Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



бет47/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. «Ойын» ұғымына сипаттама беріп, ойынның мақсаты мен міндетін айқындап, оларға қойылатын әдістемелік талаптар мен ойын арқылы оқушы нені меңгеретіндігін анықтаңыз.

  2. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын ойындарды сипаттап, оқушылардың қандай қабілеттері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретіндігін негіздеңіз.

  3. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін саралаңыз.

  4. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының ойын технологиясы арқылы қалыптасатындығын анықтап, жауабыңызды нақты мысалдар арқылы сипаттаңыз.

  5. Ойын технологиясының артықшылықтары мен кемшілік- терін көрсетіңіз.


172


173


Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Е. Сағындықов Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: Рауан, 1993.

  2. Қ. Жарықбаев; С. Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы, 2000.

  3. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы, 1994.

  4. Крупская Н. К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. - Алматы. 1973.

  5. Щукина Г И. Проблемы познавательного интереса в педагогике. - Москва, 1971.

  6. Выготский А. С. Игра и ее роль в психическом развитие ребенка. - //Вопросы психологии. - 1966.

  7. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скаткина М. Н., Краевского В.В. - Москва, 1978.

  8. Ушинский К. Д. Избранные педагогические сочинения. - Москва. 1969.

  9. Игры: Обучение, тренинг, досуг. /Под ред.

В. В. Петрусинского. Кн.5 Педагогические игры. - М., 1994.

  1. Муртазина Э. Педагогические основы конструирования учебных деловых игр: Дис. ... канд.пед.наук. Л., 1990.

  2. Габрусевич С., Зорин Г От деловой игры к профессиональ- ному творчеству. - Минск, 1989.

    1. Проблемалық оқыту технологиясы

Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әрбіреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген еркін тәрбие мектептерінде білім беру үдерісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық есте сақтау қызметі жөнді дамымайды деген астарлы пікір бар. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту мен балама оқыту әдістемелерінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе - қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.


Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.
Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты - оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.
Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиналушылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарастырып, іздену іс-әрекетіне көшеді.
Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс-әрекеті ойлаумен, пайымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады.
Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы - дұрыс ойлай білуге баулу.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып, жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да проблемалы оқыту көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.


174


175





Проблемалық әдіспен оқытудың мақсаты оқушының сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету. Оқушыны ізденуге, қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді.
Проблемалық оқиға оқушының бұрыннан меңгерген білімге сүйеніп, мәселені толық шешу үшін аздаған өзіндік ойды, шығармашылық шешімді, дербес әрекетті қажет ететін проблемалық жағдайға алып келуі керек. Проблема тууға ыңғайлы тақырыпты таңдай білу, мұғалімнің ізденімпаздығына, тапқырлық шеберлігіне байланысты. Сол сияқты есептер шығару барысында да балаларға есеп сурет салу арқылы, схема түрінде сызуға, кестелер арқылы шығартуға бейімдеу, өздігінен кері есеп құрастыра білуге жаттықтыру керек. Есептің бір-бірінен ұқсастығын, айырмашылығын, байланысын тапқызуға болады.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі - оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:

  • білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үдеріс;

  • бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;

  • бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

  • оқытуда табысқа жетудің шарттары;

  • оқу-материалында проблема туғызу;

  • баланың белсенділігі;

  • оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.

Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нәтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеруде ситуациялар қоюға мән берген. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, оны өз тәжірибесінде қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервергтің еңбегі зор. Оқытудың осы әдісінің негізін қалап, оны жоспарлы түрде іске асырған Д.Дьюн болды. Кейіннен


оқытудың осы түріне Д. Бруннер, И. Лернер, Т В. Кудрявцев, А. М. Матюшкин, М. И. Махмутов зор үлес қосты.
Проблемалық оқытудың басқа әдістерден айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену әрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.
Проблемалы оқытудың теориялық мәселелерін М. И. Махмудов, А. М. Матющкин, И. Я. Лернер, Ю. Н. Бабанский және т.б. еңбектерінде зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ соңғы кезде елімізде бұл әдісті оқу үдерісінде қолданудың жағдайы қанағаттанарлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі әдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болмауында және оның мән жайын жақсы білетін мұғалімдердің аздығында.
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тәрбие жұмыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалы оқыту сабағының дәстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары төмендегі кестеде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет