Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Мектепке дейінгі мекемеде сюжеттік-рөлдік ойынды ұйымдастыру принциптері



бет83/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектепке дейінгі мекемеде сюжеттік-рөлдік ойынды ұйымдастыру принциптері:


  1. Тәрбиеші балалармен бірге ойнауы керек. Мұда ол ойынды қызықты ойнай алатын эмоционалдық серіктес позициясын ұстанады, бала онымен өзін тең ұстайды, өзін бағалаудан тыс санайды, ынталылық көрсетеді.

  2. Тәрбиеші балалармен мектеп жасына дейінгі балалық шақтың бәрінде ойнауы керек, бірақ әр кезеңде жаңа нәрсені меңгеріп, ойынды құрудың неғұрлым күрделі тәсілдерін меңгеруі тиіс.

  3. Ерте жастан бастап және ары қарай мектепке дейінгі жастың әрбір кезеңінде ойын білігін қалыптастыруда бір мезгілде баланы ойын амалдарын орындауға да, оны серіктестеріне де – үлкендерге немесе құрбылырына оның мағынасын түсінуге бағдарлау қажет.

  4. Әрбір жас кезеңінде ойынды ұйымдастырудың педагогикалық процесі екіжақты сипат алуы керек, оған тәрбиешінің балалармен бірге ойнағандағы ойын білігін қалыптастыру сәттері және балалардың өз беттерімен ойнауына жағдай жасау кіреді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды әртүрлі жас кезеңдерінде сюжеттік-рөлдік ойындарды дамытуға қысқаша негізгі әдістемелік ұсыныстар берейік.
Бірінші кіші топ. Педагог бірінші жартыжылдықта сюжеттік ойыншықтармен және қосымша-заттар шартты амалдар жасауды қалыптастыру, бір-екі баланы үлкендермен ойынға қатыстыра отырып баланың құрбыларымен қарапайым заттық-ойындық өзара әрекетінің міндеттерін шешеді, ойынға қатысушылардың барлығынан бір типті шартты ойын амалдарын талап ететін топтық ойындар ұйымдастырады. Екінші жартыжылдықта педагогтың жұмысы ойында сюжеттік ойыншықтармен, қосымша-заттармен және ойша елестеткен заттары-
мен 2-3 ойын амалынан тұратын тізбек құру білігін қалыптастыруға бағытталады. Қалыптастыру құралы тәрбиешінің балалармен бірге ойыны болады, онда ол екіфазалы, ал кейіннен күрделірек сюжетке көшеді.
Сонымен, ойынды ұйымдастырудың бірінші кезеңінде-ақ ол екіжақты сипат алады: үлкеннің баламен бірге ойыны балалардың өздерінің ойынымен ұштасады, онда олар алған ойын біліктерін іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет