Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ Жоспар



бет14/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

ТАРАУ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ


Жоспар





    1. Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны.

    2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу логикасы.

    3. Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері.



    1. Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны


Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланылатын әдістерді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының логикасы туралы айту үшін тақырыптың негізгі ұғымдарын ашу қажет.


Ғылым жаңа фактілермен, жаңа біліммен толықтырылған жағдайда ғана дамиды. Оларды жинақтау және жан-жақты түсіндіру үшін, деп көрсетеді В. А. Сластенин, зерттеудің ғылыми негізделген процеду- расы мен әдістерін түсіну қажет. Ғылыми негізделгендігі әдіснама арқылы жүзеге асады.
Әдіснама - ғылыми-таным іс-әрекетін құрудың принциптері, түрлері және тәсілдері туралы ілім. Ғылымның әдіснамасы зерттеу компоненттерін - оның нысанын, пәнін, мақсаты мен міндеттерін, оларды шешудің қажетті зерттеу құралдарын анықтайды, зерттеу міндеттерін шешу процесінде оның барысының ретін қалыптастырады. Сонымен, педагогикадағы әдіснама (мектепке дейінгі педагогика- да) шынайы өмірді педагогикалық тану және өзгертудің теориялық ережелерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогика саласындағы зерттеу дегеніміз (мектепке дейінгі пе- дагогиканы) - жаңа білім алуға негізделген білім беру заңдылықтары, олардың құрылымы және тетіктері, мазмұны, принциптері мен тех- нологиялары туралы ғылыми қызмет процесі және нәтижесі (В. А. Сластенин, Е. Н. Шиянов). Педагогикалық зерттеулер педагогикалық қызмет фактілері мен құбылыстарын суреттейді, түсіндіреді, болжам қояды.
Өзінің бағытына қарай олар:

  • фундаменталды - олардың нәтижесі қорытынды тұжырым-дама, ол педагогиканың теориялық және практикалық барысын қорытады немесе педагогикалық жүйені дамытудың моделін ұсынады;

- қолданбалы - олар педагогикалық процестің жекелеген жақтарын терең зерттеуге, педагогикалық практиканың заңдылықтарын ашуға бағытталған; оның нәтижесі белгілі теориялық қағидаларды ескере отырып нақты ғылыми-практикалық ұсыныстарды жасап негіздеу бо- лып табылады.
Мектепке дейінгі педагогика және білім беру саласындағы педагогикалық зерттеулердің сапасының негізгі критерийлері: өзектілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің бұл критерийлерге сәйкестік дәрежесін оның маңыздылығы мен сапалық деңгейі анықтайды.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер белгілі бір логика бойынша жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет