Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Тәжірибелік-эксперименттік



бет18/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсатын, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін анықтайды; мектепке дейін білім беру практикасындағы проблемаларды тал- дайды және теориялық және практикалық талдау негізінде пробле-
маны шешудің өзіндік нұсқасын құрады. Зерттеуші тәжірибелік- эксперименттік апробациялауға жататын педагогикалық ақикатты жетілдіру жөнінде жүйеленген ұсыныстар кешенін жасайды
Зерттеушінің тәжірибелік-эксперименттік қызметі бірнеше кезеңнен тұрады.
А) Айқындаушы кезең. Зерттеуші проблеманы практикалық тал- дау үшін, зерттеу проблемасы аясында педагогикалық практиканың жәйін бағалау үшін зерттеудің педагогикалық әдістерін таңдайды және пайдаланады. Білім берудегі практикалық жағдайларды тал- дау нәтижелері зерттеушіні бар қиыншылықтарды, педагогикалық қызметтегі шешілмеген мәселелерді талдауға алып келеді. Тәжірибелік- эксперименттік жұмыстың айқындаушы кезеңі нақты педагогикалық практикадағы зерттелетін проблеманың анықталған «оң» және «теріс» жақтарын жан-жақты талдаумен аяқталып қорытындыланады.
Ә) Қалыптастырушы кезең. Теориялық талдау мен айқындаушы эксперимент нәтижелері негізінде зерттеуші анықталған проблемалар- ды шешудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Ғылыми-зерттеу жұмысының түрі зерттеуді ары қарай жалғастырудың көлемдік және күрделілік дәрежесін анықтайды.
Бұл кезеңде педагогикалық процестің зерттелетін жақтарын жетілдіру жөнінде жүйеленген ұсыныстар кешені жасалады, олар ары қарай өңделеді және зерттеу аясында тәжірибелік-эксперименттік тек- серуге беріледі. Зерттеуде педагогикалық процестің өзінің немесе оның бөліктерінің ішінде заңдылықтар, принциптер, ұйымдастыру шарттары анықталуы мүмкін; модель құру, тәлімгерлердің тұлғалық қасиеттерін, қабілетін, білігін қалыптастыру жүйесін жасау; педагогикалық процесті оңтайландыру жөнінде мамандарға, ата-аналарға жүйелі ұсыныстар жа- сау. Авторларға анықталған педагогикалық проблеманы шешуге көмек болатындай материалдар ұсынылады. Қалыптастырушы эксперимент нақты және жүйелі түрде жазылады, өйткені бұл ұсыныспен кез келген басқа эксперимент жүргізушілер пайдаланады деп есептеледі
Қалыптастырушы эксперимент барысында зерттеушіге «қалай?» деген сұраққа жауап беру қажет (дамыту, тәрбиелеу, оқыту, орнын тол- тыру, түзету, басқару және т.с.с.). Жауап ретінде сабақтар жүйесі, да- мытушы жаттығулар, шарттар кешені (педагогикалық, психологиялық, ұйымдастыру) оқыту бағдарламалары, қандай да бір тұлғалық қасиеттерді, білікті, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу бағдарламалары және т.б. дидактикалық құралдардың авторлық жүйесі, қажетті білікті, қабілетті қалыптастыру жүйесі бола алады. Осы бағдарлама ғана (жүйе,
әдістеме, шарттар кешені және т.б.) тәжірибелік тексеруді қажет ететін зерттеудің эксперименталдық факторы бола алады. Ол бұл факторды мектепке дейінгі мекемелердің, мектептің, арнайы орта білім беретін оқу орындарының, жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне енгізу жолымен (екі-үш бақылау жұмыстарын алу арқылы) жүзеге асы- рады.
«1-бақылау» эксперименттік факторды енгізер алдында жүргізіледі.
«2-бақылау» енгізу процесі кезінде, «3-бақылау» - тәжірибелік- эксперименттік жұмыс аяқталғанда жүргізіледі. Эксперименттік факторды енгізгенде және «бақылауды» жүргізгенде бақылау және эксперименттік топтарды таңдап алу маңызды. Эксперименттік топта зерттеуші ұсынған эксперименттік фактор енгізіледі. Бақылау тобында эксперименттік фактор енгізілмейді. Екі топтағы «бақылау» нәтижелері жасалған бағдарламаның (технологияның, жүйенің) тиімділік өлшемі болады. Эксперименттік топ пен бақылау тобы негізгі көрсеткіштері жағынан (сандық құрамы, жасы, квалификациясы, даму деңгейі және т.б.) бірдей болуы тиіс. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс басталардың алдында оның барысы мен нәтижелерін диагностикалау әдісі таңдалады, жаңаны енгізудің жағымды және жағымсыз жақтары болжанады, диагностикалық материалдар дайындалады.
Мысалы, эксперименттік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу процесін нақты мысалмен қарастырайық. Зерттеуші эксперименттік фактор ретінде ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың коммуникативтік білігін дамыту бағдарламасын ұсынды. Бұл жағдайда ол:

  • эксперимент бағдарламасын құрады, яғни оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру және жүргізу әдістерін анықтайды;

  • мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың коммуни-кативтік білігінің қаншалықты дамығандығын диагностикалау әдістерін таңдайды, диагностикалық материал дайындайды, балалардың коммуникативтік білігінің дамуын, енгізудің мүмкін болатын жағымсыз салдарларын, эксперимент барысын түзету тәсілдерін болжайды (сту- дент мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: нені және қалай болжаймын, қандай нәтиже болуы мүмкін, түзетулерді қалай енгіземін?);

  • эксперименттік және бақылау топтарын анықтайды (олардағы балалардың саны бір шамалас, жас мөлшері, педагогтың квалифи- кациясы, ойын алаңының жабдықталуы, мектепке дейінгі мекемеде

болу жағдайлары, күн тәртібі және басқа да топтарды теңестіретіндей ұйымдастыру белгілері бірдей болуы керек;

    • таңдалып алынған диагностика әдістемесінің көмегімен эксперименттік және бақылау топтарында жасалған бағдарламаны енгізгенге дейін «1-Бақылау» жүргізіледі;

    • ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың коммуникативтік білігін дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны эксперименттік топқа енгізеді.

    • тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жасалған бағдарлама бойынша жүргізеді;

    • эксперименттік бағдарламамен жұмыс кезеңінде эксперименттік

және бақылау топтарында «2-Бақылау» жүргізіледі, алынған деректерді салыстырады, бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды, қажетті түзетулер енгізеді;

    • жасалған түзетулерді ескере отырып, эксперименттік жұмысты

ары қарай жалғастырады;

    • тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың аяғында қорытынды

«3-Бақылау» жүргізеді (эксперименттік және бақылау топтарында), алынған нәтижелерге талдау жасалады;

    • «3-Бақылаудың» эксперименттік деректерін салыстырмалы

түрде талдайды, ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың коммуникативтік білігін дамыту динамикасын байқайды;

    • жасалған бағдарламаның тиімділік деңгейі жөнінде қорытынды

жасалады, оның жағымды және жағымсыз жақтары көрсетіледі;

    • зерттеудің болашақтағы міндеттері, эксперименттік жұмыстарын ары қарай жалғастырудың мүмкін болатын бағыттары көрсетіледі.

Ұсынылған зерттеушінің жұмыс алгоритмін орындалатын кез келген практикалық зерттеуде педагогикалық эксперимент аясында қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет