Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс- әрекетінде ортаның маңызы



бет101/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс- әрекетінде ортаның маңызы


Педагогика мен психологияда дамытушы ортаның әсеріндегі адам танымдық және тұлғалық дамудың жоғары деңгейін меңгереді деген сөзсіз қағида бар. Толыққанды үйлесімді даму үшін балалар үлкендердің назарының, мейірімді және мазмұнды қарым-қатынастың қажеттілігіне мұқтаж болып қана қоймайды, сонымен бірге баланың алған тәжірибесін бекітуді қамтамасыз ететіндей заттық ортаны да қажет етеді. Әрбір іс-әрекет қандай да бір сұранысты қанағаттандыруға қызмет етеді (өмірлік, танымдық, қоғамдық). Бұл үшін балаға қызықты мақсаты бар объектілер керек (бас қатыру ойындары, кедергілер жолағы, компьютерлік дидактикалық бағдарлама және т.с.с.). «Дамытушы орталардың басты белгісі оның проблемалылығы болып табылады»,



  • деп көрсетеді С. Л. Новоселова. Бала орта объектілерімен жұмыс істейді, бірқатар практикалық міндеттерді қояды және шешеді. Жақсы дамытушы ортада бірден табылмайтын ақпараттар толық болмайды, баладан ізденісті, шығармашылық белсенділікті талап етеді. Даму орта- сы жүйелі болуы керек, яғни балалардың жасына, іс-әрекет мазмұнына, тәрбиелеу және оқыту мақсаттарына, жобалық мәдениеттің негізгі принциптеріне сай болуы керек.

Арнайы ұйымдастырылған орта іс-әрекетке белсенділік әсерін көрсетуге, өздігінен оқуға ықпал етуге, түрлі іс-әрекет субъектісі ретінде баланың қалыптасуын жетілдіруге, аяғынан тұруды қамтамасыз етуге, өз іс-қимылын еркін таңдай және бағыттай білуге қабілетті. Мұндай орта өз әлеуетін көрсетіп бағалай білуге мүмкіндік береді, мақсаттылық пен бағыттылықты, жинақылықты, өз ісі мен әрекетінің нәтижелері
үшін жауапкершілікті қалыптастырады, шығармашылық қабілетті аша- ды, дамудың қазіргі сәтіндегі мүдделер мен сұраныстарға қарай әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Түрлі іс-әрекеттерге қатыстыру, түрлі ма- териалдармен таныстыру, өз инициативасымен бос кезінде, педагог шектемеген уақыт көптеген тәртіптік проблемаларды шешеді, жанұя мен балаға мектепке дейінгі мекемеде уақытының мазмұнды өтуіне кепілдік береді.
Сонымен, орта тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, сол сияқты оған тән іс-әрекет түрлерінің қозғаушы күші рөлін атқарады. Ол қабілеттің, мектеп жасына дейінгі баланың субъективтік қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуына ықпал етеді, оның даралығын көрсетеді, белсенділік түрлерін жеделдетеді, топта жағдайлы психологиялық аху- ал туғызады. Дамудың лайықты ортасының болуы мектепке дейінгі білім берудің тұлғалық-бағдарлық моделінің қажетті шарты болып та- былады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет