Сұрақтарға жауап беріңіз?
Аталған әдістердің әрқайсысының мақсатын, мазмұнын және қолдану, алынған деректерді тіркеу және өңдеу әдістемесін қарастырыңыздар. Әдістер бойынша практикалық тапсырманы (2-5 тапсырмалар) орындаңыздар, ұсынылған әдебиеттер мен «Мектепке дейінгі педагогика», «Педагогика» курстарының оқулықтарын пайдаланыңыздар.
Сонымен, педагогикалық зерттеулер суреттеп жазу, түсіндіру, педагогикалық құбылыстар мен процестердің барысы мен дамуын болжамдауға бағытталған. Зерттеулер нақты айқындалған логикаға сәйкес және арнаулы құрал – зерттеу әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Зерттеудің бағыттылығына (фундаменталдық, қолданбалы) қарамастан зерттеу әдістерін кешенді түрде пайдаланып, зерттелетін
33
3–7463
құбылыстың (процестің) барлық жақтарын, оның барысы мен дамуына әсер ететін факторлар мен жағдайларды қамтыған аса маңызды.
Өзіндік жұмысқа арналған 1-тапсырма:
Педагогикададан алған білімдеріңізге сүйеніп «Ғылыми- педагогикалық зерттеулердің логикасы» кестені толтырыңыздар. Зерттеу амалдарының ретін түсіндіріңіздер.
Мектепке дейінгі педагогикадағы зерттеу әдістерінің (педагогикалық эксперимент, байқау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу, балалардың жұмыстарының нәтижелерін талдау, модельдеу, тәуелсіз мінездемелер әдісі, математикалық әдістер және т.б.) мазмұны мен ерекшеліктері жөнінде шағын хабарлама дайындаңыздар. Тапсырманы орындау үшін төмендегі ұсынылған жоспарды пайдаланыңыздар.
Өзіндік жұмысқа арналған 2-тапсырма:
Әдістің атауы, оның педагогикалық зерттеу әдістерінің құрамындағы алатын орны;
Әдістің қолданылу бағыты мен аясы, жеке тұлғаның немесе іс- әрекеттің қандай жақтарын бағалауға бағытталған, басқа әдістерден айырмашылығы;
Іс жүзіне асырылу реті (жүзеге асыру жоспары, нәтижелерді тіркеу тәсілдері, тиімділік жағдайлары, жүзеге асырудың ерекшеліктері);
Әдістің зерттеу практикасындағы жағымды және жағымсыз жақтары.
Мектепке дейінгі мекеменің жұмыс практикасында жүзеге асыры- латын әдістерді жинақтап көрсетіңіздер;
Курстық зерттеу тақырыбына сәйкес ата-аналар үшін анкета жасаңыздар.
Мектеп жасына дейінгі баланың ойынға деген ынтасын анықтау мақсатында байқау жоспарын жасаңыздар, байқау нұсқаларын қарастырыңыздар. Тіркелген нәтижедерді кесте түрінде құрыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
Бабанский Ю. К. Методы научных исследований в педагогике. – М., 1984.
Введение в научное исследование по педагогике / Под ред. В. И. Журавлева. – М., 1988.
Диагностика в детском саду / Под ред. Е. А. Ничипорюк, Г. Д. Посевина. – Ростов-наДону, 2003.
Дошкольная педагогика. В 2 ч. / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой. – М., 1988.
Загвязинский В. И. Методология и методика педагогических ис- следований. – М., 1986.
Основы дошкольной педагогики / Под ред. А. В. Запорожца, Т. А. Марковой. – М., 1980.
Урунтаева Г. А. Диагностика психологических способностей до- школьников. – М., 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |