Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат
Интербелсенді оқыту технологиясы - бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негіздел- ген, оқу үдерісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үдерісін ұйымдастыру. 192 193
жұптасып жұмыс істеу; ротациялық (ауыспалы) үштік; карусель - Айналмақ; миландыру /Мозговой штурм/; броундық қозғалыс; шағын топтармен жұмыс; аяқталмаған сөйлем; есептеу ағашы /Дерево решений/; сығымдау әдісі /Метод пресс/; өз атынан сот /Суд от своего имени/; азаматтық тыңдау; рөлдік /іскерлік/ ойын; өз позицияңды ұстан; дискуссия; дебаттар. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде интербелсенді оқыту технологиясын тиімді пайдалану. Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр бастауыш сынып мұғалімі өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады. Мысалы: бастауыш сынып оқушыларына «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды. Екі сақина жасалады: ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина - бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина - бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады. Аквариум технологиясының мәні - бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды. Броундық қозғалыста бастауыш сынып оқушылары бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. Есептеу ағашы - сынып оқушылары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады. «Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін бастауыш сынып оқушылары «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс. жүктеу/скачать 0.55 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |