеп кезеңінде жеке тұлға мен 
іс-əрекет субъектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі, жалпы 
жəне қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты түрде бол-
жай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кəсіби 
бағытқа мойын бұра бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен 
іс-əрекетін өз еркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды.
Баланың əлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының 
адамгершілік үлгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке 
басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Осы тұста қарым-
қатынастың алар орны ерекше. Ең алдымен, баланың ересек-
термен жанамаланған жəне тікелей қатынасы арқылы оған ата-
бабалардың көне мұралары жетіп отырады. Сонымен бірге тек 
қарым-қатынас арқылы ғана психиканың əлеуметтік нормалары 
(сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың, перцепцияның, ырықты 
түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері жəне т.б.) қалыптаса алады. 
Қарым-қатынас тəжірибесін біртіндеп жинақтау арқылы жеке 
тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапаларының күрделі 
жүйесінің қалыптасуына негіз болатын жеке тұлғаның қарым-
қатынас қабілеттері қалыптаса бастайды. Жеке тұлғаның басқа 
адамдарды тануының негізінде пайда болған қарым-қатынас 
үдерісінде, оның сана сезімі, өзіндік реттеу мен кері байланыс 
қасиеттері, жоғары дəрежедегі сапалары қалыптаса бастай-
ды. Осылайша, «топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы 
топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжым арасындағы қарым-
қатынас дербес дамудың əлеуметтік детерминациясындағы негізгі 
каналдардың бірі болып табылады».
Оқу іс-əрекеттің негізгі түрі ретінде қарым-қатынас пен та-
нымды өзара байланыстырады. Сондықтан да балалардың мек-


177
тепке келу мерзімінен бастап жəне олардың осы кезеңге дейінгі 
ойын іс-əрекетінде, оқушыларда жеке тұлғаның қарым-қатынасты 
қамтамасыз ететін қасиеттерінің қарқынды түрде қалыптасу 
үдерісі орын алады. Оның оқу үдерісіндегі күрделілігі ұлғая 
түседі. Осындай өзгерістердің барлығы, бала өміріндегі əлеуметтік 
жағдайлар мен топтардың əртүрлілігінің ұлғаюымен, қарым-
қатынастың формалары мен түрлерінің сапалы өзгерістерімен 
байланыс-ты. Балалардың отбасындағы жəне құрдастарымен 
қарым-қатынастарынан тыс, мұғалімге, құрдастарына қатысты 
қарым-қатынастың жаңа түрлері жəне оқушылардың түрлі 
үйірмелер мен топтарға енуінің негізінде достық қатынастардың 
жүйесі де қалыптаса бастайды. 
Қарым-қатынастың осындай түрлері мен формалары, баланың 
оқу-танымдық іс-əрекетін жүзеге асыру үшін қарым-қатынас пен 
іс-əрекет субъектісі жеке тұлғаның дамуында өте маңызды. 
Б. Г. Ананьев бойынша, жеке тұлғаның түрлі əлеуметтік 
топтары бар бүтіндей қоғаммен байланысының көптүрлілігі, 
жеке тұлғаның интраиндивидуалды құрылымымен, оның жеке 
қасиеттерімен ішкі əлемінің ұйымдасуын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет