Мемлекеттіңинвестициялық саясатты жүзеге асырубағыттары
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағыт- талған инвестициялық саясатты жүргізу инвестициялық бағдар- ламаларға сәйкес; мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік қаржы бөлулерді және бюджеттен тыс қорды тікелей басқаруда; сараланған проценттік мөлшерлемелер мен жеңілдіктерді енгі- зуде; экономиканың нақты жағдайына қатысты өлшенген қар- жылық баға (мемлекеттік секторда), сонымен қатар несие саясатын жүргізуде; инвестициялық жобаларды тиісінше сарап- тау жағдайларында жүзеге асырылады.
Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың басты бағыттары:
экономиканың мемлекетаралық интеграциясы (Еуразия- лық одақ);
шаруашылықтың нарықтық жағдайында келісілген өзара байланысты құрылымдық-инвестициялық саясатты қай- та құру;
тәуекелдерден инвесторларды қорғау (кепілдемелер, сақтандыру және т.б.).
Инвестициялық саясатты жүргізудің алғышарты ретінде 1997 жылы 28 ақпанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР-ның заңы қабылданды. Бұл заң мемлекеттегі тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау үдерісіндегі пайда болатын қатынастарды реттеді. Сонымен қатар, шетел инвес- торларының құқығын және ҚР-ның аумағында инвестициялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Тіке- лей инвестицияларды мемлекеттікқолдаудыңқұрылымынкелесідей қарастыруға болады:
инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты белгілі бір жеңілдіктер немесе артықшылықтар жүйесі- нің болуы;
инвесторлардың мүддесін қорғайтын арнайы мемлекет- тік органның болуы;
ҚР Үкіметінің халықаралық ұйымдармен бекіткен келі- сімдері және белгілі бір нормативтік-құқықтық актілері негізінде саяси тәуекелдерді жабу кепілдігін беруі.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау экономиканың басыңқы секторында жүзеге асырылды. Экономиканың басыңқы секторларын ҚР-ның Президенті бекітеді. Осыған сәйкес 1998 жылдың 5 сәуір айында тікелей «Отандық және шетел инвес- тицияларын тарту үшін ҚР-ның экономикасының басыңқы сек- торларының тізімін бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шыққан.
Жарлықтағы басыңқысекторларғажататындар:
Инвестициялық үдерістегі мемлекеттің рөлі орталықтанды- рылған және орталықтандырылмаған салымдардың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттің функциясы икемді экономикалық саясатты жүргізу, нарықта қаражаттардың қозғалысын реттеу, мемлекеттік бағалы қағаздардың проценттік мөлшерлемесін басқару жолымен инвестициялық үдерісті рет- теу болып табылады.
Тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды экономи- каның басыңқы секторларына тартуды ынталандыру, мемлекет- тік инвестицияларды пайдалануды оңтайландыру және оның тиiмдiлiгін арттыру мен iшкi жинақтарды жұмылдыру саясаты жалғаса береді береді. Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық жағдайды жақсарту үшін қолда- ныстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Басыңқы өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арт- тыру шеңберінде мемлекет:
қызмет түрлерiн лицензиялаудың ашық жүйесiн құруға;
кәсіпорындардың халықаралық қаржылық есептiлік стандарттарына көшуiн жеделдетуге;
ұлттық инновациялық жүйені – экономикалық дамуды басқарудың жаңа жүйесін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруға;
мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіру бойынша іс-әрекетті жандандыруға, олардың қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған шараларды одан әрі қабылдайтын болады.
Қазіргі уақытта бюджеттік инвестициялардың қосымша ба- сыңқы секторлары:
мемлекеттік басқару функцияларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;
Сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне несие беру мүмкін- діктерін ұлғайтуға және инновациялық жүйені дамытуға ықпал ететін даму институттары қосымша капиталдандырылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясатында кедергінің жоқты- ғынан шетел инвесторларының – Қазақстанның тек шикізат саласына ғана емес ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, туризм, телекоммуникация, тау-кен саласы және білім, меди- цина салаларына да инвестиция салуларына мүмкіндіктері бар.