Шетелдерде мектепке дейінгі мекемелерді жобалау (көбінесе европалық мектепке дейінгі білім беру қарастырылады) баланы қорғаушы, сақтандырушы, дамытушы және динамикалық орта жасауға бағдарланған. Дамытушы орта құруда шетел тұжырымдамасы аясын- да қоғамдық орын архитектурасы әрбір тәрбиеленушінің әлеуметтік және дара дамуын жеделдетуі керек. Ол үшін табиғи және жасан- ды элементтерді біріктіру қажет, бірдей дизайн мен стильден, үш масштабты пәндік орта құру қажеттілігі жөнінде көбінде қазақстан
тұжырымдамасымен үндес арнайы балалар әлемін құрудан бас тар- ту керек. Дегенмен қазақстандық педагогикада ортаның бірыңғай жүйеқұрушы діңгегіне, стиліне, көркемдік шешіміне бағыну қажеттігі көрсетіледі. Дамытушы кеңістік құру бірқатар принциптер мен та- лаптарды ескере отырып ғылыми негізделген тұжырымдама негізінде жүзеге асырылады. Шетел педагогикасында дамытушы орта құру тұжырымдамасы қандай?
Бізге қажетті тұжырымдаманың негізін құрайтын жеткілікті мөлшерде Т. В. Фуряева терең жазып суреттеген мектепке дейінгі балалық шақ ортасының қажетті және функционалдық сипаттамасын негіздеуі. Тұжырымдаманың негізін құрайтын пункттеріне тоқталайық. Топтық бөлме кеңістігін құрастыру дегеніміз - оны акустикалық және оптикалық тұрғыды бірінен бірі бөлек аумақтарға бөлу. Ол үшін жыл- жымалы керегелер, мебель, өсімдіктер, жалюзи, маталар пайдаланы- луы мүмкін. Құрылымдық безендіруге тік жазықтықтар да жатады: биіктіктер, баспалдақтар, галереялар. Балалар іс-әрекеті аясына негізгі топ бөлмесіне тиісті барлық орындар (гардеробтар, фойе, холл, көмекші орындар) қамтылады.
Үлкендер балаларды арнайы бөлмелерде ғана емес, топта да бо- латын түрлі деңгейдегі жабдықтар, турниктер, конструкциялар арқылы олардың барынша қозғалыс жасауын қамтамасыз етуі тиіс. Қолда бар қозғалмалы иілгіш элементтермен қоса балаларға бөлмені өз талғамдарымен безендіру және өзгерту құрылымын жасауға мүмкіндік берген жөн болады (қорапшалардан, картоннан құрылыс салу). Үлкендер балалардың жасаған керегеге, матаға, орамалға, жамылғышқа, теріге және т.с.с. бекітілетін ілгегі бар, палаталық типтегі конструкцияларын мақтаған дұрыс болады. Балалар топта болып жатқан жағдайды байқай алуы үшін жабатын матаның жартылай көрініп тұратын болғаны жөн. Палаталық типтегі құрылыстарда зерттеу, эксперимент жасау (радио- және электр жабдықтарымен), табиғи, лақтыру материалдарымен ойын, онда коллекциялар жинау (түймелер, тастар, ракушкалар және т.б.) қарастырылуы мүмкін.
Ойын аумағын жасағанда оның міндеттерін анықтауда жасандылыққа жол бермеу керек (мысалы, ас дайындайтын ойын бөлмесінде балалар үлкендердің басшылығымен ас үй заттары- мен жұмыс істеуді үйренеді, тамақ ішу мәдениетіне дағдыланады, қарапайым салаттар дайындауы мүмкін).
Топта қол өнеріне, сурет салуға арналған орын болуы керек (жабы- стыру, сурет салу, музыкалық өнерге және т.с.с.).
Арнайы бұрыштардан басқа топтық орындарда барлық бала- лар үшін еркін қолжетімді көпфункционалды аумақ қарастырылуы керек. Бұл орын тыныш жерде орналасуы тиіс, отыратын орындар- мен жабдықталған, оқу, байқау, эксперимент жасау материалдарымен қамтамасыз етілген болуы керек. Ол топтың барлық балаларының ара- ласуы үшін: оқу, айтып беру, келіспеушіліктерді шешу, жоспарларды талқылау және басқа да бірге істейтін жұмыстар үшін қажет. Оның қасына қуыршақтармен ойнайтын бұрышты орналастыру ұсынылады. Топтық бөлменің ортасында міндетті түрде мебельмен толтырылып қоймаған балалар еркін қозғала алатындай кеңістік қалдырылуы тиіс.
Соңғы кезде балабақшасы практикасында көпдеңгейлі (екі- және үшқабатты) аумақ жасау үрдісі орын алды.
Моторлық функцияларды дамытудан басқа барлық заттық- кеңістіктік орта бала қиялын, елестетуін оятуға, тосын оқиға атмосфе- расын құруға (жасырын бұрыштар, қараңғы туннель, үңгір және т.с.с.) бағытталған болуы керек.
Балабақшасын жабдықтаудың заманауи тұжырымдамасында топ бір бөлме емес, бас және көмекші бөлмелерді, жуынатын бөлмелерді, туалетті, заттарды сақтайтын бөлмені және кіреберісті қамтитын белгілі бір бірлік ретінде қарастырылады. Қосалқы және ойын материалдарын сақтау бөлмесі балалар ұқыптылықпен қараған жағдайда балалардың қарамағында болуы да мүмкін. Киім шешетін орынның, оның ішінің, керегесінің, еденінің пайдалану мүмкіндіктеріне мұқият қараған жөн.
Жуынатын бөлмеге ерекше назар аударған жөн, оны сумен ойнау үшін және эксперимент жасау үшін, су бұрышын жасау үшін (су асты ұлуы, өсімдіктері, ракушкалары бар бақша) пайдалануға болады.
Орындарды, интерьерді, декорацияларды, өсімдіктердің орналасу- ын, терезелерді жарықпен, түрлі түстермен, акустикалық безендіруді ойластыру ұсынылады. Жайлы және ертегідей жағдай туғызу үшін түрлі түсті әйнекті пайдалануға болады. Жарықтандырудың бірнеше режимі болуы тиіс: толық, жартылай қараңғылау. Түс гаммасын таңдағанда көзге ұрып тұратын түстерден аулақ болу керек. Топтың кеңістігін шамадан тыс толтырмау маңызды, оның басты заттары бала- лар шығармашылығының өнімі болуы тиіс.
Балалардың мазасыздануы мен жайсыздығын болдырмау үшін материалдарды көп мөлшерде пайдалануға болмайды. Заманауи ин- терьер мен табиғат әлемін біріктіру балаларда үйлесімді, жайлылық, қорғалғандық сезім ұялатады.
Қарапайымдылық, шынайылық, нанымдылық балалар өмірінің
205
14–7463
ортасын кеңістіктік-заттық тұтастығын қалыптастырудың бастапқы принциптері ретінде қарастырылады.
Маңыздысы көшеде алаң жабдықтау болып табылады. Алаңда міндетті түрде мыналар болуы тиіс: су, жылға, құм, от жағатын орын, өрмелейтін ағаш, тікенсіз және улы емес бұталар, негізгі қозғалыс түрлері үшін жабдықтар (лабиринт, төбешік, тумбалар, турниктер, аспа- лы канаттар, байқау мұнаралары). Бормен сурет салу үшін міндетті түрде асфальтпен жабылған орын болуы керек. Құрастыру үшін ірі табиғи материал болғаны жөн (ағаш кесінділері), қораптар, шиндар. Алаңды безендірудің басты мағынасы – түрлі іс-әрекетті белсенділендіру, балалардың қиялы мен шығармашылдығын, физикалық дамуын ояту.
Тұжырымдаманың ең басты қағидасы бала мен үлкендер әлемінің серіктестігін дамытуға ұсыным беру. Кіреберіс, холл, гардеробтық орындар, айналаны жабдықтау қарқынды түрде ата-аналардың мекеме- де көбірек болуына, қызметкерлермен, басқа да ата-аналармен қарым- қатынас жасауына әсер етуі тиіс.
Сонымен, шетелдерде мектепке дейінгі мекемелердің дамытушы ортасын жобалау проблемасын қарастыра келе, бұл процесті әртүрлі деңгейдегі мамандар (инженерлер, архитекторлар, дизайнерлер, пе- дагогтар) жүзеге асырады және әбден құрылған, ғылыми негізделген тұжырымдамаға негізделетіндігін атап өтеміз. Мектепке дейінгі балалық шақтың заттық ортасын жобалау мәселелері ары қарай зерттеуді қажет етеді, оны теория мен практикада тұрғыда құрудың жаңа нұсқаларын іздестіру жүзеге асырылып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |