Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Мектеп жасына дейінгі бала мектепке дейінгі мекемеде субъект ретінде



бет27/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектеп жасына дейінгі бала мектепке дейінгі мекемеде субъект ретінде


«Субъект», «объект» ұғымдарының жалпы теориялық мазмұнын түсіну, педагогикадағы білім беру процесінің субъект проблемала- рын зерттеу мектепке дейінгі педагогикада бұл құбылысты қарастыру ерекшеліктеріне көшуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық процесс субъектісі кім болады? Ол кім – педагогтың серіктесі ме? Мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңдерінде қандай ерекшеліктер болады?
Сонымен, біз мектепке дейінгі кезең - 0 (туғаннан) - 6 (7) жасқа дейін екендігін білеміз. Мектеп жасына дейінгі балалық шақ бірнеше жас ерекшелік кезеңге бөлінеді, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелік сипаттары бар. Әр кезең анатомиялық, физиологиялық, физикалық, психикалық көрсеткіштерімен анықталады. Д. Б. Элькониннің жасқа бөлу кезеңдеріне сүйене отырып, сол кезеңдерді көрсетейік.
Сәбилік жас (туғаннан бастап бір жасқа дейін).
Нәрестелік кезеңін (туғаннан бастап 1,2 айға дейін) қамтиды.
Ерте жас ( 1-ден 3 жасқа дейін).
Мектепалды жас ( 3-тен 5 жасқа дейін).
Нағыз мектепке дейінгі жас ( 5 жастан мектепке барғанға дейін). Мектепке дейінгі жастың нақты хронологиялық шекарасы даулы мәселе. Әлемнің әр елдерінде балалар мектепке 5 жастан 7 жасқа дейін барады. Қазақстан Республикасында, өзімізге белгілі, мектеп жасы 6-7 жастан басталады. Бұл мәселеде өз көзқарасымызды анықтай оты- рып, мектеп сатысына көшу физиологиялық тұрғыда негізделген бо- луы керек екендігін естен шығармауымыз қажет. Баланың денсаулығы, психикалық процестердің даму деңгейі кіші мектеп жасындағы балаға қажетті деңгейге сәйкес болуы керек. Баланың хронологиялық жасы әрқашан дамудың бұл кезеңінің талаптарына сай бола бермейді, сондықтан мектепке дейін білім беру мамандарына және ата-аналарға
мұны ескеріп, баланы мектепте оқуға уақтылы дайындаулары қажет.
Мектепке дейінгі уақытта әрбір жас кезеңдерінің сипаты семинар және практикалық сабақтардың, өзіндік жұмыстардың міндеті болып табылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет