4. Әбiлқайыр ханның және оның төңiрегiндегiлердiң ресейдiң қол
астына өтуін қабылдауы.
А. Тевкелев Ресей империясының сенiмдi
өкi лi екен дiгiн алға тартып, дүние-мүлiкке қызықтыру, пара беру,
уәде лi келiсiмге көндiру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жа сап
қорқыту арқылы келiссөздердi ақыры өз пайдасына шештi. Ресей елшiсi
Әбiлқайырдың төңiрегiндегiлердi Ресейдiң қол астына өтуге көндiрдi.
1731 жылдың 10 қазан күнi Әбiлқайыр хан, бiрқатар сұлтандар және
iрi билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына
өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және То был өзендерiнiң
арасындағы
Майтөбе деген шат қалда өттi. Ант қа былдауға барлығы 29
қазақ старшыны қатысты. Ол ең алдымен «хан партиясы» деп атала-
тын топтың мүшелерi болатын. Бiрiншi болып Әбiлқайыр хан, одан соң
оның төңiрегiндегiлер ант қабылдады. Қа зақ ақсүйектерiнiң едәуiр тобы
өз мүдделерiн көздеп, келiссөздер жүрiп жатқан кезде дипломатиялық
тапсырмамен келгендерге қол дау бiлдiрдi. Қазақ-
тардың Ресейдiң қол астына өтуi, мiне, осылай
бас талды. Әбiлқайыр Ресей патшасының тағына
адал болудың кепiлi ре тiнде өзiнiң ұлдарының бірін
Ресейге аманат жiберуге уәде еттi.
Ресейдiң дипломатиялық тапсырмамен келген
елшiлерi Қазақ стан аумағында бiр жылдан астам
уақыт бойы болды. Ол қазақ қоға мын егжей-тегжейлi
жан-жақты зерттедi, қаншалықты мол мүм кiн дiк тер бар екенiн байқап
қарады. А. Тевкелев Кiшi жүзде ат қарған сәттi дипломатиялық қызметi
үшiн әуелi полковник, одан сәл кейiнi рек орыс армиясының генералы
әскери шенiн алды. Ақы рын да оның ұрпақтары
Орынбор өлкесiндегi iрi-iрi поме щиктерге айналды.
Олардың мыңдаған басыбайлы ша руа лары болды.
Ал башқұрт старшинасы
Таймас Шайымовқа тар хан
атағы берiлдi.
Әбiлқайыр хан Ресейдiң қол астына өтудi қабыл-
дағаннан кейiн Кiшi жүз қазақтарының арасындағы
Достарыңызбен бөлісу: |