178
едi. Немiс ғалымы Р. Шлагингвейттiң еуропа лықтар үшiн мүлде жабық
өлкеге барып келмек болған сапары қай ғылы аяқталып, ол қатыгездiкпен
өлiм жазасына душар болған-ды. Шо қан аса қиын құпия жағдайда өз
өмiрiне қатер төндiре жүрiп, Қаш ғария өлкесiнiң тарихы, этнография-
сы,
мәдениетi мен геология сы, географиялық жағдайы жайлы бұған
дейiн мүлде белгiсiз аса құн ды деректер жинап келді. Соның негiзiнде
«Алтышардың неме се Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кiшi Бұха-
раның) шығыста ғы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты ең-
бегiн жазды. Еңбектi Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеу шi
ғалымдар жоғары бағалады.
Патша үкiметi жас ғалымның ғылыми ерлiк еңбегiне ерекше мән берді.
1860 жылы Санкт-Петербургте орденмен марапатталып, әс кери шенi де
жоғарылады. Оны орыс патшасы II Александрдiң өзi қабылдады. Осы кез-
десу кезiнде Шоқан патшаға орыс ше неу нiк терiнiң қазақ халқына жақсы
қарауы жайлы өз өтiнiшiн батыл жеткiздi.
Петербургте болған кезiнде
әртүрлi әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс iстедi. Ол ре сейлiк
шығыстанушылар мен дипломаттардың,
жазушылар мен ақындардың
сиынатын нағыз
пiрiне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның
және Шығыс Түркiстанның карталарын жасау мен айна лысып, қажымай-
Шормановтар
отбасы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
179
талмай еңбек еттi. Шығыс елдерiнiң қол жазба ларын мұқият зерттеудi де
жалғастырды. Оны Орыс географиялық қо ғамы Шығыс тарихы туралы
дәрiстер оқуға шақы рып тұрды.
Алайда Петербургтің ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақ-
пады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға
мәжбүр болды. Ол
Омбыға барып, даладағы жергiлiктi басқару iсiн
қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларға қатысты. Оның негiзгi ойлары
«Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө шi-қоны тура-
лы», «Сот реформасы туралы» жазбаларда баяндалады.
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің Оңтүстiк
Қазақстанға жа саған әскери экспедициясына қаты-
сады. Бiрақ әскери қызметi ұзақ қа созылмады, гене-
ралдың жергiлiктi халыққа шектен тыс қа тыгездiк
жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркiмен
кеттi.
Достарыңызбен бөлісу: