51
2. Ағаш бұйымдар. Ағаштан жасалған бұ-
й ым дар тұрмыста кеңінен қолданылған. Бұл
ма териал өте қолжетімді әрі бұйым даярлауға,
сон дай-ақ тасымалдау үшін де жеңіл еді. Мате-
риал ретінде қатты ағаштар: қайың, қараағаш,
үйеңкі қолданылды. Ағаштан киіз үйдің негізін
жасайтын шеберлерді
үйші деп атаған.
Шебер-
лер музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз, сыбызғы және түрлі еңбек
құралдары: айыр, тырма, күрек т.б. жасаған. Күнделікті тұрмыста
қайыңнан ойылған тегене, тостаған, қымыз құя-
тын ожау, үлкен ағаш астаулар мен ет салатын
табақтар кеңінен пайдаланылған. Бұл бұйымдар
ғажайып ою-өрнекпен безендірілген.
3. ұсталық және зергерлік өнер.
Темір өңдеу-
мен айналысатын мамандарды далалықтар
ұста
деп атаған. Олар шаруашылыққа қажетті түрлі
бұйымдар, қару-жарақ, ат әбзелдерін дайындап,
әсемдеп-көркемдеп отырған. Ер-тұрман әбзелдері:
тоқым, құйысқан, жүген, өмілдірік, тартпа, айыл, таралғы, қамшы жасау-
мен негізінен
ершілер айналысқан.
Зергерлер білезік, сырға, шолпы, жүзік,
алқа, сақина, қаптырма,
шашбау бұйымдарын
жасаған. Қазақ зергерлері сәндік әшекейлерді
әзірлеуде нақыштау,
дәнекерлеу, шеку сияқты
түрлі әдістерді меңгерген. Негізінен күміс пайда-
ланылған. Күміс жамандықтан сақтайтын таза ме-
талл деп есептелінген. Шеберлер мен зергерлердің
қолынан шыққан бұйымдар көздің жауын алатын-
дай өте керемет жасалған.
4. Тері өңдеу. Далалықтар тұрмысында аса кең
таралған материалдардың бірі
тері еді. Қазақтар
үй малының өңделген терілерінен киім-кешек,
ыдыс, белдік, аяқкиім, үй іші жиһаздық затта-
рын даярлаған. Оларды дайындау технологиясы
ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы қалыптасқан.
Тері өңдеу үшін
алдын ала оның еті мен майы
сыдырылған. Сосын оны кептіріп, іш жағынан
ашыған сүт және ұнмен өңдеген. Одан кейін тұзды
суға салып, бірнеше күнге осылай қалдырған.
Тұзға қаныққан соң қайта кептірген және қалған
шел қабатын пышақпен сыдырып тазалаған.
Халық
шеберлері
Торсық
Достарыңызбен бөлісу: