Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Қазақ хандығының қалпына келтiрiлуi



Pdf көрінісі
бет78/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   181
7 сын

4. Қазақ хандығының қалпына келтiрiлуi
1841 жылдың қыргүйек айында үш жүздiң өкiл-
дерi бас қосқан жиында Кенесары Қа сымұлы
хан сайланды. Сөйтiп, Қазақ хандығы қалпына 
келтiрiлдi. Пат ша үкi ме тi бұл жайсыз хабарды 
өте өкiнiш сезiмiмен естiп-бiлдi. Ендiгi жер де Ке-
несары бастаған көтерiлiс ұйымдасқан сипат ала 
бастады. Ұлт-азаттық күрестi табысты жүргiзу 
үшiн Кенесары хан бiр орталықтан басқарылатын 
мемлекет құрды. Оны ханның өзi басқарды. Хан-
ның жанынан жоғарғы кеңесшi орган – өзiне 
барынша адал бе рiл ген батырлар, билер мен 
сұлтандардан тұ ратын арнайы 
Кеңес құрылды. 
Кенесары хан дықты өзiнiң сенiмдi адамдары – 
жасауылдар арқылы басқарды. Олар сот iсiмен, 
ша руашылық мәселелерiмен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-са -
лық жинаумен және әске ри iстермен айналысты. Жасауылдар соны мен 
қатар орталық өкiмет билiгi берген нұсқаулардың мұқият орын далуын, 
мал жайылымдарының дұрыс бөлiнiп, тиiмдi пайдала нылуын бақылады, 
халықтың көңiл күйiн де қадағалады. Хан билiгi қыз ме тiнiң оңды нәти-
желерi ретiнде оның қол астындағы халық ара сында алауыздық пен ба-
рымта алу жойылды.
5. Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты.
Кенесары ең ал-
дымен алым-салық төлеудiң тәртiбiн ретке келтiрдi. 
Мал өсi ру шi лер – 
зекет, ал егiншiлер – ұшыр 
төлейтiн болды.
Патша әскер ле рiмен соғысты одан әрi жалғастыру 
қосымша материалдық және қар жы шығындарын 
қажет еттi. Сондықтан алым-салықтың қо сымша 
түрi енгiзiлдi: халықтан киiм-кешек, қару-жарақ, 
ат әбзел де рiн жинау қол ға алынды. 
Кө терiлiске деп жиналған астықты патша үкi метi жиi-жиi тәркiлеп 
кетiп жүрдi. Тә уекел етiп, көтерi лiсшiлерге ас тық апарып сатқандар 
жаза лаушы әскердiң қа һа рына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақ-
тар дың егiншiлiкпен айналысуын қатты қол дады. Көпестердiң сау да 
керуендерiнен алы натын баж салығы едәуiр табыс беретiнiн ескерген 
Ке несары оларды тонауға ты йым салды. Сауда керуендерiнiң толық 
қор ғалуын қамтамасыз еттi. Керуен басыларын жеке өзi қабылдап та 
Кенесарының
отаршыл әкімшілікке 
жолдаған хаты
талдау жаса
Қазақ хандығының 
қалпына келтірілуі 
қандай өзгерістерге 
алып келді?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


93
отыр ды. Баж салығынан түскен қаржы ға Орта Азия базарынан қару-
жа рақтар мен оқ-дәрi са тып алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет