Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


ТАРАУ ДАМЫТУШЫ ОРТА ЖӘНЕ ОНЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ЖОБАЛАУ Жоспар



бет100/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

ТАРАУ


ДАМЫТУШЫ ОРТА ЖӘНЕ ОНЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ЖОБАЛАУ


Жоспар





    1. «Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы» ұғымдарының мазмұны.

    2. Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс- әрекетінде ортаның маңызы.

    3. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дамытушы ортаның негізгі сипаттары.

    4. Дамытушы ортаны жобалау. Мектеп жасына дейінгі бала үшін оны құру принциптері.

    5. Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы ортаны құрудың зама- науи тұжырымдамалары.

    6. Шетелдерде мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды да- мыту ортасын жобалау.

    1. «Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы» ұғымдарының мазмұны


Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру мектеп- ке дейінгі мекемеде мектепке дейінгі балалық шақ түсінігі адамның өмірінің негізін қалаушы және басты кезеңі ретінде байланыстырылады; қарым-қатынасты гуманизациялау жүйесі «бала-қоршаған әлем»; білім беруді мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық даму жағдайларын қамтамасыз етуге бағдарлау, олардың бұл сатыда жеке тәжірибе алуы.


Мектепке дейін білім беруге әлеуметтік сұраныс пен жүйенің бүгінгі жайының арасындағы, мектепке дейінгі мекемедегі қазіргі жағдай мен ол жөніндегі балалардың, педагогтар мен ата-аналардың идеалды түсінігінің арасындағы қайшылықтар мамандарды балалар- ды әртүрлі іс-әрекет субъектісі ретінде дамытуға жетектейтін мектеп- ке дейін білім беруді жүзеге асыру технологияларын іздестіруге себеп болды.
Бұл ізденістер контекстіндегі маңызды аспект мектепке дейінгі ме- кемеде, жанұяда, бүтін социумда баланы дамыту ортасын оңтайландыру проблемасын шешу болып табылады. Баланы дамытуға әжептәуір
деңгейде тұқым уалаушылық, орта, тәрбие және басқа да факторлар әсер етеді. Дегенмен бала өмірінің алғашқы күнінен бастап қоршаған ортасы ынталандырады, тежейді немесе физикалық, психикалық, әлеуметтік, тұлғалық дамуы бейжай дәрежеде болады.
Психологтардың (Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн және т.б.) деректерінше, орта адам дамуының күшті факторы болып табылады, адамды қоршаған кеңістік, индивидтің да- муы мен ісінің тікелей белсенділік аймағы деп қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық сөздік ортаға мынадай анықтама береді: «Орта – адамды қоршап тұрған және онымен организм мен тұлға ретінде өзара ықпалдастықта болатын жағдайлардың жиы- ны». Орта ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қоршаған орта – адам- ды қоршап тұрған ортаның түрі, ол физикалық және әлеуметтік болып бөлінеді. Ішкі орта организмнің күйімен анықталады және организмнің, жеке тұлғаның түрлі жүйелерінің өзара тәуелділігінде көрінеді. П. И. Пидкасистый, тұлғаның ортамен өзара әрекетінде оның өзгерістері ортаның өзгерістеріне тәуелді екендігін, тәрбие процесінде ескеруді та- лап ететіндей қайшылықтар туғызатынын атап көрсеткен.
Дамытушы орта дегеніміз не? Осы ұғымның мазмұнын ашайық. В. А. Петровскийдің анықтамасы бойынша дамытушы орта – ар-
найы ұйымдастырылған баланың өздігінен білім алуына және дамуына жағымды әсер етуге қабілетті баланы қоршаған кеңістік.
М. Н. Полякова дамытушы орта – табиғи, өте жайлы, ыңғайлы, тиімді ұйымдастырылған, әртүрлі сенсорлық қоздырғыш және ойын материалдарымен толтырылған жағдай деп көрсетеді.
«Дамытушы заттық орта, - деп көрсетеді С. Л. Новоселова, - бұл баланың рухани және физикалық бейнесінің даму мазмұнын функционалды модельдейтін іс-әрекетінің материалдық объектілер жүйесі. Байытылған орта баланың түрлі іс-әрекетін қамтамасыз етудің әлеуметтік және табиғи құралдарының бірлігін көздейді». Бұл ортаның негізгі элементтеріне С. Л. Новоселова архитектуралық-ландшафтық және табиғи-экологиялық объектілерді; көркемдік студияларды, ойын, спорттық алаңдарды және олардың жабдықтарын; ірі габаритті, баланың бойына сай конструкторларды; ойыншықтардың тақырыптық жиынтықтарын, құралдарды; оқыту мен тәрбиелеудің аудиовизуалдық және ақпараттық құралдарын жатқызды.
Р. Б. Стеркина баланы дамыту ортасын материалдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, эргономикалық (эргономи- ка – адам іс-әрекетін затта жобалауды қамтамасыз ететін және және
оның функционалдық қасиеттері туралы ғылым) кешені ретінде қарастырады; эргономиканың деректерінің негізінде мектепке дейін білім беру мекемесінде балалар мен үлкендердің өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды дизайнерлік жобалау жүзеге асырылады. Айтылған жағдайлар адамның өмірлік сұранысын қанағаттандыруға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Одан басқа олар рухани және әлеуметтік сұраныстарына – танымдық, эстетикалық, жал- пы мәдениеттік, басқа адамдармен қарым-қатынастағы сұраныстарына бағдарланған.
В. А. Ясвин, баланың оқуы мен дамуына ортаның әсерін тал- дай келе, «білім беру ортасы» ұғымына осы біз айтқан пікірге ұқсас түсінікке келеді. Ол: «Білім беру ортасы – бұл тұлғаның берілген үлгі бойынша қалыптасуына әсер мен жағдайлар, сол сияқты оның дамуы үшін әлеуметтік және кеңістіктік заттық ортада болатын мүмкіндіктер жүйесі» деп жазды. Бұл анықтама «дамытушы орта» ұғымымен мөлшерлес келеді. Бірақ тұлғаның әлеуметтік берілген «үлгі бойын- ша» даму мағынасы көбінесе бұл ортаға енген субъектінің өзіндік даму мағынасының айырмашылықтарын жояды. Дамытушы ортаның мағынасы оның баланың іс-әрекетін ынталандыруда, белсенділендіруде тұлғаға заттардың, ойыншықтардың, жағдайдың және т.б. қосалқы әсерінде. Бұл ортаның мақсаты (динамикалық, белсенді, тәрбиелеуші, үйретуші) – баланы өзіне тән іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамы- ту, айналасындағы адамдармен және айналаны танып білу үшін өзін қоршап тұрған заттар әлемімен өзара ықпалдастық субъектісі ретінде дамыту. Ол әсердің тура, «көзге ұрып тұрған» пайдасын бермейді, жағдай жасау арқылы түрлі іс-әрекетті жеделдендіреді. Бұл мектепке дейінгі баланың физикалық, психикалық және тұлғалық дамуы үшін басты шарт болып табылады. П. Ф. Лесгафтың зерттеулері ортаның баланың жеке ерекшеліктеріне қарай генетикалық көрсеткіштерін реттейтін іргелі жүйелі фактор ретінде жүретіндігін көрсетті.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді белсенділендіру білім
беру мекемелері мен жанұяда дамытушы орта құрудың теориясы мен практикасы саласында 20 ғасырдың 60-шы жылдарымен байланысты. Әрине, неғұрлым ертерек кезеңде оқытуды, тәрбиелеуді және дамыту- ды оңтайландыру жағдайларын негіздейтіндей мектепке дейінгі педа- гогикада зерттеулер болған жоқ деу қате болар еді (К. Д. Ушинский, Е. И. Тихеева, Е. И. Флерина, Е. В. Водовозова, Н. К. Крупская, А. В. Запорожец, А. П. Усова).
«Заттық-дамытушы орта» термині педагогтардың сөздігінде 20 ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болды, бірақ зерттеу проблемала- ры аясында одан әлдеқайда ертеректеу жүргізіле бастады. 1960 жылы мектепке дейін тәрбие беру ҒЗИ-ты ашылды, 1968 жылы осында дидактикалық құралдар, ерте жастағы балаларға (С. Л. Новоселова) және мектепке дейінгі балаларға (Н. Н. Поддьяков) арналған ойыншықтар жүйесі жасалады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойыншықтарды, мебельдерді жобалау жұмысы 1970 жылдарда мек- тепке дейінгі тәрбие ҒЗИ-ты мен БОҒЗИ-мен, МВХПУ-дың мебель кафедрасымен және т.б. бірігіп жалғастырылды. Дамытушы ортаның көрнекті компоненттерімен қатар оны отбасы мен мектепке дейінгі мекемелерде қалыптастырудың жаңа принциптері жасалды (Н. Н. Поддьяков, Л. А. Парамонова, С. Л. Новоселова, Н. Т. Гринявичене, Е. В. Зворыгина). 1980-ші жылдардың екінші жартысында «Компьютерлік ойын кешенінің» тұжырымдамасы мен жүйесі құрылды. Мектепке дейін білім беру практикасына енген жаңа ақпараттық технологиялар бұл жастағы балалардың мүмкіндіктері мен сұраныстарын зерттеуге назар аударуды, дамытушы жүйе ретінде заттық орта құрудың нұсқаларын іздестіру қажеттілігіне алып келді.
Еуропалық Батыста, Т. В. Фуряеваның деректері бойынша, заттық- дамытушы орта құрудың жаңа нұсқаларын іздестіру 20 ғасырдың 70-80 жылдарына келеді. Бірінші іздестіру моделі профессорлар Х. Эрлер және Л. Эрлердің инициативасымен құрылған «Иесвекан» экс- перименталды балабақшасы болды. Ол кәсіптік білім алатын студент- тер үшін педагогикалық шеберхана ретінде құрылды. Осы мекемеде жасалған топтарды құру және балалар үшін басқа да орындарды жасау жөніндегі көптеген жаңалықтар Германияның және басқа да Европа елдерінің балабақшаларының практикасында қолданыс тапты. 1980-ші жылдардың ортасында ғалымдар, профессорлар В. Мальке, Н. Шварте балабақшасын барынша кеңінен жабдықтау тұжырымдамасын жаса- ды. Бүгінде дамытушы ортаны жобалағанда батыс мамандары мына- дай идеядан бастау алады: балабақша – балалардың өмірлік кеңістігі, онда аз топтарда ойын үшін жағдай жасауды, күн тәртібінде қозғалыс белсенділігін арттыруды, белсенді жағымды-эмоционалдық көңіл-күй жасауды қамтамасыз ету қажет.
Мектепке дейін білім берудегі заманауи жағдаяттар мамандардың мектепке дейінгі жаста баланы дамыту ортасын құрудың маңыздылығын жеткілікті түрде түсінуімен сипатталады, оны ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен принциптері анықталған (О. Артамонова, С. Л. Новоселова,
В. А. Петровский, Н. Н. Поддьяков, М. Н. Полякова және т.б.). 20 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында дамытушы заттық ортаның тұжырымдамасы жасалды, ол оны жасаудың маңыздылығын және мек- тепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі жас кезеңдері үшін жобалау мүмкіндіктерін негіздеді. Бұл бағыттағы ғылыми ұсыныстар мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жанұя және тұлғаны әлеуметтендірудің басқа да институттары жағдайында бұл проблеманың практикалық шешу жолдарын іздестіруді өзекті мәселе етіп қойды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда заттық ортаның маңыздылығын көрсетейік, сол сияқты әртүрлі авторлардың анықтаған қажетті сипаттамалары мен принциптеріне тоқталайық.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет