Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Оқыту концепциясы мен технологиялары



бет54/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Оқыту концепциясы мен технологиялары
Оқыту барысында, кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), үдерісуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) және ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетінің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады. Осы жақтардың әрқайсысына бірқатар концепция сәйкес келеді.
Мазмұндық жағына - мазмұнды қарым-қатынас, оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б.
Үрдісуалдық жағына - программалау концепциясы, проблемалық, интербелсенді оқыту, т.б.
Мотивациялық - оқу барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру - гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық еңбектестік концепциясы, оқу пәніне «шолу» (М.П.Щетини), орталықтандырылған (концентрированные) оқыту, т.б. Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, прблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұхбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмалық,
проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік, проблемалы- модульдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.
Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. В. Кларин, Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагогикада оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты


194


195




мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқушыларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.
ИОТ-сын қолданатын оқыту үдерісінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, рөлдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын үдерісінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге хақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті: ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз по- зицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интербелсенді режимдегі теледидар сабақтары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет