80
?
1. Реформалар жүргiзудiң негiзгi салдары қандай болғанын атап шығыңдар.
2. Картаны пайдалана отырып, округтiк приказдардың ор на лас қан жерiн және
Кiшi жүздiң үш бөлiгiн атап көрсетiңдер. 3. Хан, жарғы, аға сұлтан, старшын
тірек сөздерін пайдаланып басқарудың, әкімшілік-аумақтың жаңа жүйесі жай-
лы шағын әңгіме жазыңдар.
Болыс – әкiмшiлiк-аумақтық бөлiк, сондай-ақ осы бөлiктi басқарушы лауазымды
қызмет иесi.
Керуен – алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлiк тiз бегi.
Жарғы – белгiлi бiр ұйымның атқаруы тиiс қызметi туралы, оның құ қық-
тары мен мiндеттерi туралы ережелер жиынтығы. Қазақ қоғамының әкiмшiлiк
заңдарының жинағы.
Елек өзені – Жайық алабындағы өзен. Ресейдің Орынбор, Қазақстанның Ақтөбе
(Алға, Ақтөбе, Мартөк аудандары), Батыс Қазақстан облыстары (Бөрілі ауданы)
жерінен ағып өтеді.
десятина – 1,09 гектарға тең жер көлемі.
Эссен Петр Кириллович (1772–1844) – Орынбордың әскери губернаторы (1817–
1829).
«Сiбiр әкiмшiлiгi орталықтың берген өкiмi бойынша қазақ да ла сына
агент-
тер (өкiлдер. – авт.) жiбердi. Олар «жаңа құ рылымды қа был даудың»
пайдалы екенiне қазақтардың көзiн жет кi зiп, кәмiл сенуiн қам тамасыз етуге
тиiстi едi. Округтердi ашуға Қытай үкi метiнiң наразылығы көп кедергi келтiрдi.
Содан кейiн көп ұзамай-ақ қытайлықтар жоңғарларды тал қан дады. Қытай
боғдыханы Цзянь Лунь қазақтардың жоңғарлар жерiне ор на ласуына рұқсат
еткен грамотаға қол қойып, бекiтiп бердi. Бiрақ ол үшiн қазақ тар дың Қытай
үкiметiне жасақ (салық) төлеп тұруы тиiс екенi ескер тiлдi, қазақтардың Пе-
кинге депутация (елшiлер тобын. – авт.) жiберуiне рұқсат етiлдi...
Жаңа округтердiң ашылуына
қазақтардың жерге таласып, өзара ала-
уыз болуы әсер етті. Олардың өзара дүрдараздығын Сiбiр әкiм шi лiгi жалма-
жан пайдалана қойды – округтер құруды қолда ған дар ға жәр демiн аямады.
Өздерiнiң даулы болып жүрген мал
жайылым дарын сақтап қалуды, тiп тi
жаңа жерлер қосып алуды көксеген қазақтардың ын та-ықыласының күш-
тiлiгi оларды жаңа округтердiң ашылуына ке лiсiм беруге итермелеген ең
басты себеп қана болып қойған жоқ, округтердiң ашылуына өтiнiш жасау ға
да түрт кi болды. Орыс империясының қол астына өтудi қазақтардың қабыл
алу ына олардың
арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әр түр лi
болыстардағы сұлтандар арасындағы билiк үшiн жанталасқан алауыз дықтар
да ықпал еттi».
Коншин Н. Павлодардан Қарқаралыға дейiн//Қазақ этнографиясы бо йынша
жазылған еңбектер. Павлодар, 2005, 89–92-беттер.
Жаңа округтер ашылуының себептерi неде болды?
*
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
81
§23–24.
Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресінің себеп-
салдарын анықтаймыз. Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға
береміз.
Достарыңызбен бөлісу: