Дала уалаятының газеті. Әдеби нұсқалар. – Алматы: Ғылым, 1989. – 656 б.
Әдеби мұра. (Құрастырған Ү. Сүбханбердина). – Алматы: Жазушы, 1970.
Академические школы в русском литературоведении. – М.: Наука, 1975.
Абай тағлымы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 432 б.
Бөкейханов Ә. Таңдамалы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. –560 б.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995. – 720 б.
Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1967. – 290 б.
Алаш ақиықтары. 5 томдық. – Алматы: Алаш, 2006.
Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы, 1964. 315 б.
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім,1995. – 288 б.
20-30-жылдардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым. 1997. 390 б.
С. Мұқанов. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2008. – 384 б.
Айқап. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 367 б.
Қазақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. – 397 б.
Қазақ филологиясының мәселелері. – Алматы: ҚазМУ баспа, 1979. –131 б.
Қазақ фольклористикасының тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988. – 430 б.
КІРІСПЕ
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТУУ ДӘУІРІ 1900-1904 ЖЖ.)
1-ТАРАУ. Әдебиет тарихын зерттеу мен дәуірлеудегі ізденістер
Қазақ халқының тарихында ұлы өзгерістер мен қиын-қыстауларға толы ХХ ғасыр туды. Ресейдегі қо- ғамдық-саяси оқиғалар ғасыр ба- сындағы ұлттық сананың өсуіне, қо- ғамдық ой-пікірінің әлеуметтік мә- селелерге батыл араласа бастауына ықпал жасады. Ол отырықшылық пен көшпелілік, ел басқару ісіне ара- ласу, жер және заң-закон, ұлттық тә- уелсіздік, дін, оқу-ағарту секілді за- ман алға тартқан күрделі мәселелер- ді жан-жақты көтеріп, халық мүд- десі тұрғысынан шешуге талпынды. Қазақ зиялыларының ауызбірлігі- нің болмауынан әр түрлі бағыттағы пікірталастар туғанымен, қоғамдық ой-пікір өркен жая дамып, ұлттық сана қазақ даласына ене бастаған капиталистік қоғам талаптарына сай табылуға ұмтылыс жасай бастады. Осының барлығы жинақтала келіп ғасыр басындағы қазақ баспасөзін
туғызды, олар осы қоғамдық-әлеу- меттік ой-пікір орталығына айнал- ды, ұлттық публицистиканы дамыт- ты. Сонымен қатар, баспасөз ха- лықтық эстетикадан бастау алып, ХІХ ғасырда жанрлық сипат алуға ұмтылған әдеби сынды тудырды, ол көркем әдебиеттің дамуы мен оны зерттеу мәселелерін нақты және жан-жақты сөз етуде сәтті қадамдар жасады. Жазба әдебиет өркен жа- йып, жанрлық түрлері дамыды, қа- зақ лирикасы мен прозасы жаңа көр- кемдік ізденістерге ұмтылды. Фоль- клорлық және классикалық мұра- ның таңдаулы үлгілері жарияланды, әдеби жинақтарға енді, жеке кітап болып басылып шықты. Осыған сай әдеби сын да әр дәрежедегі эсте- тикалық биіктерге қол соза бастады. Кітап шығару ісі қызу қолға алын- ды. ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылы ішінде 500-ге тарта кітап жарық
көрді. Олардың ішінде халық ауыз әдебиетінің үлгілері, қиссалар, әде- би жинақтар, әліппелер мен оқу құралдары, сол кезеңдегі ақын-жазу- шылар шығармалары, т.б. бар. Клас- сикалық мұрадан Әбу Әли ибн Сина, Қожа Ахмет Яссауи, Шортанбай, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құ- нанбаев, Д. Бабатайұлы, М. Мөңке- ұлы шығармалары кітап болып жарық көріп, рухани қазаынаға айналды.
Орыс әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу жолын зерттеуші- лер ХVІ-ХVІІ ғасырдағы Ресейдегі әдеби-теориялық ой-сананың өсуіне, филологиялық білімнің көтерілуіне, біріншіден, поэзия теориясы, яғни өлеңтану саласындағы зерттеушілік жұмыстар әсер етті десе, екіншіден,
«другим важным моментом, ускорив- шим этот процесс, явилось введе- ние книгопечатания. Надо отметить, что вообще введение в европейских странах книгопечатания повсемест- но оказало огромное, если не сказать решающее, влияние на развитие и распространение знаний, в том числе и научных» деп жазады [3, 23]. Бұл тұрғыдан келсек, жоғарыдағы қазақ ақын-жазушыларының шы- ғармаларының әртүрлі жинақтар бо- лып жарық көруі, қазақ әдебиетінің тарихының мәселелері сол кездің өзінде-ақ қолға алынғанын байқа- тады. Ол өз тарапынан қалың оқыр- ман қауым мен қалыптасып келе жатқан қазақ интеллигенциясына
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір мен сыншылдық-эстетикалық көзқарас қалыптастырғаны даусыз.
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті оқулықтар, өлең кітаптар, қа- зақ тілінің тазалығы, басылып шық- қан халық ауыз әдебиеті жинақта- ры туралы рецензия мен сыни ма- қалаларды көп жариялау арқылы әдеби-тарихи ой-пікірді толықтыра түсті. Бұл тұрғыда айрықша көңіл аударатын бір мәселе – қазақ тілін- дегі оқулықтарға деген талап-тілек- тің күшеюі. А. В. Луначарскийдің
«Таза әдеби шығармалардан құ- ралған хрестоматия ғана емес, тіл біліміне арналған оқулықтардың өзі сыншылдық-ғылымдық ой-пі- кірмен сабақтасып жатады» деген пікіріне сүйенсек, М. Нұрбаевтың
«Қазақша әліппе», «Ғалия» медресесі шәкірттері шығарған «Әліппе яки төте оқу», Қ. Қожықовтың «Әліппе», М. Кәшімовтың «Ақыл кітабы» (1903), «Әдеп», «Үгіт» (1907), М. Мал-
дыбаевтың «Қазақша ең жаңа әліп- пе» (1910), А. Байтұрсыновтың «Тіл құралы» (1915), «Оқу құралы» (1912,
1914, 1915), М. Дибердиевтің «Қазақ балаларына қираәт кітабы» (1910), А. Аңдамасовтың «Қазақша оқу кіта- бы» (1912), Т. Жомартбаевтың «Ба- лаларға жеміс» (1912), С. Көбеевтің
«Үлгілі бала» (1912) атты оқу құ- ралдарының шығуы мен қазақтар- ға арналған орыс тілін үйрену үшін букварьлар, оқулықтар, сөздіктердің
шығуы құптарлық құбылыс болды. Сыни мақалалар оқулықтардың пе- дагогикалық сипаты мен таза қазақ тілінде болып балаларға түсінікті жазылуын талап еткенде Ы. Ал- тынсариннің «Хрестоматиясын» әр- қашан үлгіге ұсынып отырды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеттануындағы ғылыми-зерттеу- шілік ой-пікірдің толыса түскені- нің айқын көрінісін М. Сералиннің
«Шахнамеден» аударған «Рүстем- Сүһрапқа» жазған «Сөз басы» атты зерттеу мақаласынан көруге болады. Автор Фирдоусидің өмірі мен твор- чествосын және дастаны туралы өз көзқарасын білдіріп, шығыстың классикалық мұрасының жазылу тарихын, басқа тілдерге аударылуы мен зерттелуін таныстыру мақсатын көздеген. Сол себептен де аудар- машы ретінде тек текстімен ғана жұ- мыс істеп қоймай, аударуға кірісу барысында көп ізденіп, көп оқып, мол дайындықпен келіп, ғылыми пі- кір айта білумен де құнды.
Зерттеу нысанасы қазақ әде- биеті тарихының мәселесі немесе қазақ ақыны, оның шығармашылығы болмағанмен, бүкіл әлем әдебиет- шілері назар аударған «Шахнама» сияқты классикалық мұраны қазақ- тың қалам қайраткерлерінің ауда- руы мен зерттеуі төңкеріске дейінгі қазақтың ғылыми-сыншылдық ой- пікірінде үлкен жаңалық еді. Өйтке- ні «Шахнаманың» тарихи маңызын
ашуда кейбір салыстырмалар жасай отырып тиянақты пікір айтуға ұм- тылуы, басқа аудармашылар мен зерттеушілер туралы мол дерек кел- тіруі нағыз ғылыми-зерттеушілік си- паттағы мақала екенін көрсетеді.
М. Сералин шығармашылығын зерттеушілер назарына толық ілінбей жүрген осы мақалаға ғалым Т. Кәкі- шев «Сын сапары» монографиясын- да жан-жақты тоқтала келіп, ғылы- ми-сыншылдық ой-пікірді қалыптас- тыру жолындағы жаңашылдық си- патын ерекше атап: «Әдебиеттану ғылымының элементтері анық кө- рінетін, зерттеу еңбектерге тән бо- латын бірқыдыру детальдарға бой ұрған зерттеу», – деп бағалайды [2, 183]. Қандай да болсын ғылымның бірден қалыптаса салмайтынын, оның ішінде әдебиет туралы ғылымның туып-жетілуі әдеби-теориялық ұғым- дар системасының қалыптасуы мен ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің өсуі- не тікелей байланысты болса, қазақ баспасөзіндегі осындай құбылыстар қазақ әдебиеттану ғылымы өркендер мәнді арна тапқанын көрсетеді.
Қоғамдық ой-сананың осылайша өсуі мен әдеби сынның шешуші қа- дамдар жасауы әдеби-тарихи және теориялық бағыттағы ой-пікірдің ғы- лыми сапасының арта түсуіне әсер етпей қалмады. Әсіресе, әдебиет сынының ғасыр басындағы ұлт әде- биетінде үш түрлі бағыт бар екенін анықтап беруі жетекші роль атқар-
ды. Сын «ескі» және «жаңа» өлең туралы мәселе көтеріп, бұрынғы
«Зарқұм», «Сал-сал» сипатындағы өлеңдер мен «керекті-керексіз сөздің бәрін өлең қылып терген, кейіп жоқ, келісім жоқ» «қатын ойбайды» қатты сынап, үлгі-өнеге алатын бағыт ұлы Абай салған жол деп көрсетіп берді. Міне, осы кезде өзінің туу дәуіріне қадам басқан ұлттық әдебиеттану ғылымының алдында «бізде ұлттық әдебиет қандай деңгейде? Оның өт- кен тарихы қандай? Ол қай кезең- дерден басталды және көрнекті ақындары кім?» деген міндетті түрде шешіп алуға тиісті өзекті сұрақтар қойылды. Жалпы қандай да болсын елдің әдебиеттану ғылымы өзінің туу жолын осы секілді сұрақтарға жауап беруден бастайды. Өйткені, бұл сұрақтарға жауап беріп алмай, ұлттық әдебиеттің тарихи даму жолы мен негізгі ерекшеліктерін, басты кезеңдерін зерттеу мүмкін емес. Бұ- лар секілді проблемалық сұрақтарды шешу кейде жалпыдан жалқыға не- месе жалқыдан жалпыға қарай да- му заңдылығына орай жүргізіледі. Өзінің туу дәуіріне дейінгі тарихи алғы шарттарға толы дайындық кезе- ңіндегі қол жеткізген дәрежесіне сай әр ұлттың әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірі бұл сұрақтарды өз деңгейінде шешеді. Мысалы, орыс әдебиеттану ғылымы бұған өлеңтану саласындағы әдеби- теориялық бағыттағы зерттеулер
жүргізу арқылы келді. Бұл секілді маңызды сұрақтарға жауап бере ал- ған әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми- зерттеушілік ой-пікір ұлттық әде- биет туралы ғылымның туа бастаға- нын дәлелдеп шығады да, қалып- тасу дәуіріне дейінгі ізденістер мен іркілістерге толы сапарын бастайды.
Бұл секілді күрделі сұрақтарды ғасыр басындағы әдеби-тарихи ба- ғыттағы ой-пікірдің оңтайлы шешіп алуына, сол кездегі қоғамдық ойдың қазақ халқының шығу тегі және та- рихы туралы ғылыми-танымдық ма- ңызы зор мәселені көтеруі өз ықп- алын тигізді. Баспасөз бетіндегі ғы- лыми публицистикалық сипаттағы мақалалар халық тарихын, тұрмыс- тіршілігін, шығу тегіне байланысты аңыздар мен шежірелерді, дүние- танымдық көзқарасын, этнография- сын сөз етуінің әсері болмай қал- мады. Себебі, авторлар халық та- рихы туралы жазу барысында оның мәдениеті мен әдебиеті туралы өз ойларын да айтып қалып отырған.
«Айқап» журналындағы К. Бәтеш- ұлының «Қазақ шежіресі» (1911,
№3), С. Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» (1915, №14, 15), М. Қазақ- ұлының «Ғылым бабынан» (1911,
№1), Қ. Жастабановтың «Тағы да қазақ жері жайынан» (1912, № 4,
5, 6), Д. Қашқымбайұлының «Кел, қазақ, ел болайық!» (1911, №6), «Қа- зақ халқы тарихын уә шежіресін сұ- раушыларға» (1912, №11), Ғ. Мұ-
саның «Қазақ жайынан» (1913,
№13, 14, 17), «Тарих» (1914, № 4, 5,
6, 7, 8), М. Сералиннің «Қай заман қазақ Ресейге қараған» (1911, №1),
«Қазаққа тарих керек пе?» (1912,
№7), М. Ж. Көпеевтің «Туысқан ба- уырларға бір насихат» (1912, №7,8),
«Қазақ» газетіндегі М. Дулатовтың
«Алаш не сөз?» (1913, №15), «Тарихи жыл» (1917, №212), Ғ. Мусиннің
«Жетісу қазақтары жайынан» (1914,
№58), «Түрік баласының» «Қазақта муфтилік мәселесі» (1913, №11), «Та- рих жайынан» (1913, № 2, 3, 5, 9), Ә. Бөкейхановтың «Шәкәрімнің тү- рік, қырғыз, қазақ, һәм хандар шежі- ресіне» жазған сыны секілді мақала- лардың танымдық сипаты мол болды. Ол әдеби-тарихи бағыттағы ой-пікір- дің өткен ғасырда жинақтаған азды- көпті тәжірибесін пайдалана оты- рып, ұлт әдебиетін тарихи тұрғыда тану мәселелеріне батыл баруына үлкен демеу болды. Сондықтан ғасыр басындағы ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің негізгі бағытынан еуропа және орыс әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихында болып өткен мәдени-тарихи мектептің тарихи- лық принципінің белгілері анық көрінді. Өйткені, жалпы мәдениет пен халық тарихын сөз еткен мақа- лаларда әдебиет мәселелерінің қоса көтерілуінің өзіндік себебі де бар. Оны бұл кезеңдегі қазақ зиялыла- рының әрі тарихшы-этнограф, әрі әдебиетші-сыншы, әрі мәдениеттану-
шы-публицист болуынан деп білу керек.
Міне, қоғамдық ой-көзқарасты халық тарихын тануға деген осы тәріздес ізденістері әдеби-тарихи бағыттағы ой-пікірдің ұлт әдебие- тінің тарихи тамырларын таныту, зерттеу жұмыстарын қолға алуына өз әсерін тигізбей қалмады. Ұлттық әдебиет, оның тарихы туралы пікір әуелде оқу-ағарту, оқулықтар жа- зу, қазақ тілі, оның тазалығы мен емлесі туралы мәселелерді сөз ет- кен мақалаларда қосақтала аталумен көрінеді. «Айқаптағы» Х. Уалиолла
«Тіл сақтаушылық» деген мақала- сында: «Қазақ халқы тілге, әдебиетке кедей емес, бірақ басы қосылып құралмағандықтан білімсіз самарқау жатыр», – деп әдебиет тарихын зерт- теуді тезірек қолға алуға шақырады. Ал Ғ. М. (Ғ. Қарашев) өзінің «Тіл- әдебиет» деген мақаласында: «Тіл- әдебиет бір милләт үшін әлбетте керек. Оның керектігі турасында жазылмақ сөздердің бәрінде бұл орында жазып бітіру мүмкін емес. Ол турада неше том кітаптар жазса да аз... Біздің де өзімізге айырым тіл-әдебиетіміз, әлбетте, бар. Жоқ болса оны болдыруға, көміліп жат- қан мол қазынаны дүние жүзіне шы- ғаруға, үлкен-кіші баршамыз да бо- рыштымыз һәм міндеттіміз», – деп, әдебиеттің халық өміріндегі орны мен маңызын түсіндіре келіп, оны таныту жолында жұмыс жасауды
насихаттайды. Мақаладағы ғылыми- зерттеушілік көзқарас «бізде әдебиет бар ма, бар болса ол қандай?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғауды мақсат тұтқан. «Тіл-әдебиет бір мил- ләттің жаны һәм рухы. Әдебиеті болмаған милләт – тілі шықпаған жас бала. Тіл-әдебиет дүниедегі барлық бақыт-сығадаттың, ғылым-өнердің, дін уа мәдениеттің асылы», – деген секілді пікір білдіруі ұлт әдебиеті тарихын тануға деген таным-біліктің өсе түскенінің бір айғағы.
Жоғарғыдағы сұрақтарға нақты жауап беруге деген ғылыми ізденіс Ә. Бөкейхановтың «Мұсылман сиезі» атты мақаласынан анық байқалады. Автор мұсылман сиезінің заңын- дағы мекемелерде қағаз татарша жазылсын деген шешімге үзілді-ке- сілді қарсы шығып: «Біздің тілді қа- зақ жерін араламаған мұсылман ба- уырларымыз қайдан білсін, біздің кітап жазып, газет, журнал шығара бастағанымызға осы 3-4 жыл ғана арасында. Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта», – деп Абай, Шә- кәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, т.б., барлығы 18 өлеңді мысалға келтіріп – «Осылардай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 мил- лион қазақтың тілі қалайша жоқ болады. Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар: Абай, Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, «Тарғыннан» һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой», – деп жазады [17]. Мақалада ақындар
мен оның өлеңдері қазақ тілінің бар екенін дәлелдеу мақсатында алын- ғанымен, ғасыр басындағы ақындар- ды таныстырып өтудегі танымдық сипатымен құнды екені айтпаса да түсінікті.
Қазақ баспасөзі бетіндегі бұлар тәріздес және тікелей әдебиет мә- селесіне арналған сыни мақалалар ұлт әдебиетін тануға деген ұмты- лыстың ілгерілей түскенін дәлел- дейді. Әдеби-тарихи бағыттағы ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікір ғылы- ми-теориялық түсініктер мен ұғым- дарды меңгеруді қолға алып, әде- биет тарихын ғылыми тұрғыда тексеру мезгілі туғанын анықтап берді. Осының дәлелі ретінде қа- зақ әдебиеттану ғылымы өзінің туу дәуірінде шешіп алуға тиісті жоға- рыда айтылған проблемалық сұрақ- тарға нақты жауап беруге ұмтылды.
Бұл тұрғыдан келгенде ғасыр басындағы әдеби-тарихи ой-пікір- дің назары ең алдымен ұлы Абай шығармашылығына түсіп, әдебиет тарихын зерттеу жолындағы қада- мын сол төңіректен бастауы заңды еді. Өйткені, оған Абай даңқының халық арасына кең тарауы бір әсер етсе, екіншіден, әдебиет сыны қа- зақ әдебиетіне ұлы ақын салған жолды молынан насихаттап, сол кездегі жазба әдебиеттің басты ба- ғыт-бағдары Абай салған жолмен өркендеп бара жатқан еді. Сон- дықтан Абайтану ғылымының бас-
таулары саналып жүрген алғашқы мақалаларды ұлт әдебиетін тарихи тану жолында шешуші қадамдардың бірі санау керек.
Тарихи шындыққа көз жіберсек, К. Ысқақовтың ұлы ақын мұрасы- ның 1909 жылы жарық көрген ал- ғашқы жинағындағы алғысөз ретін- де берілген мақаласы абайтануда алғашқы еңбек деп саналып келді. Мезгіл жағынан және ғылыми тұр- ғыда алғанда Абайды алғаш зерттеу- де жазылған мақала орыс тілінде сәл ертерек жарық көрді. Мақала Ә. Бөкейхановтың авторлығымен 1905 жылы «Семипалатинский лис- ток» газетіне жарияланғанда «Абай Құнанбаев» (некролог) деген және орыс Географиялық қоғамының Ба- тыс Сібірлік бөлімінің «Записки Се- мипалатинского подотдела...» деп басталатын жинағына 1907 жылы
«Абай Құнанбаев» деген атпен жа- рық көреді. Бұл мақалалар туралы осы еңбектегі Ә. Бөкейхановтың ғы- лыми мұрасы туралы беттерде сөз етіп кеткендіктен қайта тоқталып жату артық.
Ә. Бөкейханов пен К. Ысқақов- тың басты мақсаты – тек Абай шы- ғармаларының жинағын шығару ғана емес, өмірі мен шығармашы- лығы туралы алғы сөзді қоса басты- ру арқылы ұлы ақынның дүниетаны- мы мен ақындық өнерін ғылыми тұрғыдан таныту, тереңірек ашып көрсете отырып, өнер қуған, өлең
қуған жастарды үлгі-өнеге алуға да шақыру. Егерде Абай өлеңдері М. Әуезов айтқан үш жолмен: «Бі- рінші жолы – баспа арқылы; екін- шісі – халық арасында ауызша жатта- лып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі
– қолжазба түрінде әр көлемді жи- нақтар боп көшіріліп тараған» бол- са, Абай поэзиясының жаңашылдық сипаты мен ағартушы-демократтық бағыттағы прогрессивтік жолының тек өз айналасына ғана емес, оң-со- лын енді танып келе жатқан қазақ ин- теллигенциясына, әдебиет саласын- дағы жастарға тигізген ықпалы зор болғаны даусыз. С. Торайғыров «Ай- қап» журналындағы «Қазақ тілін- дегі өлең кітаптар жайынан», «Өлең һәм оны айтушылар» атты сын ма- қалаларында Абай поэзиясының үлгі- өнеге аларлық мәнін ерекше атай отырып, «Зарқұм», «Сал-сал» сияқты хиқаялар мен «Ахырет», «Әдебиет өрнегі» секілді жинақтарды сы- нап, қазақ поэзиясының алға басу- да ұстайтын бағыты – Абай жолы, Абай өнегесі екенін баса айтуының сыры осында жатыр. «Біз енді бас қатырғыш дін тақылеттерінен ары- лып, Еуропа мәдениетіне суарылған жаңа өнерлі тілді жасайық, ол өнер- лі тілдің үлгісін бізге Абай берді, Абайдан үйренейік, онан соң сы- наптай таза, күмістей кіршіксіз қа- зақтың ауыз әдебиетінен, бұрынғы сөз тапқыр шешен сөздерден үйре- нейік», – деген нақты пікірінен ХХ
ғасыр басында ұлт әдебиетінің та- рихын ғылыми тұрғыда тану Абай шығармашылығынан басталғанын байқаймыз. Абайдың қазақ поэзия- сына игі әсерін кейін А. Сегізбаев
«Абайдан бұрынғы ақындар мен Абайдан соңғы ақындарды салыстыр- сақ, Абайдан соңғы ақындардың сөздері тіпті басқа түрге кірген. Оған себеп Абай кейінгі ақындарға жөн сілтеп, бетін түзеген», – деп жазады.
Кеңес дәуірінде қазақ зиялы- ларының төңкеріске дейін жазған мақалалары қазақ әдебиеттану ғы- лымында аталмай, егер аталса теріс көзқараста түсіндіріліп келді. Бұл еңбектердегі жеке ақын-жыраулар туралы айтылған әрбір пікір мен әр автордың өзіндік ой-көзқарасы әдебиеттану ғылымы мен сынының өсу дәрежесін көрсетіп қана қоймай, әдеби-теориялық және әдеби-тарихи бағыттағы ой-пікірдің әдебиет та- рихына байланысты нақты айтыла бастағанын байқатады. Бұл жолда
«Қазақ» газетінде жарияланған А. Бай- тұрсынов пен М. Дулатовтың Абай творчествосына байланысты шыққан мақалалары осының айғағы. Абай өмірбаянына байланысты деректер К. Ысқақов берген нұсқадан туындап жатса да әр автор ақын поэзиясына, оның жаңашылдығы мен ағарту- шы-реалистік сипатын танытуға өз пікірін, өз ойын білдіруге ұмтылған. Сол кездегі қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің Абай творче-
ствосын танытуға, насихаттауға қа- лам тартудағы басты мақсаты – ақын- ның өнерпаздық тұлғасын барынша ашу, өнер қуған жастарға Абай жолын нұсқау. Абайдан үйренуге шақырумен қатар, жазба әдебиетінің негізін са- лушы ретінде әдебиет тарихындағы орнын белгілеу де болған. Себебі, әр түрлі жинақтарға кірген ақын-жы- рауларды былай қойғанда, жеке жи- нақтары шыққан Дулат пен Шортан- бай творчествосынан көрі Абайға ерекше көңіл аударулары ағартушы- демократтық идеяның барынша өріс алып бара жатқанынан болса керек.
Ұлы ақынның классикалық мұ- расы жайында өз пікірі мен бағасын айтуға талпынған А. Байтұрсынов- тың 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласының ғылыми зерттеу ретіндегі маңызы ерекше. Автордың айтуына қарағанда Абай өлеңдерімен 1903 жылы Мүрсейіт қолжазбасы арқылы танысқан. Абайдың ұлылы- ғы мен кемеңгерлігі «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы – соңғы заманда біз біле- тін ақын болған жоқ» деп бағалана келе, «тарихи миссиясы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдік- эстетикалық сипаттары дұрыс көр- сетіліп, терең талданып, алғаш рет қазақ оқырмандарының алдына тар- тылды» [18]. Мақала Абай поэзиясы табиғатының қыр-сырын түгел ашып бермегенімен, бүгінгі таңда Абайтану
аталатын ғылымында сала-сала бо- лып зерттелген басты ерекшеліктерін тап басып танып, нақты пікір біл- дірген. Біріншіден, Абай өлеңде- рінің жаңаша леппен, өзгеше өрнек- пен құрылғанына назар аударып, реалистік және жаңашылдық си- патының ерекшелігін айырықша атайды. «Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық. Сөзі аз, ма- ғынасы көп, терең. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қарамай жазады» деген баға алғаш айтылуымен ғана емес, ғылыми-зерттеушілік тұрғы- дан нақты айтылуымен де құнды. А. Байтұрсынов «Іші алтын, сыр- ты күміс сөз жақсысын» ұғу үшін
«Сөз түзелді, халқым-ау, сен де тү- зел» деп Абайдың өзі айтқандай тү- зеліп, түсініп, үлгі ала отырып оқу қажеттігіне ерекше тоқталады. Алғаш оқыған адамға Абай өлеңдерінің ау- ырлау соғатын себебі ақынның кі- нәсі емес, «оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан бола- тын кемшілік» деп көрсетеді. Ұлы ақынның дүниетанымдық және эсте- тикалық көзқарасының қалыпта- суында орыс әдебиетінен алған та- нымы мен тәлімін сөз етеді. Мақала- ның ғылыми-зерттеу еңбек ретіндегі мәнін танытатын құнды жері – Абай поэтикасын тереңдеп қарастырған тұсы. Тіл білімі ғылымында алғашқы қазақ тілі оқулықтарын жазған, кейін
әдебиет теориясының мәселелері- нен «Әдебиет танытқыш» атты еңбек жариялаған А. Байтұрсыновтың бі- лімді әдебиетші ретінде қазақ өлеңі- нің құрылысы мен жүйесіне жетік екенін байқалады. «Ғылымды жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін» орыс әдебиетінің әсері арқылы ұққан Абайдың өнерпаздық тұлғасының қалыптасуы өлеңді өнер деп бет бұрған кезеңінен басталғанын дәлелді түсіндіреді.
«Орыс ақындарымен танысып, өлең орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет, ықыласпен күтіп алып, төр түгіл, тақтан орын бер- ген» Абай өлеңдерін «қандай үлгілі, қандай мағыналы, қандай асыл, қандай терең сөздер» деп бағалайды.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сара- сы» аталатын өлеңін түгелдей тұтас келтіріп, ақынның поэзияға, сөз өнеріне деген көзқарасын, талғамын, өлеңге өнер туындысы ретінде қоя- тын талабын танытады. Абай поэти- касындағы ой шеберлігі, жаңа үлгі, өзгеше өрнек (яғни мазмұн, түр, ырғақ. – Ж. С.) пен бунағы туралы ой-тұжырымдары назар аударарлық. Себебі, бұл пікірлерінде Абай өлең- деріне теориялық тұрғыдан ғылыми талдау жасау ниетімен қоса, ақынның новаторлық тұлғасын таныту мақ- саты да жатыр. Мақаланың «Абай- ды қазақ баласы түгел танып, тегіс білуі керек! Абайды қолымыздан
келгенше қадірлі жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып, көп- ке көрсетпекшіміз» деп аяқталуы да сондықтан.
Қазақ әдебиетінің тарихын ғұ- мырнамалық мақалалар төңірегін- де таныту жолында М. Дулатовтың
«Уақыт» газетіндегі «Ибрахим ибн Қүнанбаев» (1908, №383) және «Қа- зақ» газетінде жарияланған «Қа- зақ ақыны» (1913, №9), «Абай» (1914, №67), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914, №71,73-77), «Ха- зірет Сұлтан» (1913, №16-17) секілді мақалаларының маңызы зор болды.
«Қазақ ақыны» – Ақмолла ақын- ды, «Хазірет Сұлтан» – Қожа Ахмет Яссауиді, «И. Құнанбаев» – Абай- ды оқырман жұртқа таныстыру- ды ғана мақсат тұтқан мақалалар. Бұларда ғылыми-зерттеушілік ой- дан көрі насихаттау, үлгі ету жағы басым болса, Абай мен Шоқан ту- ралы қалған екі мақала әдеби-тари- хи бағыттағы ғылыми ой-пікірдің әдебиет тарихын сөз етуге ойыса бастағанын байқатады. Себебі, бұ- ларда ғұмырнамадан көрі әдебиет тарихының мәселесі нақты қойылған. М. Дулатов «Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды, себебі – қазақ басқа жұртпен үзеңгі қағысып, тең халық болып жасай ал- мауы тарихи әдебиеті жоқтықтан. Та- рихи әдебиеті жоқ халықтың дүниеде
өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар сіңісіп, жұтылып жоқ бо- лады. Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасалмақ емес», – деп жазған уақытында ха- лық тарихы мен әдебиетін жоққа шығарып отырған жоқ, керісінше зерттелмегенін айтып отыр. Оны тексеру біздің ескеретін бірінші бо- рышымыз деп атап көрсетуі де сон- дықтан. М. Дулатов бұл жолда алғаш назар аударатын ақын деп ұлы Абай- ды атайды. «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттылығы сол. Бәлки мұнан кейін Абайдан үздік ақындар, жазушылар шығар, бірақ, ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай», – деп қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуді Абай өмір сүрген дәуірдегі жаңа жаз- ба әдебиеттен бастауды ұсынады.
М. Дулатовтың ұлт әдебиеті тари- хын зерттеуді қолға алуды көтерген идеясы «Ш. Ш. Уәлиханов» аталатын мақаласында да орын алған. Бұл – ұлттық әдеби-тарихи ой-пікірдің қалыптасу жолында Шоқан туралы ғылыми-зерттеушілік сипаты жан- жақты танылған құнды еңбек. «Дала уалаяты газетіндегі» Ш. Ибрагимов-
тің мақаласы ғұмырнама дәрежесінен аса алмаса, бұл мақалада Шоқанның өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеушілік тұрғыдан бағалау айқын танылады. Ұлы ғалымның ата-тегі, балалық шағы, білім алуы, орыс до- стары, саяхаттары мен қызметі, зерт- теу еңбектері – барлығы да жүйелі түрде сөз етілген. Зерттеу мақаланы жазу барысында автор Г. Потанин, Н. Ядринцевтердің естеліктері мен Ш. Ибрагимовтің мақаласына сү- йенген және қажет жерінде олардың пікірін келтіріп те отырған. Негізгі ой Г. Потаниннің Шоқан туралы айтқан пікірінен туындап жатса да, ұлы ғалымды: «Заманында қазақ- тан оқушы болса, Шоқан қазақ әде- биетіне бірінші негіз құрушы болмақ еді, бірақ заман һәм тағдыр офа қылмады. Шоқан арманда кетті», – деп бағалауы көңіл аударарлық. Бұл мақалалардың қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі үшін орны зор, себебі, әдеби-тарихи бағыттағы ой-пікір ұлттық жазба әдебиеттің негізін қалаған кірпіш Абай еке- нін, алғашқы негізін құрушылардың бірі Шоқан екенін анықтап алды. Сондықтан «Қазақ» газетіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы жарияланған мақалалардың мақсаты осы газетті зерттеуші Ө. Әбдиманов айтқандай тек «ел көсегесін көгертуге өмірін арнаған халық ұлдарын жұрт- қа таныстырып, өлмес ісін кейінгіге паш ету» ғана емес, олардың өмірі
мен шығармашылығын зерттеу ар- қылы әдебиет тарихын тексеру мен бұл саладағы жұмысқа жаңаша ба- стама салу да еді [19, 146].
Қорыта айтқанда, К. Ысқақов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Ду- латовтардың қазақ әдебиетінің көр- некті дарындары туралы мақалала- рында олардың өмірі мен творче- ствосын танытуға деген талап-тілек те анық көрінді. Сол кезеңдегі қоғам- дық-әлеуметтік мәселелерді көтер- ген және сыни мақаламен салыстыра қарағанда, бұлар – ғұмырнамалық негіздегі ғылыми-зерттеушілік си- паты нақты танылатын еңбектер. Сол себептен де ұлт әдебиетінің да- рынды өкілдері Ш. Уәлиханов пен А. Құнанбаев шығармашылығын ғы- лыми тұрғыдан бағалауда, әдебиет тарихындағы және мәдениетіндегі орнын белгілеудегі алғашқы қадам деп қарасақ, классикалық мұраны зерттеудің бастауы мен сара жолға апарар негізгі соқпағы Қазан төң- керісіне дейін-ақ көріне бастады деген тұжырымға келеміз. Себебі, әдебиет туралы ғылымның туу дә- уіріндегі алғашқы еңбектердің ғұ- мырнамалық сипатта болуы заңды. Орыс сыншысы В. Г. Белинский «ис- точник творческой деятельности по- эта есть его духа, выражающийся в его личности, и первого обьяснения духа и характера его произведений должно искать в его личности», – деп жазған болатын [20, 308]. ХХ
ғасырдың басындағы ғұмырнама- лық зерттеулердің кейінгі әдеби-та- рихи бағыттағы монографиялық еңбектерге жолбасшы болғандық- тан, қазақ әдебиеттану ғылымын ту- дырудағы тарихи маңызы зор еді. Францияда Ж. Ж. Руссо, Германияда Г. Гердер, Ресейде А. Н. Пыпин және басқалары әдебиет туралы ғылым- ның туу дәуіріндегі ғұмырнамалық зерттеулердің, яғни биографизмнің, әдебиет тарихын ғылыми тексеруге апаратын жетекшілік ролін айрықша атайды. Биографизм негізінен аса да- рынды тұлғалар туралы болады да, сол арқылы әдеби дамудың басты кезеңдерін айқындайды. Бұл – әде- биет тарихын зерттеу мен дәуірге бөлу проблемасына апарар бірден-бір жол. Сонымен қатар, ақын-жазушы- лар ғұмырнамаларының жазыла ба- стауы, олардың шығармашылығы- на баға берілуі көркем шығарманы әдеби-теориялық тұрғыдан талдауға әкеледі.
Бұл секілді мақалалардың шығуы ұлт әдебиетін тануға, оны өркен- детуге, тарихын зерттеуге деген көз- қарастың таралуына себепкер бол- ды. Семей, Омбы және Торғай қала- ларында әдебиет кештерінің өтуі оған айқын айғақ. Әдебиет кешін Семейде Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар екі рет өткізсе, Торғайда Ғ. Алба- сов, Қ. Жабағин деген азаматтар ұйымдастырды. Біздің ойымызша, әдебиет кештерін өткізу тек ойын-
сауық үшін емес. Олардың басты мақсаты, бір жағынан елге руха- ни азық беріп, әдет-ғұрып, салт- дәстүрді ұмытпауды насихаттаса, екіншіден – сол кездегі мақалаларда атап жазылғанындай «қазақ ұлтының басқа елге сіңісіп құрып кетпеуі үшін» өз әдебиеті мен тілін қадірлеу мен тану арқылы ұлттық сананы дәуір талабына сай ояту. Өйткені, «Оян, қазақ!» ұранының бүкіл қазаққа ар- налып айтылғаны белгілі.
Әдеби-тарихи ой-пікірдің тіл мен әдебиет тағдыры туралы және ғұ- мырнамалық негіздегі ғылыми ма- қалалардағы, әдеби кештер секілді игі шаралардағы ұлт әдебиетінің тарихын зерттеуге деген ізденісі же- місті қадам болды. 1915 жылы Се- мейде өткен әдебиет кешінде Р. Мәр- секов сөйлеп, қазақ әдебиетінің та- рихына шолу жасап берді. Ол «Қа- зақтың» 1915 жылғы №112, 113 сандарында «Қазақ әдебиеті жайы- нан» деген атпен басылып шықты. Мақаланың негізгі мақсаты ұлттық әдебиеттің өткені мен бүгінгі хал- жағдайын саралай отырып, ғылыми тұрғыда зерттеу болғаны байқалады. Бұл мақалада әдеби-тарихи ой-пі- кір ұлт әдебиетінің тарихын дәуірге бөлу мәселесіне тұңғыш қадам жаса- ды. Ол әдебиеттану ғылымының туу дәуірінің алғашқы жылдары үшін аз олжа емес еді.
Р. Мәрсеков қазақ әдебиеті тари- хының даму кезеңдерін үш дәуірге
бөліп, әрқайсысының өзіндік ерек- шелігін танытуға ұмтылады:
Қазақтың ескі ауыз әдебиеті;
Алғашқы жазба әдебиетінің басталу кезеңіндегі ауыз әдебиетінің кері кете бастаған дәуірі;
Жаңа әдебиет дәуірі.
Әдебиет тарихын осылайша дә- уірлегенде автор хронологиялық тәр- тіптен гөрі, әдеби дамудың негізгі бағыт-бағдарына орай жүйелеуді ұстанған. Алғашқы қадам жасап отырған еңбектен оны талап ету де орынсыз. Ең бастысы, осы кезең- дердегі қазақ әдебиетінің қандай дә- режеде болғанын зерттеушілік көз- қараста танытып беруінің өзі үлкен табыс еді.
«Бірінші дәуір, – деп жазады Р. Мәрсеков, – ескі замандағы қазақ арасына жазу тарамай тұрғандағы кез, ол заманда қазақ өз алдына тұрып, кең далада еркін дәурен сүріп.., ойлау- ға уақыт кең, сөз сөйлеуге тіл еркін болған заман» [21]. Осы анықтама- дан сезіліп отырғанындай, автор алғашқы дәуірге қазақ даласының Ресейге қарағанына дейінгі кезеңді жатқызған. Бұл дәуірдің негізгі бел- гісі ретінде шешендік өнер мен суы- рып салмалық дәстүрді тілге тиек етіп, олардың ауыз әдебиетін да- мытудағы маңызына жан-жақты тоқталады. Мысалы, Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Қаражігіт би- лердің айтқан сөздерін дәлел ете отырып, ауыз әдебиетінде халық
даналығы мен тұрмыс тіршілігі жат- қанына зерттеушілік тұрғыда көңіл аударады. Импровизаторлық өнер- дің ауыз әдебиетіне тән дәстүр еке- нін дәлелдеу мақсатында Орын- бай, Кеншімбай, Болық секілді ақын өлеңдерін мысалға келтіре отырып талдау жасайды. Негізінен бұл дә- уірдегі қазақ әдебиетін шешендік, импровизаторлық және музыкалық өнермен байланыстыра отырып қа- рауды мақсат тұтқан.
Автор «жазудың қазақ арасына көбірек тараған заманы» деп ата- ған екінші дәуірге Ресейге қара- ғаннан бастап Абайға дейінгі кезең- ді жатқызған болуы керек. Жазба әдебиеттің белгілері осы дәуірде жазудың шығуына байланысты кө- ріне бастағанын айта отырып, оның дамуы күрес үстінде болғанын, діни сарын мен шығыстық желідегі шы- ғармалардың тым басым болып, ұлт әдебиетінің өзінің басты сипаттары- нан айырылып қала жаздауға дейін барғанын дәйекті түрде сөз етеді. Ұлт әдебиетінің көркемдік дамуда осын- дай тығырыққа тірелуінің себептерін іздестіреді. Алғашқы себебі қазақ- тың өз еркінен айырылып, отаршыл- дық саясаттың күшейе түсуінен деп көрсетсе, екіншіден, мәдени дамуда артта қалудан деп түсіндіреді.
Міне, осындай қиын-қысталаң жағдайда тұрған ұлттық әдебиетке көркемдік дамудың жаңа жолын көрсетіп берген Абай болғанын ай-
тып, «Абай марқұмнан бері қарай қазақ әдебиетінің үшінші дәуірі ба- сталады», – деп жазады. Абайды осы үшінші дәуірдің басы деген уақытта ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде ай- тылып жүрген «жаңа жазба әдебиеттің көш басшысы» деген көзқарасты зерттеушілік тұрғыда қарастыруды мақсат тұтқаны байқалады. «Абай- дан бері һәм одан үлгі алған кейінгі жастарымыздың ыждағатымен әде- биетіміз түзу жолға түсті. Енді мұнан былай сөз қадірі ұлғайып, өлең ке- ректігі байқалып, өзге жұрттарда қандай болса, біздерде де сондай болар», – деп алдағы күнге зор сенім артуы оны анық дәлелдейді.
Р. Мәрсековтің мақаласындағы бұрынғы және жаңа әдебиет тура- лы көзқарастың ғылыми негізделуі зерттеушілік ой-пікірдің ғылыми сипатқа ауысу жолындағы мәні зор. Орыс әдебиеті тарихын дәуірге бө- лушілер өздерінің алғашқы қадамын В. К. Тредиаковскийдің поэзияны
«О древнем, среднем и новом сти- хотворении российском» (1755) деп бөлген еңбегінен, оны дамыта келіп орыс әдебиетін хронологиялық жол- мен «первый период от начала Х ве- ка до половины ХV в., второй до начала XVІІІ в., а третий заключа- ет в себе произведения российской словесности до нынешнего време- ни», – деп 1808 жылы И. М. Борн ұсынған жүйеден бастайды [22, 133]. И. М. Борн өз жобасында алғашқы
дәуірге Ресейге христиан діні мен жазу кірген Х ғасырдан татар-моңғол шапқыншылығы біткенге дейінгі XV ғасырды жатқызса, екінші кезеңін І Петр заманымен байланыстыра- ды да, үшінші дәуірді ХІХ ғасырдан басталды деп көрсетеді. И. Борнның бұл дәуірге бөлуді ұсынған жүйесін ғасырға жуық уақыт өткен соң ғалым А. Н. Пыпин «до ордынского на- шествия, от конца ордынского ига, образования Московской Руси и до второй половины XVІІ века, литера- тура нового периода от второй поло- вины XVІІ века до современности», – деп үш дәуірге бөліп, нақтылай түскен болатын [23, 308]. Бұлармен салыстыра қарағанда, Р. Мәрсековтің ұлт әдебиетінің тарихын дәуірге бө- луінде әдеби-тарихи ой-пікір дұрыс бағыт ұстағанын байқаймыз. Әде- би-тарихи шолу ретіндегі сипаты басымдау болғанымен «Қазақ әде- биеті жайынан» мақаласының әде- би-тарихи бағыттағы ой-пікірдің даму тарихындағы орны да ерекше. Ол қазақтың ұлттық әдебиетінің бірнеше дәуірлерден тұратын та- рихы бар екенін алғаш рет ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Сол арқылы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге жа- ңа бастама салып, келешек зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар жасады. Оның бұл саладағы ізденістері сол кездің өзінде-ақ көріне бастады.
«Қазақ» газетінде жарияланған «Н» (Н. Құлжанова болуы керек. – Ж. С.)
деген автор жазған «Әдебиетімізге көз салу» деген ғылыми-зерттеу мақала – ғасыр басындағы аздаған жылдардың ішінде-ақ әдеби-тарихи ой-пікір ғылыми ұғымдарды мең- геруге батыл кірісе алғанына нақты мысал. Ол көркемдік дамудағы әдеби байланыс, озық үлгілерден үйрену арқылы жанрлық тұрғыдан өркендеу, тарихи сабақтастық принципіне сай дәстүр мен жаңашылдық, әдебиет тарихын тексеру сияқты проблема- ларды нақты көтеруінен анық таны- лады. Автор бұл мәселелерді жаңа қалыптасып келе жатқан қазақтың жазба әдебиетін өркендету жолын- да кімнен үлгі алуымыз керек, ұлт әдебиетінің ендігі бағыты қандай бо- луы қажет деген сұрақтар төңірегінде ой қозғау арқылы шешуге ұмтылған. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиетінің ендігі ұстар бағыты еуропа әдебиеті екенін айтып, үлгі-өнеге алу жолындағы еліктеу барысында әдебиетіміздің ұлттық сипатынан айырылып қалмау жағын ойлау керектігіне көңіл ау- дарады. Әдеби өркендеуде басқа елдің әдебиетіне еліктеудің бол- май қоймайтын құбылыс екенін ғы- лыми дәлелдеуі ұлттық ғылыми- зерттеушілік ой-пікірде жаңалық екенін айтуға тиістіміз. Шағатай әдебиетіне араб, парсы әдебиетінің ықпалын айтқан уақытта Ә. Нау- аи секілді ірі ақындардың Ширази, Сағди, Хайям сияқты классиктер- ден үйрену арқылы өз әдебиетін
дамытқанын айтуы – бұрын кездес- пеген соны пікір. Сонымен қатар үлгі-өнеге алу жолындағы еліктеу, жаңашылдыққа ұмтылу барысында әдебиеттің өзіне тән ұлттық сипат- тан айырылып қалмауы қажеттігін ескертіп, осман түркілерінің еліктеуге қатты ден қойып, өз әдебиетіндегі ұлттық дәстүрлерін жоғалтуға дейін барғанын мысалға келтіреді.
Автор басқа ел әдебиетіне елік- теу мен үлгі-өнеге алудың осындай жетекшілік және кері әсері болаты- нын дәлелдеп алғаннан кейін, қазақ әдебиетінің не себептен Еуропадан үйренуі керек екеніне тоқталады.
«Өйткені Еуропа мәдениетінің бар асылы – рух сыны – дух критициз- ма, – деп жазады автор, – бұл бізді жүре алмайтын тұйыққа, шыға ал- майтын шыңырауға алып кетпес. Еліктеуіміз өлшеуден шығып бара жатса, рух сыны бізді жаңа көзімізді ашып, қатамызды көрсетер. Абай – адабиятымыздың атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біздің үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе, Абай үшін ғараб, ғажам (парсы) жолы ашық еді». Бұл пікір- ден ғасыр басындағы ұлт әдебиетін өркендетуге бағыт-бағдар беру ғана емес, әдебиет тарихына зерттеуші- лік тұрғыдан қараудағы көзқарас та танылып жатқаны айтпаса да түсі- нікті. Оны жоғарыда сөз еткен мәсе- лелермен сабақтастыра отырып:
«Ұлт әдебиетін майданға шығармақ
үшін ең әуелі өз тұрмысымызды біл- мегіміз, үйренбегіміз, халық аузын- дағы адабиятымызды жиып бір тәр- тіпке белгілі сарынға салмағымыз, өз жұртымызды әр жақтан білмегі- міз керек», – дегенде ұлт әдебиетінің тарихын ғылыми тұрғыда зерттеуді көтеріп отырғаны анық. Автордың
«бір тәртіпке, бір сарынға салу ке- рек» дегендегі негізгі айтпақ ойы осында жатыр.
Мақаланың ұлттық әдебиет ту- ралы ғылымының туа бастаған ке- зеңіндегі елеулі ғылыми-зерттеу еңбек екенін айтқан уақытта, әдеби- тарихи ой-пікірге қосқан тағы бір жаңалығын айтпай кетуге болмайды. Ол – ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің әдебиет тарихын тексеру бағытында мәнді арна табудағы ұмтылысында, басқа мақалаларда кездесе қоймаған әдебиеттің халықтығы мәселесі. Ғылыми-теориялық тұрғыда негіз- деле қаралмаса да автордың әдебиет қашанда ел өмірімен тығыз бай- ланыста болғанын, алдағы әдеби өркендеуде де бұл үрдістен айырыл- мау қажеттігіне тоқталуын көңіл ау- дарарлық ой қорытындысы деу керек. Нақты айтсақ, «адабият һәр қашан тұрмыспен айырылмай қол ұстасып бірге кетсін. Тұрмыстың һәрбір са- зына адабият жаңғырық – саз қайтар- сын, халықтың һәр бір қайғысын ада- бият айнадай көрсетсін. Сөздің қыс- қасы, адабият тұрмыспен берік бай- лаулы болсын», – деген тұжырымның
танымдық қана емес, ғылымилық мәні де зор. «Әдебиетімізге көз салу» мақаласы шын мәнінде әдебиетке ғылыми-зерттеушілік тұрғыда көз салып, бар-жоқты түсіндіруге, келешегін түзетуге ұмтылды.
Қорыта айтқанда, ұлттық әде- биетті басқа да қоғамдық-әлеумет- тік мәселелермен бірге қарастыр- ған мақалалар мен ғұмырнамалық сипаттағы зерттеулер, әдебиет тари- хының мәселесін нақты көтерген ғылыми мақалалар қазақ әдебиетта- ну ғылымы өзінің туу дәуіріндегі алғашқы қадамдарын нық басып, енді толысу, нығаю жолына бет алғанын дәлелдеп берді.
Ғасыр басындағы ғылыми-зерт- теушілік ой-пікір фольклортану са- ласында да соны ізденістер жасап, ғылыми тұрғыда тексеруде көңіл аударарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Қазақ баспасөзі бетінде фольклор- лық мұраның көптеген үлгілері жа- рияланды, жеке кітап болып шықты, ол эстетикалық таным-біліктің өсе түсуі мен рухани мұраны танып- білуге деген халық сұранысына, оқу-білімге ұмтылған талабына сай келді. Қазақ кітаптарының тарихын зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, ғасыр басында 322 кітап қазақ ті- лінде жарық көрген екен. Олардың көпшілігі фольклорлық шығармалар екені түсінікті. Егер ХІХ ғасырда фольклорлық мұраны жинап-жари- ялау жұмыстарында жалпыламалық
сипат басым болса, енді жанрлық түрлерге сай топтастыру мен жүйелеу ісі анық көрініс тапты. Бұл тұрғыдан келгенде орыстың ориенталист-фоль- клорист ғалымдары А. В. Васильевтің
«Образцы киргизской народной сло- весности» (Орынбор, 1900, 1905), Н. Н. Пантусовтың «Материалы к изучению казах-киргизского наре- чия» (Қазан, 1900, 1901, 1902, 1904),
М. Н. Бекимовтің «Материалы к из- учению киргизского народного эпо- са» (1904), Н. Ф. Катановтың «Мате- риалы к изучению казах-киргизского наречия» деген жалпы атаумен 1900- 1904 жылдар аралығында шығарған 7 бірдей кітабын т.б. еңбектерді атай кету ләзім. 1900 жылы А. Е. Алек- торов шығарған библиографиялық көрсеткішінің де танымдық мәні зор болды. Фольклорлық үлгілердің жеке кітап болып шығуы мен әдеби жинақтарда мол орын алуы бұлар туралы сыни және зерттеушілік сипаттағы мақалалардың жазылуына түрткі болды. Оларда фольклор та- рихы мен теориясының мәселелері де қозғалып, ғылыми бағытта тексе- руге өз ұлтымыздың өкілдері де қызу араласа бастады. «Қазақ» газетіндегі А.Баржақсиннің «Мақалдар» (1915,
№120), Ж. Басығариннің «Өлең-жыр, әндер» туралы (1914, №61) деген секілді мақалаларында фольклорлық мұраны зерттеу мәселесі көтеріл- се, Г. Потанин, Ә. Диваев туралы мақалаларда қазақ фольклорының
зерттелуі туралы ой-пікір ашық көрінеді. Ал басылып шыққан шы- ғармаға сын айта отырып, ғылыми сөз ету Ә. Бөкейхановтың «Қара Қыпшақ Қобыланды» мақаласынан байқалды. Автор сын деп ат қойып айдар таққанда, бұл жырдың 1914 жы- лы қазақ тілінде М. Тұяқбаев бас- тырып шығарған нұсқасын сын кө- зімен қарап, артық-кемін сөз етуді мақсат тұтқан. Әйтсе де ғылыми- зерттеушілік көзқарастағы талдауға барған тұстары да жоқ емес. Ол мақалада екі түрлі мәселені сөз ету барысында танылады. Алғашқыда автор «Қобыланды батыр» жыры- ның тарихқа қарым-қатынасы ту- ралы ой қозғап, Шәкәрім шежіресі мен Шоқан жазып алған «Манаста» кездесетін деректермен салыстыра- ды. Қобыландының қай кезеңде өмір сүргенін анықтау үшін Тоқтамыс хан, Едіге би, Ақжол би, Әз Жәнібек хан өмір сүрген кезеңдерге барлау жа- сауда зерттеушілік көзқарас айқын сезіледі. Бұл туралы ойын қорыта келіп автор: «Қобыландыда» ақын қосқан тарихқа тура келмейтін көп қосымша бар. Қазақ тарихына пай- далы сөз «Қобыландыда» аз көрінеді. Қобыланды батыр Ақжолға тұстас болса, оның жорықтары ХV ғасырда болған. Жақсы көркем жырда сол уақыттағы қазақтың болмыс салты анық көрініп тұруға лайық. Тарихтың сарын жолы екіге бөлінген: бір бөлек тарихтың пайдаланғаны соғыс
істері. Біздің қазақ білетін тарих осы. Шәкәрім шежіресінің малданғаны осы жол. Тарихтың екінші түрлісі- нің (мұны орыста, орыс тілінде история культуры дейді) пайдалан- ғаны жұрттың болмыс-салты, руха- ни мәдениетінің жемісі. Анық та- рих – осы екіншісі», – деп жазады [13, 313]. Ал екінші көңіл аударған мәселесі – жырдың халық арасына бұрыннан танымал нұсқасы мен осы басылған вариантын салыстыруы. Жыр мазмұнына және өлең жолда- рына қосылған қосымшаларды са- лыстыра келіп, нақты мысалдар келтіріп, «мұның бәрін бейшара жыршы өзінен қосып, жырдың көр- кем түрін бұзған...». «Тілге жеңіл, жүрекке жылы, теп-тегіс жұмыр кел- ген айналасы» деген Абай сынына жанасатын өлең мынау беттерде», – деп бет сандарын көрсетеді. Сол секілді кітап шығару мәдениеті ту- ралы сөз қозғап, әсіресе, кітаптағы Қобыланды батыр суреті орыстың атақты үш батырына ұқсап кеткенін айтуы өте дәлелді шыққан. Бұл се- кілді пікірлердің айтылуы ғасыр ба- сындағы қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттануы қандай биіктіктерге қол соза бастағанына айқын дәлел.
«Айқап» журналында фольклор туралы ғылыми-зерттеу мақала жа- рияланбаса да А. Байтұрсыновтың
«Кітаптар жайынан» (1911, №1), Ғ. Мәмековтің «Өлең-жырларымыз туралы» (1914, №2), А. Баржақсин-
нің «Ашық хат» (1914, №5), белгісіз автордың «Баспашылдық дүние- сінде» (1914, № 23) т.б. мақалаларда әдебиет тарихына қатысты мұраны игеру проблемалары көтеріліп оты- рылды.
Өзі жинастырған фольклорлық үлгілерді хатқа түсіру барысында бір жүйеге келтіруге талап жасаған М. Ж. Көпеев болды. М. Ж. Көпеев қалдырған «Қара мес», «Қара кітап» аталатын қолжазбалардың танымдық құндылығы бүгінге дейін маңызды екені ақын мұрасы ақталғаннан кейін тіпті де сезіле түсті. Әдеби мұраны жинап хатқа түсіруде са- ралап-сұрыптап, зерттеушілік тұр- ғысындағы бағалаушылық көзқа- раста түсініктемелер жаза отырып, үлкен жауапкершілікпен қараған. Сол кездегі ғалымдар секілді М. Ж. Кө- пеевте фольклорды этнографиялық тұрғыдан қарап жинау дәстүрі сақ- талған. М. Бөжеевтің дерегіне сү- йенсек, ақыннан қалған мұра 30 том- дай болады екен.
М. Ж. Көпеевтің зерттеушілік көзқарасында әдебиет тарихының мәселелері де тыс қалмаған. Ол көп- теген ақын, жыраулардың ел аузын- да айтылып жүрген өлең-жырла- рын хатқа түсіріп, олар туралы де- ректер мен кейбіреуінің тұлғасына бағалаушылық мәнде пікір білдіріп отырған. Бұқар жырау, Ақан сері, Сұлтанмахмұт, Абай, Ақмолда, Шер- нияз, Балта, Мәделіқожа, Көтеш,
Шортанбай, Шөже, Орынбай, Сақау, Соқыр Ажар, Жанкелді, Мағауия, т.б. ақындардың шығармаларын жа- зып алып, өз қолжазбасынан орын беруі, әр ақын мен оның келтірген өлеңінің қай жағдайда айтылуы ту- ралы түсініктеме жазуы әдеби-тари- хи бағыттағы ой-пікірінің жоғары- лығын көрсетеді. Оны ұлы Абай поэзиясындағы өсиет-нақыл мәндегі өлең жолдарын ыждағаттылықпен сұрыптап алып «Абай афоризмдері» деп бөлекше топтастыруы тағы да дәлелдей түседі. Бұл – шын мәнін- де ғылыми-зерттеушілік ізденісті талап ететін творчестволық жұмыс.
«Мұның өзі де оның әдебиет жайлы түсінік білімінің молдығын байқат- са, екіншіден, қазақ әдебиетіне қа- тысты көп деректердің шоғырлануы- ның өзі-ақ Мәшһүр жазбаларының қанша маңызды екенін айқындай түседі» [8, 388].
Шығыстың әдебиеті мен тари- хын жетік білген, оқымысты ғұлама
атанған М. Ж. Көпеев жеке ақын- жырау туралы бағалаушылық мәндегі пікір айтқанда Ақан сері жайында
«заманның сұңқары, қызыл тілдің ділмары, жігіттің құлпы жібегі, сөз- дің ағытылған тиегі» десе, Бұқар жы- рауды «Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Бір сөз білмейді, тек көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен», – деп, Абы- лай ханның ақылшы биі және өз сөзін қаймықпай айтар үлкен жырау екенін бағалайды. Бұл пікірдің Бұқар тұлғасына байланысты әлі күнге дейін айтылып келе жатқанын ескер- сек, ғылыми құндылығы айтпаса да түсінікті.
Мәшһүрдің әдеби-тарихи ой-көз- қарасын сөз еткенде ерекше көңіл аударғаны Абай шығармашылығы екені байқалады. «Дала уалаятының газетінде» Абайдың көзі тірісінде-ақ пікір білдірген Мәшһүр ақын өз ойын бірде:
Достарыңызбен бөлісу: |