Педагогикалық ағарту жұмыстарының ақпараттық-ағартушылық аспектісі мектепке дейінгі ересек және кіші жаста мұғалімдер мен тәрбиешілерді білімберу процесі міндеттеріментаныстыруды; білімберу
бағдарламаларының мазмұнын зерттеуді; бұл жастағы топтардағы бала- ларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту ерекшеліктерін зерттеуді қарастырады. Серіктестік түрі – біріккен педагогикалық кеңестер, семинар-практи- кумдар, балаларды дамыту, мектепке бейімдеу қиындықтары, мектепке дайын болудың диагностика әдістері мәселелері жөнінде лекциялар.
Әдістемелік аспект мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш мектептегі білім беру ісінің түрлерімен және әдістерімен бір-біріне та- ныстыру, негізгі оқу пәндері бойынша сабақтарды ұйымдастырудың түрлері, әдістері, құралдарының арасында сабақтастық орнату. Серіктестік түрлері – мектепке дейінгі мекемедегі және бастауыш мектептегі сабақтарға өзара қатысу, талдау, талқылау; дербес әдістемелер бойынша семинар-практикумдарға қатысу; озат педагогикалық тәжірибемен бөлісу; оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, түрлері, әдістері мен құралдарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге нақты ұсыныстар жасау жөніндегі әдістемелік мәжілістер өткізу.
Практикалық аспект, бір жағынан, мұғалімдердің мектепке дейінгі мекемедегі өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала таны- суында, екінші жағынан – бірінші сыныпта оларды оқыту процесінде тәрбиешілердің өз бітірушілеріне бас-көз болуында көрініс таба- ды. Бұл мұғалімге өз тәрбиеленушілерін – олардың мінез-құлық, іс- әрекет ерекшеліктерін ертерек білуіне мүмкіндік береді – ол бірінші сыныпта педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажет болады. Тәрбиешілер мектепте балаларға барғанда олардың бейімделу процесін, оқуы мен тәрбиесіндегі жақсы және жағымсыз жақтарын көре ала- ды. Бұл мектепке балаларды дайындау процесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерді айқындауға көмектеседі, өзінің педагогикалық жұмысына тиісті түзетулер енгізуіне мүмкіндік береді. Серіктестік түрі
– өзара қатысу.
Жүйелі өзара байланысты жүргізілген педагогикалық жұмыс пен бейімделу нәтижелері бойынша мектепке дейінгі мекеме маман- дары мен мұғалімдердің педагогикалық мәжілісі өткізіледі, оның қорытындысында мектепке дайындау процесін жетілдіру, «балабақша
- бастауыш мектеп» жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету және психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және мектепке дайындауда сабақтастықтың басқа да жағдайларын жасау жөнінде практикалық ұсыныстар қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |