Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



бет52/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының принциптерін саралап, 3 сыныптың математика пәнінен қандай да бір тақырыпқа осы технологияны пайдаланып, сабақ жоспар тірек- сызба түрінде өңдеңіз.

  2. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының мазмұндық ерекшеліктерін ескере отырып, проблемалық оқыту технологиясымен салыстырып, салыстырмалы талдауды кесте түрінде көрсетіңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. - М.: Педагогика, 1989.

  2. Шаталов В. Ф Учить всех, учить каждого. - М.: Педагогика, 1989.

  3. Шаталов В. Ф Педагогическая проза. - М.: Педагогика, 1989.

  4. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.

  5. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.

  6. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007.

  7. Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  8. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П.Чернявская. - Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К.Д.Ушинского, 2002.

  9. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии.- М.: Народное образование, 1998.

  10. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990.


188


189




  1. ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ
    ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕГІЗІНДЕГІ
    ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Жоспар:

  1. Интербелсенді оқыту технологиясы.

  2. Нысаналы оқыту технологиясы.

  3. Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев).

  4. Деңгейлеп дифференциялау технологиясы.

  5. Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко Ривин).

  6. Топтық оқыту технологиясы.

  7. Компьютерлік оқыту технологиясы.

  1. Интербелсенді оқыту технологиясы

Мұғалім мен оқушының интербелсенді шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интербелсенді әдісімен байланыстырылған.
Интербелсенді оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
«Интербелсендінің» негізгі сипаттамалары қандай? Интербелсенді оқыту - бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдас- тыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдынала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интербелсенді оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным үдерісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үдерісінде, оқу материалын игеруде оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үдеріс өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық үдерістің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.


Сабақтағы интербелсенді әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интербелсенділік бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Интербелсенді оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабуыл» (мозговой штур), «дебаттар». Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интербелсенді оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.
Интербелсенді оқу технологиясы (ИОТ) деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Оқу үдерісін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз


190


191





ету, білімнің электрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиялық құралдары қолданылады.
ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім - оқушы, мұғалім - сынып, оқушылар - сынып, оқушылар - оқушылар, топ - топ, топ - оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

  • пассивті - оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады (тыңдау және көру);

  • активті (белсенді) оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық- практикалық жұмыс);

  • интербелсенді - іпіег (өзара), акі (әрекеттесу). Оқыту барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір- бірімен сөйлесу және өзара әрекеттесу барысында жүзеге асады.

Интербелсенді оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуация- ларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл модельге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет