Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан



бет4/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектепке дейінгі педагогиканың ұғымдық-санаттық аппара- тын анықтау үшін ұғым және санат деген не екендігін еске түсіру керек.
Санаттар - нақтылы бір ғылымның неғұрлым жалпы және іргелі ұғымдары. Басқа бір ғылым үшін осы санаттардың өзі тек қана ұғым болуы мүмкін. Бұл ұғым тұрғысынан қорытудың жоғарырақ деңгейі.
Ұғым - заттар мен құбылыстардың мағыналық қасиеттерін, байла- ныстары мен қатынастарын бейнелейтін ойлау түрі.
Зерттеу пәніне сүйене отырып берілген ғылымның іргелі ұғымдарын (санаттарды) бөліп көрсетуге болады. Ол - тәрбиелеу, оқыту, білім беру. Мектепке дейінгі педагогика тұрғысынан бұлар санаттар болады. Бұлар ең маңызды, жетекші, бұл ғылым үшін неғұрлым жалпы ұғым.
Мектепке дейінгі педагогиканың жетекші ұғымдарының мазмұнын ашайық. Бұл санаттарды әртүрлі ғалымдар әртүрлі әдіснамалық тұрғыдан қарастырғандығын атап өткен маңызды. Соның салдарынан
- көбінесе бір-біріне қайшы келетін көптеген түсініктер орын алды. Әрбір маман бұл ұғымдарды білуі және олардың мазмұнын анықтауда өзінің негізгі көзқарасы болуы тиіс. Ғылымның ұғымдық-санаттық аппаратын меңгеру маманның педагогикалық мәдениетінің қажетті компоненті болып табылады.
«Тәрбиелеу» санаты ғылымда кең мағынада, тар және локальдік мағынада қарастырылады.
Тәрбиелеу (кең мағынада) - бұл аға буынның кіші буынға өмірге және еңбекке дайындығын қамтамасыз ететіндей әлеуметтік тәжірибесін беру процесі.
Тәрбиелеу (тар мағынада) - бұл тәрбиеленушілердің тұлғалық са- паларын, өзіне және қоршаған дүниеге көзқарас жүйесін қалыптастыру үшін мақсатты және бағытты түрде жүргізілетін процесс.
Локальдық мағынада тәрбиелеу - баланың қандай да бір қасиетін, тәртіп әдеттерін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру процесінің теориясы мен әдістемесін қарастырғанда біз тәрбие берудің тар мағынадағы анықтамасына сүйенеміз.
«Оқыту» ұғымының мазмұнын анықтаудың көптеген нұсқалары бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы авторлардың бұл процестің функцияларын, мақсаттарын және нәтижелерін қалай түсінетіндіктеріне байланысты. Мысалы, Ю.К.Бабанский оқыту процесін педагог пен балалардың мақсатты, бағытты, ретті өзгеріп отыратын өзара ықпал әрекеті ретінде ашады, оның барысында оларды тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері шешіледі.
П.И.Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөздігінде оқыту аға буынның өсіп келе жатқан ұрпаққа қоғамдық қатынастар, қоғамдық сана, мәдениет және еңбек өнімділігі, белсенді өзгерістер жөніндегі білім және қоршаған ортаны қорғау тәжірибесін мақсатты, бағытты, ұйымдастырылған түрде беруі деп түсіндіріледі.
И.Я.Лернер оқытуды балалардың әлеуметтік тәжірибе мазмұнының белгілі бір бөлігін меңгеру мақсатындағы педагог пен балалардың мақсатты, бағытты өзара ықпал әрекеті деп түсінеді. Бізге бұл анықтама көбірек көңілге қонымды сияқты, себебі оқыту тек қана білімді, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруді көздемейді, сонымен бірге айнала- мен қарым-қатынас жүйесін, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін меңгеруді де қамтиды.
Білім беру ұғымы ҚР-ның «Білім беру туралы» Заңында жүйелі түрде қарастырылған. Білім беру адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін мемлекет белгілеген білім деңгейін меңгеруде азаматтың қол жеткізген нәтижелерін көрсететін тәрбие мен оқытудың мақсатты және бағытты процесі ретінде қарастырылады.
В.В.Краевский білім беруді адамзаттың қоғам өміріне қатысуға дайындауда тәрбие мен оқыту және адамның, қоғамның, мемлекеттің
мүддесінен тұратын мақсатты түрдегі іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде анықтайды. Ю.К.Бабанский білім беруді оқушылардың ғылыми білім жүйесін, таным білігі мен дағдыларын меңгеру процесі мен оның нәтижесі, соның негізінде дүниеге көзқарас, тұлғаның адамгершілік және басқа да сапаларын қалыптастыру, шығармашылық қуаты мен қабілетін дамыту деп түсінеді.
Бұл мектепке дейінгі педагогика үшін жетекші ұғымдардың анықтамаларының аз ғана бөлігі. Әрбір педагог іргелі кәсіби санат- тарды талдай келе, оның мазмұнын анықтайды және қандай да бір автордың көзқарасын бөлісуге хақысы бар.
Мектепке дейінгі педагогика сөздігінде философия үшін жетекші болатын көптеген басқа ұғымдарды (заңдылық, мәнділік, прин- цип, субъект және т.б.), психология үшін (даму, жеке тұлға, психи- ка, эмоционалдық ахуал, ойлау және т.б.), тәнтану үшін (ми, қаңқа, бұлшық ет тонусы, физиологиялық ерекшеліктер және т.б.) және т.с.с түсіндіреді. Мектепке дейінгі педагогика адамды, қоғамды барлық қырынан зерттейтін ғылымдардың тілін пайдаланады. Оның тілі бай, жан-жақты, бұл мектепке дейінгі педагогика пәнін жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде сипаттайтын үшінші элемент – зерттеу әдістері. Бұл әдістердің көмегімен педагогикалық практиканы оқып-үйрену және қорыту, өз бетімен ғылыми зерттеулер жүргізу жүзеге асырылады. Оларға: әдебиетті оқу және талдау, экспе- римент, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, интервью, байқау, тәуелсіз мінездемелер беру, педагогикалық құжаттарды, балалардың іс-әрекет нәтижелерін талдау және т.б. жатады. Бұл мәселені толығымен алды- мызда арнайы тақырыпта қарастырамыз.
Ғылымның пәнін айқындап, мектепке дейінгі педагогиканың негізгі санаттарын анықтағаннан кейін оның функциялары мен міндеттерін ашуға көшеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет