Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан



бет84/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Екінші кіші топта бала рөлді меңгеруге қабілетті. Рөлдік болмысы рөлдегі еліктеушіліктен рөлді саналы түрде ойнау диапазонына дейін, әртүрлі байланыстар мен қатынастарды оған қосқанға дейін қамтиды. Рөлдік болмысты меңгеру өзіне ойын ролін алуынан және оны серіктесіне беруінен тұрады. Рөлді меңгеру шартты заттық амалдарды орындау, рөлдік диалог орнату, ойын барысында серіктесінің роліне қарай рөлдік болмысты өзгерту, іске қосылған сюжетке байланысты ойын ролін өзгерту білігінен тұрады. Бұл білік біртіндеп қалыптасады. 4 жастағы бала үшін ойын ролін алу мен белгілеуді білу, серіктес- ойыншыққа бағытталған ойын амалдарын орындау, қос рөлдік өзара әрекетті орындау, құрбысымен қарапайым рөлдік диалог жүргізу
жеткілікті.
Педагогтың міндеті – олармен бірге ойынды барлық назар рөлдік болмыста болатындай етіп құру керек. Баланың ойыншықпен істеген амалдарын серіктес-үлкенмен өзара әрекеттестікке аудару маңызды. Бала үлкен бастаған рөлдік диалогқа түседі, әртүрлі рөлдерді орындау және дамыту тәжірибесін алады. Тәуелсіз (құрылысшы, жүргізуші, кос- монавт, өрт сөндіруші) және өзара бірін-бірі толықтыратын (дәрігер, медбике, ауру) рөлдер анықталады. Рөлдік болмысты қалыптастыру үшін педагог балаларға түсінікті өзара бірін-бірі толықтыратын рөлдерді пайдаланып, балалармен ойынды бастайды. Қосақ бірін-бірі толықтыратын рөлдер балаларды сюжетті іске қосу үшін рөлдік диалог құру қажеттілігіне тап қылады. Басында серіктестік қосағында жетекші рөлді педагог орындайды, ал кейін ол басқа балаға жол береді және балаларды біріне-бірін бағыттайды. Рөлдер әртүрлі жоспарланады – ең қарапайымнан (ана - қыз) кез келген әлеуметтік рөлге және ертегі кейіпкерлеріне дейін. Ойынды бала бастауы мүмкін, педагог баланың не істейтінін «табады», ойынға кіріседі, соның ішінде әрекет жасайды, баланың жеке мүддесіне сүйене отырып сыпайы түрде рөлдік әрекеттері орындайды. Өз ролі тұрғысынан педагог сұрақтарымен және ой таста- уымен баланың сөзін белсенділендіреді. Басты назар диалогта болу
үшін ойында ойыншық барынша аз пайдаланылады. Педагог сөйлеу жағдаяттарын ойында «телефонмен сөйлесу» типінде беруіне болады, онда тәрбиеші диалогқа қатысады және жауаптардың мазмұнын айтып бере алады. Сол сияқты «Бауырсақ», «Шалқан» сияқты белгілі ертегілер бойынша ойын-импровизацияларды тиімді пайдалануға болады.
Сонымен, тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, балалардың рөлдік болмысқа кіруіне тікелей араласады. Ол үшін қос рөлді байланыстар мен рөлдік диалогтың сюжеттері пайдаланылады. Баланың рөлдік бол- мысы серіктесіне бағдарланады (алдымен үлкенге, ал кейін құрбысына). Орта топ. Тәрбиешінің бұл кезеңдегі міндеті – балаларды ойын-
да неғұрлым күрделі рөлдік болмысқа көшіру, серіктестерінің әртүрлі рөлдеріне сәйкес өзінің рөлдік болмысын өзгерту білігін қалыптастыру, ойын ролін ауыстыру және ойын барысында серіктесінің жаңа ролін белгілеу.
Бұл тәрбиеші екі шартты орындаған жағдайда мүмкін болады: басқалармен белгілі бір рөлдік құрылымы бар көп кейіпкерлі сюжеттерді пайдалану: рөлдің санының ойыншылардың санымен бірдей болуынан бас тарту, сюжеттегі кейіпкерлердің саны ойыншылырдың санынан артық болуы тиіс.
Жас ерекшелігі бар топтарда ойынды дамыту практикасында пе- дагог ойынның кез келген тақырыбын рөлдердің «бұтасы» түрінде келтіреді, онда бір негізгі (капитан) және мағынасына қарай бірнеше серіктестер (жолаушы, матрос, сүңгуші) болады. Осылай рөлдерде тақырып ашылады (пароходпен жүру). Бұл жағдайда сюжет біртіндеп ашылады: негізгі және әрбір қосымша кезекпен (капитан және ма- трос, капитан және жолаушы, капитан және сүңгуші). Негізгі рөл оны орындаушы бала үшін әртүрлі байланыстарда өрбиді. Балалармен ойнағанда рөлдік өзара қарым-қатынас тәжірибесін алу үшін әркімге негізгі және қосымша рөлдерді де ойнауға мүмкіндік беру маңызды. Ойында балалар ойын барысында рөлдерін ауыстыруды, ерекеттерінің типін және өзара қатынас жасауды үйрену үшін жоспарланатын рөлдер ойынға қатысатындардың санынын артық болуы керек. Сюжет алдын ала жасалмауы тиіс, ол ойын барысында өрбиді. 5 жасқа қарай 2-3 қосымша рөл жеткілікті (сатушы – негізгі; қосымша – сатып алушы, дүкен директоры, азық-түлік таситын жүргізуші). Ойын үшін ертегілер сюжеттерін пайдалануға болады, онда басты кейіпкер біртіндеп ертегі кейіпкерлерінің әрқайсысымен кездеседі (Золушка – өгей шеше, фея, ханзада). Ойын аяғына қарай екінші рөлді негізгі сияқты енгізуге бола- ды. Бірдей кейіпкерлердің қатынастары рөлдердің байланыстары мен
арақатынастарын нақты көру әрбір баланың тәжірибесін молайтады.
Педагог ойынның сюжеттік-рөлдік ойынды дамытудың бұл кезеңінде көптеген балалармен рөлдік қатынасқа түседі, рөлдік диа- логты белсенділендіреді, балаларды бір-бірімен рөлдік қатынасқа
«енгізеді». Ойын еркін импровизациялық сипатта болады. Тәрбиешінің әрбір баламен және кіші топтармен ойыны икемді рөлдік болмыс пен рөлді ауыстыруға себепші болады, балалардың өздігінен ойнаулары- на әжептәуір сілкініс береді. Ойында бала құрбыластарымен келісімді әрекеттер жасап қана қоймайды, ойлап тапқан серіктесімен, серіктес- ойыншығымен рөлдік диалогты модельдейді. Балалар айқындалған ойын рөлдерін кеңінен және шығармашылықпен пайдаланады, ойыншықтармен, заттармен-ауыстырушылармен шартты амалдар орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет