Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Топтық оқытудың төрт типі белгіленген



бет64/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Топтық оқытудың төрт типі белгіленген:

  1. Жұптық оқыту.

  2. Бірге отырған топтар.

  3. Шағын командалар.

  4. Бүкіл сынып үшін тапсырмалар.

В. К. Дьяченконың айтуы бойынша, оқыту дегеніміз оқушылар


мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі оқытудың ұйымдастырушылық формасын айқындайды. Қарым- қатынас түрін жұптық, топтық, ауыспалы жұптық, жазбаша қарым- қатынас түрі құрайды. Ал оқытудың ұйымдастыру формасына жұптық (біреуі екіншісін оқытады), топтық (біреуі бір мезгілде бірнеше адамды оқытады), ұжымдық (әрқайсысы әрқайсысын оқытады) және жекеше формалары жатады. Оқытудың ұжымдық түрі әр оқушы әрқайсысын оқытқан жағдайда дұрыс деп саналады. В. К. Дьяченко ұжымдық оқыту тәсілі мен топтық оқыту тәсілдерінің ерекшеліктерін төмендегі кесте арқылы көрсетеді.


Топтық және ұжымдық оқытуды салыстыру

Топтық оқыту тәсілі

Ұжымдық оқыту тәсілі

Ұйымдастырушылық:

Нақтылық

Нақтылық жоқ

Бір бала сөйлейді

Барлығы сөйлейді

Оқушылар қарым-қатынасы
шектеулі

Оқушылар бір-бірімен қарым- қатынас жасайды

Үнсіздік, тыныштық

Жұмыс барысындағы шу

Тұрақты жұмыс орны

Жұмыс орны ауысып отырады

Дидактикалық:

Кәсіби педагог оқытады

Оқушылар оқытады

Барлық материал бірден барлығына беріледі

Қарқын және материал әртүрлі

Өз бетінше жұмыстың аз болуы

Толық өз бетінше жұмыс

Ынтымақтастық жоқ

Ынтымақтастық - оқыту негізі

Меңгеруі және қолдануы шашыраңқы

Максималды жақындатылған

Дамытушылық:

Оқушы - объект

Оқушы - субъект және объект

Балалардың қабілеттерінің
теңестірілуі

Жеке ерекшеліктеріне байланысты

Оқытудың жүйелілігі

Аяқ астынан болуы

Ел алдына шығып сөйлеуге үйренбейді

Ел алдына шығып сөйлеуге, талдауға, дәлелдеуге үйренеді.

Түсіндіре алмайды

Педагогикалық қабілеттерін
дамытады.


238


239




Тәрбиелік:

Әрқайсысы өзі үшін жұмыс істейді.

Өзі және басқалар үшін де жұмыс істейді.

Ұжымдық емес қарым-қатынас

Ұжымдық қарым-қатынас


Топтық оқыту кезінде ережелерді анықтап, оларды үйрету керек. Ол үшін оқушыларға дайын ережелерді беру немесе өз беттерінше ережелерді ойлап шығаруды ұсынған жөн. Бұл ережелерді толық талдау керек. Бес ережеден артық болмауы керек. Не істеу керектігі нақты түрде жазылғаны дұрыс. Ереже көрнекті жерге жазылуы керек. Белгіленген ережелерді ойынға қатысушылардың барлығы қатаң орындауы тиіс. Шамамен төмендегідей ережелерді ұсынуға болады:

  • жылдам және шуылдамай бірнеше топ құрыңдар;

  • қажетті материалдарды дайындаңдар;

  • ақырын сөйлеңдер;

  • жолдастарыңның айтқанын мұқият тыңдаңдар;

  • өз тапсырмаларыңды көңіл қойып орындаңдар.

Балалар алдарына қойған нақты міндеттерден басқа сабақтың мақсатын да білуі керек. Балаларға көбірек тапсырма беру олардың жұмыстағы қарқынын өзгертуге көмектеседі. Тапсырманы бөлген кезде әр оқушыға оның орындалу уақытын көрсету қажет. Жұмыс соңында міндетті түрде балалардың жұмыстарын талдау қажет. Жоғарғы жетістіктерге жету үшін ережелерді оқып, топта жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, жауапкершілікке үйреніп, топтық оқыту мен тапсырмалардың өзара сәйкестігіне назар аудару қажет.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. Ұжымдық және топтық оқыту технологияларының қазіргі кездегі жағдайын анықтаңыз.

  2. Ұжымдық оқыту мен топтық оқытуды сын тұрғысынан оқыту технологиясымен салыстырып, талдаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Дъяченко В. К. Сотрудничество в обучении. Просвещение, 1991.

  2. Коллективная учебно-познавательная деятельность

школьников // Под.ред. И. Б. Первина. М.: Педагогика, 1985.


  1. Лиймитес Х. И. Групповая работа на уроке. М.: Просвещение, 1975.

  2. Миртов А. В. Сочинение в школе. Уроки коллективного творчества // Литература в школе. - 2006.

  3. Поливанов Н. И., Ривина И. В. Принципы и формы организации совместной учебной деятельности // Психологическая наука и образование. - 1996.

  4. Дьяченко В. К. Новая дидактика. - М.: Народное образование, 2001.

  5. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.

  6. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.

  7. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007.

  8. Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  9. Педагогические технологии: Методические рекомендации

/Сост. А.П.Чернявская. - Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К. Д. Ушинского, 2002.

  1. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998.

  2. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990.

  1. Компьютерлік оқыту технологиясы

Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру үдерісі бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз қазіргі заманғы педагогикалық технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе


240


241




жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл - біздің Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.


Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек», - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық- техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, мұғалім мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Интерактивті тақта дегеніміз не?
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
АСТІУЬоагіІ (Рготеіһеап компаниясы) - АСТІУзіибіо про- граммасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер,


242


243




мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам дегеніміз не?
Активті қалам - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
АС'ПУ\уапА указкасы. Электронды АСТІУтоапй указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. АСТІУЬоагС - интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонымен бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.
АСТІУрапеІрго. АСТІУрапеІрго (Активпанель) үлкен аудито- рияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. АСТІУрапсІрго арнайы қарындаштың көмегімен дис- плейде жазылған жазуларды компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. АСТІУрапсІрго (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. АСТІУрапеІрго ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады - бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет