Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ҚОСЫМША З. М. Истоминаның əдістемесі



Pdf көрінісі
бет139/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   154
damu psihologiyas kitap

5-ҚОСЫМША
З. М. Истоминаның əдістемесі
Мақсаты: мағыналық байланыстардың сөздік материал-
ды есте қалдыруға жəне қайта жаңғыртуға ықпалын, сондай-ақ 
логикалық байланыстар орнату кезінде есте қалдыру беріктігін 
анықтау. Қысқа мерзімді есте сақтау көлемін бағалау.
Құрал-жабдық: арасына сөздік байланыстар орнату оңай іске 
асатын он сөздер жұбы. (Мысалы: көпір – өзен, сапар – жол, бас 
– шаш, т.с.с.)
Əдістеменің нұсқауы: Балаларға он сөз жұбы оқылады. 
Əрбір жұптағы сөздер арасында қандай да бір байланыс бар. 
Бір минуттан кейін əрбір жұптағы бірінші сөздер ғана оқылады. 
Оқушылардың міндеті – əрбір жұптағы екінші сөздерді есіне 
түсіру. 
Өткізілу барысы: жұптағы сөздер 2 – 3 секунд үзіліспен 
оқылады. Осыдан бір минут уақыт өткенен кейін жұптағы бірінші 
сөздер ғана оқылады, ал балалар екінші сөзді естеріне түсіріп, 
берілген тіркеу хаттамасына сəйкес суреттерді түсіріп отырады.
Əдістеме топтық түрде жүргізіледі. 
Нəтижелерді өңдеу: Дұрыс сəйкес суреттердің жалпы 
сандары есептеледі. Нəтижелер келесі көрсеткіштер бойынша 
өлшенеді:
Жоғары деңгей – 1 – 2 қате жіберілгендер;
Орташа деңгей – 3 – 4 қате жіберілгендер;
Төмен деңгей – 5 жəне одан да көп қате жіберілген жағдайда. 


387
6-ҚОСЫМША
Г. Эббингауздың əдістемесі
Мақсаты: Жанама есте қалдыру өнімділігінің көп сөздер 
арасындағы байланыстар сипатына тəуелділігін анықтау.
Құрал-жабдық: есте қалдыруға арналған он сөз жұбы.
Əдістеменің нұсқауы: сыналушы топқа екі сөз қатары 
ұсынылады; бірінші қатардағы сөздер арасында мағыналық бай-
ланыстар бар; екіншісінде – жоқ. Жүргізуші сыналушыларға 
бірінші сөздер қатарын оқиды (жұптар арасындағы уақыт аралығы 
– бес секунд). Он минут үзілістен кейін екінші қатардағы сөздер 
оқылады (он секунд аралықпен), ал сыналушылар есте қалдырған 
сөздерді жазады.
ағаш – жапырақ
Мектеп – мұғалім
Құлып – кілт
Щетка – тіс
Май – нан 
ІІ қатар
Аспан – диван
Сіріңке – қойлар
Балық – өрт
Теңіз – доп
Үстел – балта


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет