Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
Бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыстың маңызын сипаттаңыз.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пәнаралық байланыстың философиялық негізін айқындаңыз.
Бастауыш мектепте оқытылатын пәннің кез келген тақырыбы бойынша пәнаралық байланыс қалай жүзеге асатындығын саралаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технологиялары.
- Бастауыш мектеп. - №3, 1999.
Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. - М., 1995.
Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до фило- софии. - М.: «Сентябрь», 1996.
Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. Щурковой Н. Е. - М.: Новая школа, 1997.
Кукушкин В. С. Общие основы педагогики. - Ростов-на-Дону, 2000.
Левитес Д. Г Практика обучения современные образовательные технологии. - М., 1998.
Селевко Г К. Авторские программы, педагогические технологии, инновационные школы. - Ярославль: Изд-во ИПК ПиРРО, 1997.
Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. - Владивосток, 2000.
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ПӘНДЕРІНІҢ
НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА
СИПАТТАМА
Жоспар:
Бастауыш білім беру парадигмасы.
Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды пайдалану мүмкіндіктері.
Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары.
Бастауыш білім беру парадигмасы
Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екенін ескерсек, бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері жас жеткіншектерді оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды кеңінен қолдана отырып, білімді терең және жан- жақты игерудің жолдарын, әр пәннің ғылыми негіздерін меңгерту мәселелерін, шәкірттің ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетін дамыту сияқты ең ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үдерісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты - білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау.
124
125
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми- әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», - деп атап көрсетіп, білім сапасын арттыру үшін жауапты да ауқымды жұмыстар жүргізу керектігін айтқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесі дамытудың мемлекеттік тұжырымдамаларында «Кез келген білім бағдарлама- ның табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарында биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал етеді, ал кәсіби дәрменсіздігі құлдыратады», - делінген. Елбасының «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте
оның білім деңгейімен айқындалады», - деген байламы бүгінгі мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбынды, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі өз елінің патриоты болады», - деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін әсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды пошта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін, білімді толығымен алуға, қажет ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, осы мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Болашақ ұрпаққа сапалы да саналы білім беру - қоғам талабы. Жас ұрпақты осындай азамат етіп тәрбиелеу үшін оқу үдерісіне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізілуде. Ол өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыратын ұстаздар қауымы. Мұның өзі ұстаздарға асқан жауапкершілік пен ізденісті, білім беру көкжиегіндегі жаңалықтарды еркін меңгере отырып, әлемдік
126
127
білім кеңістігіне енуге батыл қадам жасай алатындай болуды талап етері сөзсіз. Ол үшін білім беру саласында оқытудың білім технологиясын меңгерудің қажеттілігі туындайды. Ол мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Оқыту технологиясын таңдап іріктеу оқушының оқу-танымдық іс- әрекетін басқарудың бір буыны десек, оны жүзеге асыратын - бүгінгі мектеп мұғалімі.
Қоғамды алға апаратын күш - білім десек, болашақтың иегері - жас ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу ұстаздардың қолында. Осы тұрғыда Назарбаев Университетінде елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты лекциясында: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы қажет», - деген. Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңының 7-тарау 5-бабында педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген. Заңды құрметтей отырып, педагог қызметкерлер өз міндеттері мен жауапкершілігіне сергек қарауы қажет. Оқушы білімінің санасы, тәрбиесінің нәтижесі ұстаздың кәсіби шеберлігі мен интеллектуалдық байлығына тіреледі. Беделді ұстаз - мектептің жүрегі де тірегі. Оған жетудің бір ғана жолы: білім мен білігіңді оқу арқылы толықтырып отыру.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Өресі биік, білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық даму деңгейін айқындайды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген
XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үдерісінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.
Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды
пайдалану мүмкіндіктері
Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту уақыты мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл бастауыш сынып мұғалімі болуын қажет етеді.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласында, оқытуда өзгерістер аз емес. Білім беру стандарттары мен бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндары қайта қаралып, жаңашыл әдіс- тәсілдерді іздеу, оларды өмірге ендіру жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні дидактикалық «нені оқытамыз?» «не үшін оқытамыз?» «қалай оқытамыз?» деген дәстүрлі сұрақтармен бірге «қалай тиімді оқытуға болады?» деген мәселесі ғалым- әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін толғандыруда. Осы сұрақтың айналасында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Зерттеудің нәтижесін талдау барысы педагогика ғылымында жаңа «педагогикалық технология» бағытының пайда болып, қалыптасып келе жатқанын көрсетеді және ол оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Қазіргі кезде инновациялық мектептердің бірнеше түрі қалыптасты. Олар ерекшеліктерін, онда оқитын оқушылардың
128
129
мүмкіншіліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды түзеу, бұл мектептерде оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін кешенді түрде шешу проблемасын қарастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үдерісін ұйымдастыру қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы технологияларды енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше, қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеруге міндеттіміз. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруы тиіс.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпаратты қоғам жағдайында оқып, білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
Қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып, жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне бастауыш білім беру мен орта, жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушысы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Бастауыш білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған ділгірліктер:
білім сапасының төмендігі;
білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен, оның мардымсыздығы;
бастауыш сынып оқушыларының өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
• бастауыш сынып оқушыларының және бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы - оқу-тәрбие үдерісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялары
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру - өмірдің талабы болып отыр, осыған сәйкес сабақта Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В. Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», т.б. технологияларды тиімді қолданып өткізуге болады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде.
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикатық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
а) бастауыш сынып оқушысының интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
ә) бастауыш сынып оқушысы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма-сай болуы;
130
131
б) бастауыш сынып мұғалімі мен оқушының өзара қарым- қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Оқытудың дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту жүйесі», «Ақыл-ой іс-әрекетінің кезең бойынша қалыптасу теориясы», «Танымдық іс-әрекетті жандандыру тәсілдері», «Деңгейлеп саралап оқыту», «Модульдік оқыту» технологиялары және т.б.
Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті, дағдыны меңгеруге бағытталған.
Оқыту технологиясының мақсаты - бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу.
ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және анықтау барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып табылады. Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғышарты деп есептейді.
Бір жағынан, оқыту технологиясы - ол ақпаратты өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, оқыту үдерісінде бастауыш сынып мұғалімінің қажетті техникалық, ақпараттық тәсілдерді қолдана отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу мағынасы, әдістері, тәсілдері өзара тығыз байланыста болады.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырыстары мен бағдарламасына сәйкес оқыту тәсілдерінің, әдістерінің ең оңтайлы, қажет мағынасын тыңдай білуде. Оқыту технологиясы жүйелі ұғым. Оның құрылымына мыналар кіреді:
оқыту мақсаты;
оқыту мағынасы;
педагогикалық өзара қатынас құралдары;
оқу үдерісін ұйымдастыру;
оқушы, мұғалім;
іс-қимыл нәтижесі.
Қазіргі бастауыш мектептерде мақсаттар біршама өзгертілді - идеологизация жойылды, жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері алынып тасталынды, өнегелі тәрбие үлгісі өзгертілді, бірақ негізгі
мақсаттардың міндеті алдын ала жоспарланған сапалы білім алу стандарттары сол күйінде қалды.
Дәстүрлі технологиямен оқытатын бастауыш мектептердің алдында қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, бастауыш сынып оқушыларының жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен әдістерін жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды.
Бастауыш мектепте оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жатқан саласында бастауыш сынып оқушыларының танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуы қазіргі педагогикалық технологияны обьективті қажеттілік тұрғысынан зерттеп-тануды талап етеді.
Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты - бірғана міндетті нәтижеге жету емес, ол өмір теңізінде жақсы бағдарлай алатын, өзіндік көзқарасы бар, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі алдындағы ұстаздық және адамдық мақсаты: бастауыш сынып оқушысының еркін, шығармашыл, жауапкершілігі мол жеке тұлға етіп қалыптасуына жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін түрліше жаңа әдістемелермен тәсілдерді қолдануға тура келді. Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Соңғы жылдары М.Жанпейсованың «Оқытудың модульдік технологиясы - оқушының дамыту құралы» әдісін және В.М.Манаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай- ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген технологиясын кеңінен қолдану қажет.
Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясының бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері В. Беспалько, М. Кларин, И. Лернер, В. Оконь, Н. Талызина және т.б. еңбектерінде көрініс табады.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л. Выготский, Д. Эльконин, В. Давыдов, Л. Занковтың, ал жеке- бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш. Амонашвили еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласын- дағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде қолдана
132
133
алатын бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау - оларды кәсіби даярлаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі және бастауыш сынып мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру үдерісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Бұл мәселе бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарын зерделеу барысында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың бірнеше бағыттары бар екенін байқадық.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару бастауыш сынып мұғалімінің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір бастауыш сынып оқушысының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - бастауыш мектепте оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Сонымен, қазіргі заманғы педагогикалық технология бастауыш мектепте оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |