Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері



бет60/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері


Мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың тиімділігі педагогтардың оқу принциптерін сақтауына бай- ланысты, себебі олар өз кезегінде бұл процестердің заңдылықтары негізінде құрылады. Заңдылықтар мен принциптерді еске түсіріп, олардың мазмұнын ашайық.


Заңдылықтар – объективті түрде болатын, берік, қайталанатын, құбылыстар мен процестердің арасындағы олардың дамуын сипаттай-
тын қажетті және маңызды байланыстар. Оқытудың заңдылықтары оқыту процесінде байланыстар кешенін көрсетеді. Оқытудың заңдылықтары сыртқы және ішкі байланыстарды көрсетеді.
Оқыту принциптері бұл процестің ғылым негіздеген заңдылықтарынан туындайды. Принциптер (негізі, бастауы) – оқытудағы бастапқы, негізгі талаптар жүйесі, ол талаптарды орындау тұлғаны дамыту міндеттерін шешудің қажетті тиімділігін қамтамасыз етеді, олар практикалық нұсқаулар, оқытуды жүзеге асыру жөніндегі басты талаптар.
Принциптер негізінде нақты педагогикалық ережелер жазыла- ды. Ережелер – тәрбиешінің белгілі бір жағдайдағы оқытудың жалпы принциптеріне негізделген дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарға жету үшін жасалған педагогикалық іс-әрекетті суреттеуі. Ережелер қандай да бір оқыту принциптерін қолданудың жекелеген жақтарын ашып көрсетеді. Ережелер теориядан практикаға көшудің өтпелі буыны болып табылады.

Тапсырма:


Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту заңдылықтары мен принциптерінің мазмұнын ашу үшін 1 тақырыптың тапсырма- сын орындаңыздар, заңдылықтар мен принциптерді кесте түрінде көрсетіңіздер.


    1. Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту процесінің мазмұны, түрлері, құралдары




Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің мәнін тұтастай аша отырып, біз оқыту процесінің мазмұнын, түрлерін, әдістерін, құралдарын, нәтижелерін ашпауымызға болмайды, себебі олар оның мазмұндық, амалдық-әрекеттік, бақылаушылық-реттеушілік және бағалау-нәтижелілік компоненттері. Бұл компоненттердің ауқымдылығы мен маңыздылығы, мектепке дейін білім беру ісінің болашақ педагогтарының терең ойлануының қажеттілігі бұл проблематикаға лекциялық және практикалық сабақтарда арнайы тақырыптар арнауға себеп болды. Бұл лекцияда біз оқыту процесінің барлық құрылымын жүйелі және толық түрде қамту үшін компоненттерді тезис түрінде береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет