Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақстанда ғылымтану саласының даму үдерісін баяндаңыз.
2. Республикада этнопедагогикалық зерттеу әдіснамасының зерттелуін сипаттаңыз.
3. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттарын түсіндіріңіз.
4. Дидактикалық зерттеулердің жетістіктерін түсіндіріңіз.
5. Тарихи-педагогикалық және салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің даму
бағыттарын анықтаңыз.
4.5. Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығы
Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығын қалыптастыруда ғылыми-
зерттеу жұмысының маңызы ерекше. ХХ ғасырдың екінші жартысында
309
4.5. Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығы
педагогикалық білім берудің жалпы теориясы көлемінде педагогтің ғылы-
ми-зерттеу жұмысына даярлау мәселесі көкейкесті мәселеге айналды.
«Ғылыми-зерттеу жұмысы», «іс-әрекет шығармашылығы», «жаңа шыл-
дық» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты: іс-әрекет шығармашылығы
арқасында ғылыми-зерттеу жұмысы туады, ал жүйелі жүргізілген кез
келген ғылыми-зерттеу жұмысы нәтижесінде «ғылыми болжам» туындап,
жаңалық ашуға жол ашылады, яғни мұғалімнің инновациялық даярлығын
қалыптастыру мүмкіндігі кеңейеді. Философиялық әдебиеттерде кез келген
іс-әрекеттің инвариантты циклі төмендегідей жалпылама нобайда беріледі:
мақсат – құрал – нәтиже.
Мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау жоғары оқу орны қа-
бырғасынан бастау алуға тиіс. Мәселен, ғалымдардың пікірінше, болашақ
маманның жоғары оқу орнында алған білімі, біліктілігі, тәжірибесі бо ла-
шақта кәсіби шыңдалуына үлкен әсерін тигізеді.
Қазіргі кездегі педагогтің әдіснамалық дайындығы теориялық пайым-
дау мен практикалық әрекетті талап етеді. Әдіснамалық дайындық мазмұ-
ны жоғары кәсібилік, ойлаудың икемділігі, әдіснамалық рефлексия, ғы лы-
ми негіздеуге қабілеттілік, кейбір тұжырымдамаларды сын көзбен қа рай
отырып, шығармашылықпен қолдана білу, танымның формалары мен әдіс-
тері, басқару-құрастыру, кәсіби әрекет жағдайында өзгерістерге бағ дар лап
отыратын білімді меңгеруден тұрады.
Педагогикалық қызмет кәсіби негізделген, дәстүрлі емес жаңаша ше-
шімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік беретін әдіснамалық білімдер қо-
рында жүзеге асуы керек. Сондықтан әдіснама негізінен ұстанымдар жүйе-
сі туралы білімге, ғылыми зерттеудің логикасына алып келеді. Зерттеу әдіс-
тері жөніндегі білімдер өздерінің мәртебесі бойынша әдіснамалық болып
та былады.
Педагогикалық әдебиеттерде педагогтің зерттеушілік мәдениеті төмен-
дегідей аспектілерде қарастырылады:
– ғылыми-педагогикалық қабілеттілік (М.Н. Скаткин, т.б.);
– зерттеушілік білім, білік, дағды (Л. Горбунова. А.С. Тотанова, т.б.);
– кәсіби іс-әрекет (А.Е. Абылқасымова, М.С. Молдабекова);
– педагогикалық шығармашылық іс-әрекет (В.И. Скляной);
– зерттеушілік іс-әрекет (Н.В. Кухарев, А.И. Кочетов. А. Сыздыкбае-
ва, А. Жексембинова, т.б.);
– педагогикалық мәдениет (А.А. Молдажанова);
– ғылыми шығармашылқ іс-әрекет (Я.А. Пономарев және т.б.);
– педагогтің әдіснамалық мәдениеті (В.А. Сластенин, В.Э. Тамарин,
т.б.);
– педагогикалық ойлау іс-әрекеті (Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская,
Ж.Е. Сарсекеева);
4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
310
– кәсіби-зерттеу мәдениеті (З.А. Исаева, Р.Ч. Бектурганова, А.А. Бу-
латбаева және т.б.);
– зерттеу жұмысының құралы (П.Т. Приходько, Г.Б. Омарова. А. Ка-
зиева);
– кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі (А.К. Маркова, А.К. Мынбаева,
т.б.);
– кәсіби мәдениет (В.А. Сластенин және т.б.);
– әдіснамалық ойлау (О.С. Анисимов);
– педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру (К.М. Варшавский, Т.И. Сало-
матова);
– оқыту үдерісіндегі зерттеушілік іс-әрекет (Т.И. Шамова, Е.С. Онал-
беков және т.б.);
– инновациялық іс-әрекет (Л.С. Подымова, И.И. Цыркун және т.б.);
– технологиялық іс-әрекет (Г.К. Селевко);
– педагог менталитетінің құрышы (Б.Г. Гершунский және т.б.);
– рухани мәдениеттің құрамды бөлігі (Е.И. Артамонова, Г.М. Кертае-
ва, т.б.) [1; 2; 3].
Педагогикалық мәдениет – тәрбие мен білім берудің рухани және
материалдық құндылықтары кең көлемде көрініс табатын, тәрбие, білім беру
үдерісін жүзеге асыратын, тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар алмасуының
тарихи үрдісін қамтамасыз ететін шығармашылық іс-әрекеттер әдісі,
жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі.
Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысында болашақ мұғалімнің кәсіби іс-
әрекетінің интеграцияланған көрсеткіштерін ұсынады: педагогикалық іс-
әрекет қажеттілігі мен сұранысының мазмұны; мамандықтың маңызы ту-
ралы білім деңгейі мен мұғалімнің кәсіби рөлі, педагогикалық мәселелерді
шешу деңгейі және т.б.
ХХ ғасырдың соңындағы көптеген педагогикалық зерттеулер болашақ
мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесіне арналады. М.И. Дьяченко,
Л.А. Кан дыбович, В.А. Пономаренко және т.б. ғалымдар «Даярлау – қандай
да бір іс-әрекетті нәтижелі орындаудың алғышарты, іргетасы» деген
анықтаманы береді. Сондай-ақ ғалымдар мұғалімдерді педагогикалық іс-
әрекетке даярлаудың құрылымын көрсетеді: мотивациялық, бағыттылық,
операциялық, жігерлік, бағалау. Авторлар психологиялық даярлаудың
құрылымын, жолдарын тереңірек зерттеді.
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми-зерттеу
жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен: В.Н. Литовченко, В.Н. Намазов,
Н.С. Амелина, П.Ф. Кравчук, Г.М. Храмова, П. Часакбай, Р.Ч. Бектұрғанова,
С.П. Арсенова, Л.Ф. Авдеева, Г.В. Никитина және т.б. ғалымдар айналысуда.
Ғалым О.А. Абдуллина «Общепедагогическая подготовка учителя в
системе высшего педагогического образования» атты ғылыми жұмысында
311
4.5. Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығы
бірінші және соңғы курс студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына даяр-
лаудың кезеңді жұмысын ұсынады. Бірінші кезеңде студенттерді ка фед ра-
ның, жоғары оқу орнының, жеке мұғалімдердің жеке ғылыми-зерт теу жұ-
мыстарының тақырыптарымен, мазмұнымен, мақсаттарымен, бағыт та ры-
мен таныстырады. Екінші кезеңде оқу-тәрбие үрдісінде жекеленген пән-
дер бойынша зерттеу жұмысы ұйымдастырылады, студенттер алғашқы
зерттеудің қыры мен әдістерін меңгереді. Үшінші кезеңде жеке немесе
ұжымдық топтық зерттеу жұмыстары жүргізіледі, педагогикалық прак-
тика кезеңінде студенттер тікелей ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді,
сынақтан өткізеді, нәтижесін бағалайды, тұжырымдар жасап, ғылыми бол-
жам ұсынып, ғылыми жоба жарыстарына қатыса алады.
Қазіргі кезеңде жалпы қоғам талабына сәйкес, педагогикалық жоғары
оқу орындарында болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмысын жаңа
бағытта жүргізу қолға алынуда. Жалпы мұғалімнің зерттеу іс-әрекеті
төмендегідей логикалық байланыста құрылады: рефлексия – ғылыми зерт-
теу – практика – рефлексия.
В.Б. Бондаревская, Л.Л. Горбунова, Г.С. Сухобская, Л.Н. Маркина,
А.И. Кочетов, М.Н. Станкин, А.С. Сиденко, В.И. Загвязинский, Н.В. Куха-
рев, Н.Л. Селиванова және т.б. ғалымдар зерттеу жұмысын жаңадан бастаған
жас мамандарға әдістемелік нұсқаулар, кеңестер береді. Мәселен, ғалым
В.Б. Бондаревская ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің төмендегідей іс-
әрекеттік алгоритмін ұсынады: тақырып таңдау, жұмыс жоспарын құру,
жұмыстың мақсат-міндеттерін анықтау, зерттеу тақырыбына байланысты
биб лиографиялық көрсеткіштер тізімін жасау, зерттеудің нақты әдісін таң-
дау, зерттеу жүргізу, эксперимент нәтижесін өңдеу, қорытынды жасау, т.б.
Г.С. Сухобская, Л.Л. Горбуновалар өз зерттеулерінде мұғалімнің зерт-
теу іскерліктеріне мазмұнды сипаттама береді:
– оқушының қиындықтарын алдын ала болжай алу және ол қи ын-
дық ты болдырмайтын не оңай шешетін тапсырмалар құрастыра алу;
– оқушының іс-әрекетті жобалай және бағалай алуы;
– оқушы шығармашылығын ынталандыра алуы;
– – пәнге қызығушылық танытатын оқушымен жеке жұмыс жүргізу;
– үлгермейтін оқушылармен қосымша сабақ өткізу;
– оқушының іс-әрекетін бағалау өлшемін негіздеу және дұрыс таңдау;
– педагогикалық іс тәжірибені талдау, тарату, насихаттау;
– тақырыпқа байланысты әдебиеттерді дұрыс талдау;
– әдістемелік тақырыпқа байланысты жұмыстың мақсатын, міндет-
терін анықтау;
– тақырып бойынша жұмыстың негізгі кезеңдерін анықтау;
– педагогикалық іс тәжірибені талдау;
– жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі идеяларын тұжырымдау;
|