Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет72/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
158
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
– оқушылардың оқығандығының педагогикалық диагностикасын 
жүргізу пәндік білімнің құрылымымен негізделеді, оқушы дайындығының 
сапасын және білім беру үдерісінің тиімділігін тексеру мен бағалаудың 
құралы және мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі бо-
лып келеді; 
– «оқығандық», «оқығандықтың педагогикалық диагностикасы» ұғым-
да рының анықтамасы; 
– мақсатты-тұжырымдамалық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, мазмұн-
дық-құралдық блоктардан тұратын, оқушылардың оқығандығының педа го-
гикалық диагностикасының үдерістік моделі; 
– оқығандықтың өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері
– оқушылардың оқығандығының педагогикалық диагностикасын 
ұйым дастыру технологиясы, тарих пәндері бойынша оқығандықты диаг-
нос тикалауға арналған тестілік және деңгейлік тапсырмалардан тұратын 
ба қылау-өлшеу материалдары;
– орта мектептің білім беру үдерісіндегі тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың нәтижелері, оқушылардың оқығандығын диагностикалау бары-
сында ғылыми негізделген ұсыныстар.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар зерттеушінің алған нәтижесі болған-
дықтан, оны қорғау керек. Мәні жағынан олар болжамдағы бейнеленген 
авторлық идеялар. Мазмұны қорғалуға тиісті қағидалар болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар реттелген тезистер түрінде беріледі. 
Әрбір тезис қорытынды тұжырым ретінде көрсетіледі. Диссертацияда
3-4 немесе кейде одан да көп қағидалар қорғалады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Зерттеу нәтижелері дегеніміз не?
2. Зерттеу нәтижелерінің негізгі бөліктерін сипаттаңыз.
3. Іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижелерінің айырмашылықтарын негіздеңіз.
4. Қорғауға ұсынылатын қағидаларды құрастыру ережелері қандай?
5. Қорғауға ұсынылатын қағидаларда зерттеу нәтижелерінің жаңашылдығы мен 
теориялық мәнін баяндауда ашылған мәселелер қайталанбауына қалай көз жет-кі-
зу ге болады? 
6. Өз диссертацияңыз бойынша қорғауға ұсынылатын қағидаларды сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет