Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет122/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
302
тілін жетілдіру, «адам-адам» жүйесіндегі мамандардың деонтологиялық 
даярлығын қалыптастыру, кәсіптік білім берудің деонтологиялық қыры.
Мұғалімнің кәсіби қалыптасуы сол кезеңдегі білім жүйесінің дамуымен 
тікелей байланысты болғандықтан, Қазақстанның білім саласының жағдайы 
мен маман кадрлар даярлау мәселелеріне арналған ғылыми-педагогикалық 
еңбектерде: еліміздегі педагогика ғылымының, мектептердің дамуы
(Қ. Бержанов, А.И. Сембаев, Ә. Сытдықов, Т. Тәжібаев, Г.М. Храпчен-
ков, С. Мусин, И.Б. Мадин, Қ.Б. Сейталиев, К.Қ. Құнантаева және т.б.); 
болашақ мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыда дайын-
дау (А.Е. Әбілқасымова, Б. Баймұханов, Т.С. Сабыров, М.Ж. Жадрина,
С.А. Жолдасбекова, Ә.А. Молдажанова, С.С. Маусымбаев, А. Нұғысова,
Д. Рахымбек, Қ.Ж. Қарақұлов, Б. Қасқатаева және т.б.); экологиялық 
тұрғыда дайындау (М.Н. Сарыбеков және т.б.); болашақ мамандарды 
дайын даудағы біртұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практи-
касы, жоғары мектеп дидактикасының дамуы (Н.Д. Хмель, А.А. Бей-
сенбаева, Е. Жұматаева, С.Т. Каргин, К.С. Успанов және т.б.); педагогтің 
зерт теушілік мәдениетін, шығармашылық ізденісін қалыптастыру
(З.А. Исае ва, Е.И. Бурдина, Б.А. Тұрғынбаева және т.б.); қазақ этнопеда-
гогикасы негізінде жеке тұлғаны дамыту (Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев,
Ә. Табылдиев, Б.А. Тойлыбаев, К.Ж. Қожахметова, А.А. Қалыбекова,
А.С. Мағауова, Р.К. Төлеубекова, Қ. Бөлеев, М.Х. Балтабаев, А.Б. Аби-
булаева, С.А. Ұзақбаева, А.Б. Нұрлыбекова, Ш.М. Мұхтарова және т.б.); 
болашақ маманға кәсіптік білім беру (М.Ә. Құдайқұлов, К.А. Дүйсенбаев, 
А.П. Сейтешев, И.Б. Сиқымбаев, А.А. Жолдасбеков, А.М. Әбдіров және 
т.б.), жоғары оқу орындарында студенттерге кәсіби білім беру мәселелері 
(Ш.А. Абдраман, Т.Ә. Қышқашбаев, О. Мұсабеков, О. Сыздықов,
А.Қ. Қозыбай және т.б.), салыстырмалы педагогика (А.Қ. Құсайынов, 
Қ.С. Мусин, Г.Қ. Нұрғалиева және т.б.); компьютерлік технологияны оқу 
үдерісіне енгізіп, болашақ мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдануға даярлау (Т.О. Балықбаев, Е.Ы. Бидайбеков, 
З.Ж. Жаңабаев, Қ.Қ. Қабдықайыров, С.М. Кеңесбаев, М.С. Мәлібекова, 
Б.Д. Сыдықов, Л.А. Шкутина, Г.О. Тәжіғұлова және т.б.) мәселелері жан-
жақты талданған.
Республикада білім беруді басқару саласында жоғары оқу орындарын, 
олардағы білім беру үдерісін басқару, мектепті басқару, педагогикалық 
менеджмент мәселелері зерттелуде (С. Әбдіманапов, Н.А. Асанов,
Г.С. Минажева, З.А. Исаева, Т.М. Баймолдаев, Н.С. Әлғожаева, З.М. Садва-
касова және т.б.).
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер технологиясы В.В. Егоров пен
Э.Г. Скибицкийдің кітабында көрініс тапты.


303
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Егоров Виктор Владимирович – педагогика ғы­
лы мдарының докторы, профессор. Халықаралық ақ­
параттандыру академиясының, Ресей кәсіптік бі лім 
беру академиясының академигі. 1995 жылы док торлық 
диссертация қорғады. 1996–2006 жылдары Е.А. Бөкетов 
атындағы Карағанды мемлекеттік уни вер ситетінің дека­
ны қызметін атқарды. Ғылыми бағыты – кәсіптік педа­
гогика. Профессордың ғы лы ми мектебінде 6 докторлық, 
32 кандидаттық диссертация қорғалды.
В.В. Егоров 600­ден аса еңбек жариялады,
40 өнертапқыштық патенттің иегері, электрондық оқулықтар, оқу бағдар­
ла маларын жазып жариялады.
Негізгі еңбектері: Егоров В.В., Скибицкий Э.Г. Организация и техноло­
гия научного исследования. – Новосибирск: ОАО «Новосибирское книжное 
издательство», 2006. – 426 с. [72].
Көптеген ғалымдар (З.А. Исаева, Р.Ч. Бектұрғанова, Н.А. Шамельха­
нова жәнет.б.) білім алушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру 
мәселелерін зерттеді.
Исаева Зәуреш Абдразаққызы – педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор. 1996 жылдан 
2010 жылға дейін әл­Фараби атындағы Қазақ ұлт­
тық университеті жалпы және этникалық педа го­
гика кафедрасының меңгерушісі қызметін ат қар ды. 
1997 жылы «Университеттік білім беру жүйе сін дегі 
педагогтің кәсіптік­зерттеушілік мәдениетін қа­
лыптастыру» тақырыбында докторлық диссертация 
қорғады. Кафедраның жанынан жоғары мектеп 
педагогикасы мәселелерінің зертханасы ашылды. 
Кафедрада білім беру менеджерлерін көпдеңгейлі 
үздіксіз даярлау моделінің дамуының теориялық­
әдіснамалық негіздері тақырыбында ғылыми­педагогикалық зерттеу 
жүргізілді. 
Профессор З.А. Исаева – «Педагогика» оқулы ғының, тұжырым да ма­
лардың, оқу құралдарының авторы.
Ғылыми бағыты: зерттеушілік мәдениет, білім беру менеджерін даярлау 
жүйесі, «Педагогика» пәнінің мазмұны.
Профессор Н.Д. Хмельдің ғылыми мектебінде А.Қ. Рысбаева «табысты 
әрекет» категориясын түзді.
Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы – педагогика ғылымдарының док то ры, 
профессор, Қазақстан Пе да гогикалық ғылымдар академиясының академигі.
«Бөбек» Ұлттық ғылыми­практикалық, білім беружәне сауық ты­
ру орталығы Адамның үйлесімді дамуы институты рухани­адам гер шілік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет