Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым


Білім алушының ғылыми мектептегі қызметінің құрылымының нәтижелері



Pdf көрінісі
бет134/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Білім алушының ғылыми мектептегі қызметінің құрылымының нәтижелері
1
2
3
4
Ғылыми мектепте 
берілетін білім 
түрлері
Ғылыми мектептегі 
білімдерді жеткізу 
формалары
Білім алушының 
рефлексивті қызметін 
ғылыми мекеме 
деңгейіне көтеру 
(проф. Ш.Т. Таубаева)
Білім алушының 
қызметін 
рефлексивтеудің 
педагогиканың 
жүйелік-ойлау-
әрекеттік деңгейінде 
көрінуі (проф. 
И.Д. Фрумин, 
А.Г. Каспржак, 
В.А. Гуляев, т.б.)
Білім алушы-
ны іс-әрекетке 
ғылымнан 
тыс жалпы 
мәдениеттік білім 
қорында даярлау
Мұғалім ғылыми 
білімнің жалпы 
мәдени бөліктерін 
беруі
Сабаққа қатысу, 
сабақтың 
әдістемесімен та-
нысу, «мұғалім» 
мен оқушының 
жариялымдарын, 
кітап көрмелеріне 
қатысуларын, са-
лыстыру, талдау, 
жіктеуге үйрену 
– ақпараттармен та-
нысу.
Эмперикалық 
тәжірибені ұғыну, 
кәсіби педагогикалық 
қызмет тәжірибесі, 
қарама-қайшылық 
мәселесі, қабылданған 
білімнен бас 
тарту, әртүрлі 
тұжырымдамалармен 
және теориялармен 
танысу – позиция-
ларды сынау және 
мәселелендіру
Зерттеу 
бағдарламасын 
іске асыруға 
арналған опера-
циялар
мен рәсімдер
Білім алушыға 
операция тәсілдері 
туралы білімді 
әртүрлі мысалдардың 
көмегімен түсіндіру
Есеп, 
пікір,бағдарлама, 
жоба, ғылыми зерттеу 
жұмысын жазу, басқа 
ғылыми мектептің 
қызметін талдау – іс-
әрекеттің технология-
ландырылуы
Жаңа нормаларды 
және қызметтің 
құрамдас бөліктерін 
игеру, ақпараттарды 
құрастыру және 
ұғыну, ғылыми зерттеу 
жұмысын жазу, эссе, 
жағдаяттарды талдау, 
мәселенің мәнін зерт-
теу – аналитикалық 
қызметті игеру


331
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
1
2
3
4
Зерттеу 
бағдарламасын 
басқа білім 
жүйесіне 
бұру, зерттеу 
бағдарламасын 
тұжырымдамалық 
деңгейде шешу 
мен өрлеудегі 
эвристикалық 
заңдылықтар
Логика-
математикалық және 
эксперименталдық 
тәсілдерді, опера- 
циялармен 
құралдарды ұғыну
Модельдеу, жобалау, 
басқа жұмыстарды 
талқылау, ғылыми-
методикалық 
жұмысты әзірлеу, 
ғылыми мақалалар – 
зерттеу бағдарламасы 
мен зерттеу 
қызметінің жалпы 
мазмұнын өңдеу
Жобалау, ойындық 
модельдеу, 
конфликтологияның 
негізгі құрылымын 
меңгеру, 
бағдарламалық анализ 
және жоба, топтық 
жұмыс – жобалалық 
қызметті игеруі
Адекватты 
бағалаудың 
эвристикалық 
шарттары, зерттеу 
бағдарламасы, 
ғылымның 
даму логикасы-
мен сәйкестігі, 
жаңа зерттеу 
бағдарламасын 
құру шарттары
Тәжірибенің 
тұжырымдамалық 
техникасын 
меңгеру, зерттеу 
бағдарламасын 
орындау тәсілдерінің 
белгілі бір 
тұжырымдар арқылы 
жүзеге асуы
Ғылыми-
педагогикалық 
білімнің жеке матри-
цасын құру, сызбалар 
мен модельдерді құру, 
зерттеу жұмысын өз 
бетімен орындау және 
қажетті дағдыларды 
меңгеру,зерттеу 
жұмысының орын-
далуы мен қорғалуы 
–зияткерлік өнімді 
өндіру
Семинарларға, 
біліктілікті арттыру 
бағдарламаларына 
әртүрлі ақпаратты 
меңгеру,алынған 
білімдерді өзінің 
кәсіби қызметінде 
пайдалануы, зерттеудің 
мәселесі мен зерт-
теу жұмысының 
орындалуындағы 
позицияның болуы 
–зияткерлік және 
қоғамдық мәдени жо-
баны іске асыру
Ғылыми 
бірлестіктердегі 
кәсіби және 
әлеуметтік мінез-
құлық нормасы
Мұғалім білімінің 
оқушыға берілуі, т.б. 
деңгейлердің жүзеге 
асуы
Мұғалімнің 
қалыптасқан және 
мүмкін болатын 
ғылыми еңбегі, 
ғылыми-зерттеу 
әрекетінің стилі, 
ойлау әрекеті, 
мұғалімнің түсінуі 
және болашақ өзіндік 
логикалық ойлауы 
– ғылыми мектеп 
жүйесіндегі қызметтің 
жеке стилін өңдеу
Ойлау стратегиясының 
нормаларын 
ақпараттар арқылы 
меңгеру, мектеп ішілік 
мәдениеттің сақталуы, 
жұмыс қорытындысын 
презентациялау – жеке 
көзқарастар
Біз ғылыми мектептің 3 жіктеуіштен тұратындығын көрсетеміз: ғы-
лы ми бағыттағы мектептің негізінің жасақталуы және мектептің негізін 
қалаушылардың тұлғалық сапалары. 2 ғана жіктеуіш тұр. Әрине, зерттеуші-
педагогтің қалыптасу жолында ғылыми жетекшінің тұлғалық және кәсіби 
сапалары маңызды орынға ие.
Осы жерде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Надежда 
Дмитриевна Хмельдің атап көрсеткен ғылыми мектептің зерттеушілік ат-


4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
332
мосферасын сипаттаған бірнеше ерекше қырларына тоқталып өтсек. Про-
фессор жұмысының айрықша стилі – жеке адамгершілікпен сипатталатын 
жоғары дәрежедегі ғылыми талап ете білу, сынның негізін қалау және оған 
ашық көзқарас. Ғылыми көшбасшының оқушылармен әңгімесі «әңгіме-
оқыту» қағидасында жүзеге асты, оқу үдерісінің мақсатты жорамалдау 
кезеңіне оқу уақыты көбірек бөлінді.
Нағыз ғылыми жетекші мен ғылыми мектептің көшбасшысы, әрине, 
өздерінің тұжырымдамаларымен ерекшеленеді, олар сыртқы немесе іш кі 
қақтығыстар мен келіспеушіліктерге қарамастан өздерінің ғылыми көз-
қарастарын еш өзгертпейді және соны дәлелдеп шығуға бар күш-жігерлерін 
жұмсайды. Жалпы айтатын болсақ, олар «солистің талантына, алайда 
музыканттың темпераментіне ие оркестрде өнер көрсететін» адамдар. 
Соңында заманауи кезеңде ғылыми мектепті жүзеге асыруға алғышарт 
бола алатын тезистерді атап көрсетсек:
– ғылыми мектеп пен мақсаттың бірлігіне қол жеткізуде дара ерек-
шеліктердің болуы;
– ғылыми мектептің өкілдері арасындағы байланыс және бір-бірін 
мойындауы. Демек, ғылыми мектептің өкілдері бір-біріне сыйластық қарым-
қатынас таныта отырып, әрқайсысының ғылыми көзқарасын тыңдай білуі;
– өзін-өзі оқыту мен дамыту қызметіне көңіл бөлу;
– ғылыми мектептің көшбасшыларының беделін бақылауда ұстау 
және ғылыми мектеп өкілдерінің қызметтерінің еркін әрі дара түрде жүзеге 
асуына жағдай жасау.
Осылайша, ғылыми мектептің болуына қатысты түрлі қайшылықтарға 
қарамастан, оның ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда алатын рөлі 
үлкен маңызға ие. Әрине, ғылыми жұмыс – жоғары деңгейдегі тұлғалық қызмет, 
сондықтан да әр зертхана өз жетекшісінің тұлғасын бейнелей білуі қажет.
Ғылыми-зерттеушілік жұмыстың өзіндік мазмұны өзгерер болса, он-
да ғылыми жетекші қызметінің мазмұны да үлкен өзгеріске ұшырайды. 
Жоғарыда айтылған пікірлерге сүйене отырып, заманауи ғылыми жетекші 
өз бойына төмендегідей кілттік талаптарды меңгере отырып, білгені жөн.
Біріншіден, бұл білім беру жүйесін ұйымдастыра білу қабілеті (дара, 
магистранттардың және т.б. білім беру жүйесін). 
Екіншіден, топта білім алу және серіктестіктегі өзара іс-әрекет дағ-
ды ларын меңгеру. Ғылыми жетекші өзінің жасы біршама үлкен білім алу-
шымен жұмыс істеп отырғандығын ұмытпаған жөн. Алайда кейде жастық 
ерекшеліктері аса байқалмайтын білім алушылармен де бірлескен түрде 
қызмет ететін жайттар кездеседі. 
Үшіншіден, көп жағдайда ғылыми жетекшітек қана тьютордың, 
тәлімгердің, кеңесшінің және протехниктің қызметін атқарады. 
Сонымен, оқытуды ұйымдастыру барысында ғылыми жетекші білім 
алушымен бірлесе отырып атқарылған жұмыстың болашақтағы нәтижесінің 


333
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
қандай болатындығын, қандай кедергілерге тап болуы мүмкін екендігін 
анық түсініп, болжам жасай білуі аса қажет. Осыған байланысты ол екі 
міндетті қатар атқарады: басқарушылық және көшбасшылық. Ол өзінің 
магистранттарын тарта отырып қысқа мерзімдік мақсаттарды анықтайды 
және жүзеге асырады. Сонымен қатар ғылыми мектептің дамуына көмек 
болатын жаңа жобаларды басқаруда өз алдына аса салмақты мақсаттарды 
айқындайды. Мысалы, ғылыми жетекші үшін қысқа мерзімдік мақсат 
ретінде магистрлік диссертацияны атап көрсетсе болады, ал стратегиялық 
мазмұнда қарастырар болсақ, осы зерттеудің ғылыми мектеп жүйесінде 
қалыптасып, тұрақталып қалуын атап келтірсе болады. 
Бұл жағдайда ізденісті ғылыми басқару мен ұйымдастырудың келе-
сідей ережелері айқындалған: әрқайсысы – оқушы-энтузиаст, әрқай сы-
сы – мұғалім, тәлімгер, тренер; әрқайсысы – шығармашыл, ойшыл; әр-
қайсысы жағымды үлес қосады; әрқайсысы – өз-өзіне менеджер: әр қай-
сысы сәйкесінше өз жұмысында өте белсенді. Осындай білім беру жүйе сін 
ұйым дастыруда оның дәстүрлі мазмұнынан бөлек төмендегідей артық шы-
лықтарын атап көрсеткен жөн:
– ортақ жұмыстың әр қатысушысы тұлғалық және жалпы мақсаттарды 
анық айқындап, жүзеге асырады.
– ақпаратты жеткізу үдерісі айқын әрі өте жеңіл болуы керек, себебі 
ақпарат әрқайсысына қолжетімді болғаны дұрыс;
– өздерінің жадтарынан шыққан жаңа идеяларымен жұмыс істей тін 
білім алушыларды мадақтап отыру керекжәне «бұл жерде ойдан шы ғар-
майды» деген синдромның тамырын кескен жөн.
Білім алуда және педагогтардың мамандық біліктілігін жоғарылатуда 
серіктестік, бірлесе әрекет ету идеясы педагогтарды алдын ала даярлауға 
және жоғары санатты педагогтарға қол жеткізуге жағдай жасап отыр. 
Бірлескен түрде білім беру жүйесіне тоқталар болсақ, ол педагогтардың 
кәсіби өсуінің маңызды қайнар көзі болып табылады.
Бірлескен түрде білім беру идеясы қазіргі таңда білім беру ұйымдарының 
дамуына, инновациялық қызметінің жаңаруына немесе тәжірибелік-
эксперименталды жұмысының жүргізілуіне, жобаларды зерттеу мен жүзеге 
асыру жұмыстарына байланысты мәселелерді шешуде қолданылатын 
оңтайлы жол ретінде қарастырылуда. 
Бірлескен білім беру идеясының білім беру ұйымдары үшін қандай 
артықшылықтарды анықтап көрсете алатындығын төмендегі тізбектен көре 
аласыз:
– білім берудегі құбылмалы жағдаятқа сәйкесінше әсер ете алу 
мүмкіндігі;
– білім беру үдерісінің үзіліссіздігі, яғни білім алу үдерісі кәсіби ман-
сап кезінде, жұмыс барысында да жүзеге асырылуын тоқтатпайды;


4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
334
– пәндік дайындық қана емес, сонымен қатар пәнаралық және пәннен 
тыс дайындықты жүзеге асыру мүмкіндігі;
– магистранттардың топтық жұмысын жүзеге асыру мүмкіндігі;
– магистранттардың құнды еңбектерін білім беру жүйесінің жаңа 
бағытын жасақтауға пайдалану;
– белгілі бір мәселені шешу мақсатында белгілі бір санаулы магис-
транттарға мамандығына тән үздіксіз әдістемелік көмек көрсету;
– магистранттың деңгейімен қатар, өзі қызмет ететін жоғары оқу 
орнының ерекшеліктерін жоғары деңгейде ескеру мүмкіндігі.
– Тәлімгерлік қызметте өзіңнің белгілі бір уақыт аралығында жи-
наған тәжірибеңмен бөлісуің немесе келесі адамға жеткізу мүмкіндігің. Тә-
лімгерліктің ұстанымдары төменде көрсетілген:
– үздіксіз қарым-қатынас орнату мүмкіндігі;
– тәлімгер дайын шешімнің орнына тек идеялар мен басқа да нұсқалар 
ұсынады;
– тәлімгер тәлім алушыны үнемі бағыттап отырады және оның 
қызметін бақылауда ұстайды,
– белгілі бір мәселе туындаған жағдайда тәлімгер мен тәлім алушының 
бірлесе отырып әрекет етуі.
Жалпы алғанда, тәлімгерлік – бұл ғылыми жетекші тарапынан көр се-
тілетін көмек және оны келесідей ұғымдармен толықтыруға болады: өзінің 
ғылыми-зерттеушілік қызметі және зерттеуді жүргізу мен ұйымдастырудың, 
ғылыми қызмет этикасының ережелерін меңгеруі барысында жинақтаған 
білімін жеткізу.
«Тьютор» ұғымының мағынасы кең, ауқымды. Г.М. Коджаспированың 
пайымдауынша, тьютор (тьютер) бұл – 
1) ХІХ ғасырдағы ғылыми мекеменің қараушысы;
2) студенттің жеке-дара ғылыми жетекшісі;
3) үйде оқытушы, репетитор;
4) білім беру мекемесіндегі тәрбиеші, куратор;
5) қорғаушы, қамқоршы, асырап алушы.
В.Н. Азаров, Б.В.Бойцов, Ю.В. Шменов тьюторлық қызметтің міндеті 
мен қызметтеріне арналған еңбектерінде оның келесідей ерекшеліктерін 
атап көрсетеді:
1. Білім беру жүйесінің тұтас әрі өз бетінше жүзеге асуын қадағалау 
жауапкершілігін тьюторға артса болады. Сондай-ақ ол басынан аяғына дейін 
және басқа тьюторлармен біріге отырып сабақ жүргізе алу мүмкіндігі бар.
2. Құзыреттіліктері мен оқу үдерісінде атқаратын рөлдеріне орай 
тьюторларды анықтау. Тьютордың жоғары дәрежедегі құзыреттілігі оның 
қызмет аясына сай дамып отырады және оның құрауыштары:
– білім алушылармен бірге сабақ жүргізу;
– тәлімгерлік қызмет;


335
4.6. Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
– оқу және дидактикалық материалдарды даярлау;
– оқу модульдерін жасақтау;
– білім беру мәселелерін зерттеуді ұйымдастыру.
Бұл қызметтердің мәні мен мазмұны төменде ашып көрсетілген:
Мақсатты қызмет. Тьютор білім беру үдерісі мен мазмұнының тұтас 
көрінісіне сүйене отырып білім беруді жобалайды, соның негізінде ұзақ 
мерзімді (тұтас білім беру үрдісі бойына) және қысқа мерзімді (білім 
берудің белгілі бір элементіне байланысты) мақсаттарды айқындайды және 
қажет болған жағдайда түзетеді.
Мотивациялық қызмет. Егер де білім алушылардың осы саладағы қы-
зығушылықтары жоғары дәрежеде көрініс тапса, онда білім беру жоғары 
деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізеді. Бұл жағдайда «тьютор» білім алу-
шы лардың білім алуға деген қажеттіліктерін туындатуға және соған жағдай 
жасауға тырысады. Тьюторға қойылатын басты міндет – білім алушының 
өз мақсаттарын анықтауына көмектесу.
Пәндік-теориялық қызмет. Тьютор білім алушылардың белгілі бір 
теориялық мазмұндағы курс материалын меңгеруін қадағалайды.
Әкімшілік қызмет. Тьютор жұмыс кеңістігін, оқу қызметін ұйым дас-
ты рады, басқарудың және басқарушылық қызметті талдаудың белгілі бір 
дағ дыларына үйретеді.
Рефлексиялық қызмет. Тьютор – бұл білім алушылармен орнатылатын 
«бейнелі» кері байланыс. Соның нәтижесінде тьютор өз жұмысының қан-
шалықты нәтижелілігіне баға бере алады. 
Диагностикалық, жобалаушылық және коммуникативтік қызмет. Білім 
алушылар мен тьютор арасындағы қарым-қатынасты жоғарылатады. Соны-
мен қатар берілген қызметті жоғары дәрежеде атқарады, нақты қызметті 
және рөлдерді меңгереді:
– жобалаушы;
– мұғалім;
– кеңес беруші;
– білім беру үдерісіндегі ұйымдастырушы мен менеджер;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет