154
Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты-
на бейімделген еді. ХІХ ғасырдың 20-жылдары-
нан бастап патша үкіметі қазақтың әлеуметтік
құрылымының өзгеріске ұшырауына жеткізді.
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың 20–90-жылдары
аралығында
сұлтандар билігін әлсіретіп, билер
сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отар-
шыл өкімет
орындарының жалпыимпериялық
басқару тәртібін енгізуіне көп кедергі келтіретін
еді. Билер қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық
тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін
қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп
отыратын. ХVІІІ ғасырда мемлекеттік және
қоғамдық
қызметтің маңыздылығы, шешендік
өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан
Қазақстан тарихында
өшпес із қалдырған атақ-
ты билер болды. Олар – Ұлы жүздегі
Төле би,
Орта жүздегі
Қазыбек би және Кіші жүздегі
Әйтеке би. ХІХ ғасырда Өткел би, Аслан би т.б.
билердің есімдері халық арасында кеңінен таныл-
ды. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері
билер сотының
бұрынғы қалпында өзгеріссіз
қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көр-
некті ғалымы Шоқан
Уәлиханов билер сотына
жоғары баға берді. Патша үкіметі қазақтың
би лік құрылымына сұлтандарды да ығысты-
ра бастады. 1867–1868
жылдардағы әкімшілік
рефор малар сұлтандардың артықшылықтарын
шек теп, қарапайым қазақтардың құқықтарымен
теңестірді.
Достарыңызбен бөлісу: