Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Мектепке дейін білім беру мекемесінде оқыту нәтижелері туралы ұғым



бет62/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектепке дейін білім беру мекемесінде оқыту нәтижелері туралы ұғым


Оқыту нәтижелері - оқыту процесінің маңызды компоненті. Ол оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сай болады және төмендегілерге тәуелді:



      • мазмұнды таңдау мақсатынан, түрлерінен, әдістерінен және

құралдарынан;

      • мектепке дейінгі мекеменің жағдайынан (ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық, кадрлық, ғылыми әдістемелік, материалдық-техникалық және т.б.);

      • педагогикалық ұжымның біліктілігінен;

      • балалардың мотивациясынан, белсенділігінен және жеке тәжірибесінен;

      • педагогтың, балалардың, ата-аналардың өзара ықпалдастық си-

паттарынан;

      • педагогтардың қорытынды нәтижені ғана емес, оқыту процесін де бақылауға және бұл процестегі істерге уақтылы түзетулер енгізуге дайындығынан;

  • барлық балалардың дидактикалық мақсаттарға қол жеткізулері үшін даралап оқыту мүмкіндіктерінен.

Приоритетті педагогикалық мақсаттарды анықтауға қарай оқыту нәтижесі де анықталады. Мақсат әлеуметтік тәжірибе мазмұнының қандай да бір көлемін меңгерумен анықталуы мүмкін; берілген жас үшін қажетті білім, білік, дағды жүйесі болуы мүмкін немесе негізгі білім беру нәтижелері ретінде жеке тәжірибесі бар тұлға болуы мүмкін; мектепке дейінгі мекемені бітірушілердің мектепте оқуға тұтастай дайындығы ретінде болуы мүмкін. Бұлардың әрқайсысы мектепке дейін білім беру жүйесінің қазіргі кезеңінде орын алып, бағдар және педагогикалық процестің нәтижелілігін бағалау критерийі болып отыр. Оқыту мақсаттары қоғамның әлеуметтік тапсырыстарына қарай қойылады; мектепке дейін білім беру жүйесіне; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қарай қойылады. Олар білім беру бағдарламаларында нақтыланады және ішкі және сыртқы жағдайларды
ескере отырып мектепке дейінгі мекеме мамандары дербестендіреді.
А. П. Усова оқыту нәтижесі - балалардың білім, білікті, дағдыларды меңгеру, оқытудың әсерінен бала тұлғасы бойындағы өзгерістер фактісі деп түйіндейді. Мұнда баланың өзі қол жеткізген нәтиже және таным процесіндегі педагогикалық ереже ретінде үлкендердің көмегі маңызды. Баланың өз еңбегі, жігер күші және оның бойындағы өзгерістер құнды болып есептеледі. Бала ойында, басқа істерде жаңа нәрселерге үйренеді, бірақ мақсатты түрде оқыту еріктік, еркіндік, баланың мақсатты күш- жігері оны мектепте оқуға дайындайды.
Бүгінгі таңда мектепке дейін білім беруде тұлғалық-бағдарлық па- радигма аясында оқыту мен тәрбиелеудің негізгі нәтижелері тұлғалық өзгерістер, жетістіктер, ары қарай дамудағы даралық пен сұраныс. Меңгерілетін білім мен білік тұлғаның құрылымын және мектеп жа- сына дейінгі баланың жеке тәжірибесін қалыптастыру құралы болып табылады.
Балаларды оқыту нәтижесі мектепке дейін білім берудің кешенді бағдарламаларының әрқайсысында анықталған. Мақсаттарға қол жеткізу және оның нәтижеге сәйкес болуы оқыту процесінің тиімділігінің негізгі критерийлері болады. Оқыту процесінде мақсат пен нәтиженің бірдей үйлесуі міндетті емес. Мақсат толығымен немесе ішінара алынған нәтижемен сай келуі де, келмеуі де мүмкін.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет