Анатомия и физиология – адамның биологиялық мәнін, әрбір жас ерекшелік кезеңіндегі организмнің даму ерекшеліктерін түсіну үшін негіз болады. Жоғары жүйке әрекеті туралы ғылыми білімді педагогика балалардың физикалық және психикалық дамуын басқарудың заңдылықтарын зерттеу үшін пайдаланады. Сол білім бала өмірін реттеуде, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда, білім беру мекемелерінде, әсіресе ерте және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін пәндік-материалдық ортаны құру принциптерін зертеуде негіз болады.
Бүгінгі күні балалардың денсаулығы ойдағыдай емес (әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша), бұл педагогикадан медициналық ғылым салаларымен аса тығыз байланыс орнатуды талап етеді. Педагогиканың жаңа саласы – балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жүйесін жасайтын емдеу педагогикасы қажет болды. Ішімдікке, нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасын жасау үшін медицина мен педагогиканың күш біріктіруі қажет болды.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында педагогика генетика, кибернетика, информатика сияқты ғылымдармен өзара ықпалдастықты күшейтті. Соның нәтижесінде педагогикалық теория диагностика және дарынды балаларды тәрбиелеу бағдарламаларымен, математикалық логика, компьютерлік технология, бағдарландырылған оқыту идеяларымен және әдістерімен және т.с.с.-мен толықтырылды.
Сүйтіп, қоғамның заманауи даму кезеңінде оқыту, тәрбиелеу, білім беру проблемаларын шешуде жалғыз педагогиканың күші тиісті нәтиже бере алмайды, оларға ғылымаралық көзқарас қажет болады.
Педагогика өзінің қалыптасу және даму жолында (XVII ғасырдан бастап) әртүрлі санаттағы (жасына қарай, тәрбиелеу бағытына қарай, кәсіби бағытына қарай және т.с.с.) адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым жүйесіне айналды. Педагогикалық ғылымдар жүйесі салыстырма- лы түрде бұрын педагогиканың саласы болып келген, кейінде одан бірте-бірте бөлінген өзіндік ғылымдардың бірлігін көрсетеді. Ондай ғылымдар жеткілікті. Педагогикалық ғылымдар жүйесінің іргетасы
жалпы педагогика. Педагогика ғылымдарының қазіргізаманғы жүйесіне педагогика тарихы, жалпы, мектепке дейінгі, мектеп педаго- гикасы, жоғары оқу орны педагогикасы, андрогогика (үлкендерге білім беру туралы ғылым), әртүрлі пәндерді оқыту әдістемелері, әлеуметтік, арнайы педагогика жас ерекшелік педагогикасының бөлімі, оның алғашқы салалары болып табылады. Педагогика ғылым ретінде адам туралы ғылымдармен тікелей байланысты (2-сызба).
2-сызба
Достарыңызбен бөлісу: |