Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


«Мен – тұжырымдамасы» жəне Э. Эриксонның теория-



Pdf көрінісі
бет92/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   154
damu psihologiyas kitap

5. «Мен – тұжырымдамасы» жəне Э. Эриксонның теория-
сы бойынша жеке тұлғаның өмір кезеңдері
Қазіргі заман психологиясында тұлғаның дербес дамуының 
зерттеу ұстанымы бар, ол – бақылаушы ұстанымы. Бақылаушы 
зерттеліп жатқан үдерісінің ішінде болады, ол Эриксонның 
ұстанымы, адамның бүкіл өмірін кезеңдерге бөлу Э. Эриксонның 
айтуынша, адам қай мəдениетке жатпасын, ол осы кезеңдерден 
өте алады. Барлығы оның өмір ұзақтығына байланысты. 
Тұлғаның психологиялық даму тұжырымын Э. Эриксон дамудың 
эпигенетикалық оқытылудың нұсқасы деп қарайды. «Эпиге-
нез» деген терминнің биологиялық мазмұнын ашсақ, ол сыртқы 
фактордың эмбриондық дамуға əсер ететінін айтады. Адамның 
психологиялық жаңашылдығының қалыптасуы кезек-кезегімен 
өтеді деген идеяны Эриксон да алып пайдаланды. Психологиялық 
жаңашылдығының əрқайсысы белгілі кезеңде адамның қылығы 
мен жеке өмірінің орталығы болып қалады .
Э. Эриксонның пікірінше, даму кезеңінің дəл сол қоғамға 
лайық тұлғадан күтетін бір үміті бар. Жеке тұлға үмітін ақтауы 
да, ақтамауы да мүмкін, сонда ол қоғамға сіңіп кетеді немесе 
қоғамға қабылданбайды. Эриксон бойынша əр кезеңде лайықты 
мəселелердің шешілуі тұлғаның психомоторлық даму деңгейіне 
байланысты, сондай-ақ тұлға тіршілік етіп жатқан қоғамдағы ру-
хани атмосфераға да байланысты. Эриксонның осы ойлары оның 
тұжырымын түсіндіретін екі маңызды түсініктің негізі, ол «топтық 
ұқсастық» жəне «эго – ұқсастық» түсініктері болып табылады. 
Өмірінің бірінші күнінен бастап баланың тəрбиесі көзделген 
əлеуметтік бір топқа енгізуге бағытталған, міне, осы бағыттың 
арқасында топтық ұқсастық қалыптасады. Эго – ұқсастық, топтық 
ұқсастықпен бірдей қатарласып қалыптасады жəне де субъектінің 


255
тұрақтылық сезімін тудырады. Адамның өсуіне, дамуына бай-
ланысты өзгерістерге қарамастан өзінің «Мен» деген сезімі 
үздіксіз тұрақтанады. Тұлға тұтастығының, яғни эго-ұқсастықтың 
қалыптасуы оның бүкіл өміріне созылады, жəне бірнеше кезеңнен 
өтеді. 
Үшінші тарауда тұлға дамуының заңдылықтарына қатысты 
психоанализ бен Э. Эриксон теориясының арасындағы 
айырмашылықтарына сəйкес тұлғаның өмір жолының кезеңдері 
көрсетілген (7-кесте). Жеке тұлғаның туған кезінен бастап 
жасөспірім кезеңіне дейін даму кезеңдерінің мазмұнын саралап 
көрейік, яғни дəл осы кезеңдердің мазмұны жасөспірімнің «Мен» 
– тұлғасының қалыптасуына əсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет