Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет127/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

көтермелеу, тəрбиелеу, сендіру əдісі. Жоғарыда айтылып өткендей, 
осы əдіс еңбек тəртібін қамтамасыз етудегі басты əдіс ретінде 
саналған кез болған. Біздің ойымызша, қазіргі кезде бұл əдіс 
белсенді қолданыста емес жəне оның əсері де шамалы. Тауарлар 
мен қызмет көрсету нарығындағы дербес шаруашылық жүргізу 
жəне 
еркін 
бəсекелестік 
жағдайында 
жұмыс 
берушілер 
қызметкерлерді тəрбиелеумен жəне сенімдерін қалыптастырумен 
айналыспайды. Қандай да бір өндірістің жетістігіне оның 
пайдалылығы немесе шығындары тұрғысынан баға берілетін кезде, 
жалақының мөлшері өнімді өндірудің сапасына қарай есептелетін 
жағдайда қызметкерлердің өнімді еңбек пен еңбек тəртібіне 
ұмтылыуына тəрбиелеу мен сендіруге қарағанда материалдық 
мүдделер əсер ететіні сөзсіз. 
Соған қарамастан, еңбек тəртібін сақтауда еңбек тəртібін 
бұзушыларға қатысты қатаң шараларды жүзеге асырудың, өзінің 
кəсіби міндеттерін тиісті түрде орындамаған қызметкерлерге 
талаптарды күшейтудің де орны ерекше. 
4) 
Көтермелеу 
жəне 
мəжбүрлеу. 
Психологтардың 
пайымдауынша, егер көтермелеу мен мəжбүрлеу шараларын дұрыс 
қолдана білсе, олардың құқық бұзушыларға деген əсері зор болмақ. 
Көтермелеу жəне мəжбүрлеу мəселелері туралы алдыңғы 
тарауларда жеке сөз қозғалады, сол себепті де бұл мəселелерді 
əзірше қозғамағанды жөн көрдік. 
Ішкі еңбек тəртібін құқықтық реттеу. 
Еңбек тəртібі жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық шарттың 
ережелерімен 
жəне 
ішкі 
еңбек 
тəртібінің 
ережелерімен 
анықталады. Бұл актілердің күші барлық қызметкерлерге таралады. 
Сонымен қатар, жекелеген қызметкерлер санатына қатысты 
(мысалы, прокурорлар, судьялар жəне т.б.) арнайы актілер де 


болады. Жəне де көлік салаларын – темір жол, теңіз, өзен, ауа жəне 
авто көлік салаларын, байланыс, геологтардың қызметін жəне т.б.
үшін арнайы жарғылар жəне ережелер де болады. Аталған 
салалардағы қызметкерлердің барлығына ішкі еңбек тəртібінің 
ержелері таралады. 
Бұл ережелерде ұйымның ерекшелігін ескеріле отырып, 
қызметкерлердің жəне əкімшіліктің негізгі құқықтары мен 
міндеттері бекітіледі, жұмыс уақытын пайдалану тəртібі жəне өзге 
де мəселелер белгіленеді. Мұндай ережелердің басты мақсаты 
болып қызметкерлерде еңбекке қатысты оң көзқарасты 
қалыптастыру, еңбек тəртібін нығайту, жұмыс уақытын ұтымды 
пайдалану жəне еңбек өнімділігін арттыру табылады. 
Сонымен, ішкі еңбек тəртібінің ережелері – бұл қызметкер 
қызмет етіп жатқан ұйымның ішінде белгіленген тəртіп. Əдетте 
ішкі еңбек тəртібінің ережелері келесі бөлімдерден тұрады: 
1. жалпы ережелер (ережелердің күші жөнінде); 
2. қызметкерлерді қызметке алу жəне жұмыстан босату тəртібі; 
3. қызметкерлердің негізгі міндеттері; 
4. жұмыс берушінің негізгі міндеттері; 
5. жұмыс уақыты жəне оны пайдалану; 
6. жұмыстағы жетістіктері үшін көтермелеу; 
7. еңбек тəртібін бұзғаны үшін жауапкершілік. 
Қызметкерлердің негізгі міндеттері. 
Қызметкерлердің негізгі міндеттері бірқатар нормативтік-
құқықтық актілермен реттелген. Солардың ішінде басты орынға ҚР 
«Еңбек туралы» заңы ие. 
Ең алдымен, жеке еңбек шартын бекіте отырып, қызметкер 
өзіне басты міндетті жүктейді. Ол міндет – нақты бір мамандық, 
біліктілік, лауазым бойынша жұмысты орындау жəне өзі жұмыс 
істейтін ұйымның ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағыну. 
Қызметкердің 
өз 
мамандығы 
бойынша 
орындауы 
тиіс 
міндеттерінің шеңбері біліктілік сипаттамасында (лауазымдық 
нұсқау) көрсетіледі. Жұмыс беруші қызметкерді қызметке алу 
кезінде оны осындай нұсқаумен таныстыруға міндетті. 
Ішкі еңбек тəртібінің ережелерімен қызметкердің келесі негізгі 
міндеттері көзделеді: 
1. еңбек тəртібін – өндірістегі тəртіп негізін сақтау. Бұл 
дегеніміз, қызметкер жұмысқа уақтылы келуге жəне кетуге, 
белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтауға, бүкіл жұмыс 


уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, əкімшілік пен жұмыс 
берушінің барлық өкімдерін жəне бұйрықтарын уақтылы жəне дəл 
орындауға міндетті; 
2. еңбекті қорғауға, қауіпсіздік техникасына, өндірістік 
санитарияға жəне өртке қарсы қорғануға қатысты талаптарды 
орындау. Бұл дегеніміз, қызметкер өз жұмыс орнын тазалықта 
ұстауға, жұмыс орнын ақаусыз жағдайда беруге немесе қалдыруға, 
санитарлық-гигиеналық жəне өртке қарсы талаптарды 
орындауға, жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарын: 
арнайы киімді, арнайы аяқ киімді, қорғану құралдарын 
пайдалануға міндетті; 
3. еңбек өнімділігін арттыру, тапсырмалар мен жоспарлардың 
нормаларын орындау; 
4. технологиялық тəртіпті сақтау, жұмыста олқылықтарды 
болдырмау, өнімнің сапасын жақсарту; 
5. кəсіпорынның, ұйымның, мекеменің мүлкіне ұқыптылықпен 
қарау, машиналарды, жабдықтарды, станоктарды, құралдарды 
тиімді пайдалану, олардың бүлінуіне жол бермеу, материалдарға, 
арнайы киімге жəне өзге де заттарға ұқыптылықпен қарау; 
6. кəсіпорынның тиімді жұмысын қиындататын немесе оған 
кедергі жасайтын жағдайларды (апат, тоқтап қалу, қайғылы 
оқиғалар жəне т.б.) болдырмауға қатысты шаралар қолдану, егер өз 
күшімен оларды жою мүмкін болмаса, жұмыс берушіні, əкімшілікті 
жедел түрде оқиға жөнінде хабарландыру; 
7. материалдық жəне өзге де құндылықтарды, материалдарды 
жəне құжаттарды сақтаудың белгіленген тəртібін орындау; 
8. өзінің біліктілігін жəне білім деңгейін тұрақты түрде көтеріп 
отыру. 
Əрине, аталған міндеттер осымен шектелмейді. Сонымен қатар, 
атап өтетін бір жайт, жоғарыдағы міндеттердің бірқатары 
декларативтік сипатқа ие, құқықтық сипатқа ие емес жəне жалпы 
алғанда моральдық міндеттер болып табылады. Нақты атап өтетін 
болсақ, моральдық сипатқа ие міндеттер мыналар: еңбек 
өнімділігін арттыру, өзінің біліктілігін тұрақты түрде көтеріп 
отыру, ортада өзін мəдениетті ұстау жəне т.б. Бұл талаптар жұмыс 
беруші тарапынан қызметкердің өз əрекеттері мен жүріс-тұрысын 
қызметтік этиканың талаптарымен өлшеу қажеттігін байқатады. Ал 
аталған ережелерді бұзу тек моральдық тұрғыдан кінəлауға ғана 


емес, сонымен қатар, еңбек тəртібін бұзудағы заңды салдарға да 
алып келуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет