Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Мектеп жасына дейінгі бала педагогикалық зерттеулер объектісі ретінде



бет29/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектеп жасына дейінгі бала педагогикалық зерттеулер объектісі ретінде


Баланы таным және қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастыру арқылы, біз, әрбір адамға қарағанда бұл ұстаным тұрақсыз екендігін атап көрсетуіміз керек, ол «адам-адам» қатынас жүйесінде ауысып отырады. Біздің әрқайсысымыз әртүрлі ұстанымда болуымыз мүмкін.
«Объект» ұғымын біз абстрактылы мектеп жасына дейінгі балаға қолдандық, олардың анатомиялық-физиологиялық, психологиялық және басқа ерекшеліктері әртүрлі ғылымдардың (психология, анато- мия, физиология, педагогика және т.б.) зерттеу пәні болады.
Балаға субъект ретінде қарау мүмкіндігі, оның қасиеттері мен са- паларын, қабілеттерін мақсатты және бағытты түрде қалыптастырудың тиімділігі педагогтар мен ата-аналардың олардың ерекшеліктерін білуімен, осы жастың мүмкіндіктерімен анықталады.
К. Д. Ушинский: баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін оны барлық жағынан білу керек деп атап көрсетті.
Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесін оңтайландыру, жаңа жүйелер мен технологияларды іздестіру ғылыми-педагогикалық, психологиялық және басқа зерттеулердің үйлестірілуімен анықталады.
Баланы ерте жастан және мектепке дейінгі жастан әртүрлі іс-әрекетте тәрбиелеу, оқыту дамыту проблемаларын зерттегенде зерттеу әдістерінің тұтас бір жүйесі пайдаланылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін естеріңізге түсіріңіздер және атаңыздар.
Мынадай сұрақ туындайды: мектеп жасына дейінгі баланы зерттеу мақсатында зерттеу барысында, педагогтың әртүрлі әдістерді қолдану процесінде бала қандай орын алады? Осы және тақырыпқа байланы- сты басқа да сұрақтарға «Мектепке дейінгі педагогика» курсын оқу барысында жауап береміз.


«Мектеп жасына дейінгі баланы жас ерекшелігіне қарай дамыту сипаттамасы» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс


Жоспар

  1. Жас ерекшелік кезеңдері. Жас ерекшелік кезеңдерін анықтау критерийлері.

  2. Мектепке дейінгі балалық шақтың жас ерекшелік кезеңдері.

  3. Ерте жастағы балалардың жас ерекшелік дамуының жалпы сипаттамасы. Бұл кезеңде балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері.

  4. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дамыту кезеңдерінің сипаттамасы. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет