Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов


-ТАРАУ. Қазақ библиографиясының қалыптасу жолдары



бет32/44
Дата12.03.2024
өлшемі1.3 Mb.
#495053
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Okulik XX kazak adebiet

2-ТАРАУ. Қазақ библиографиясының қалыптасу жолдары





Қазақ библиографиясын жасау жолындағы осы дәрежеде танылған алғашқы ізденістер 1940 жылдар- дан бастап қазіргі уақытқа дейін қалай қалыптасып, қандай дәрежеде болғанын және де даму жолдарын ар- найы жекелей қарастырудың маңызы зор. 1940-1955 жылдар аралығын- да жарық көрген библиографиялық көрсеткіштердің басым көпшілігі негізінен ретроспективті, персонал- ды және ғылыми зерттеу жұмыста- рына арналғанын байқаймыз. Бұл бағыттағы жаңа қадам 1940 жылы Абайдың екі томдық жинағын басты- рып шығарудағы жұмыстарға орай көрінді.
Ұлы ақынның туғанына 95 жыл толғанына арналған «Абай» атты биб- лиографиялық көрсеткішті Ы. Дүй- сенбаев, Е. Ысмайылов, Қ. Бекқо- жиндер 1940 жылы бастырып шы- ғарды. Осыдан бастап жеке ақын- жазушыларға персоналды библио- графиялар жасау ісі қолға алына бастады. Осы кезде қазақ библиогра- фиясының дамуына ерекше қызмет еткен Н. Сәбитов болды. Абайға
арналған алғашқы көрсеткіште сы- ни библиографиялық материалдар, өлеңдер қамтылған болса, ғалым Н. Сәбитов оны толықтыра, дамы- та отырып 1946 жылы «Абай» атты (қазақша-орысша) өз еңбегін жа- рыққа шығарды. Онда ақынның 1889-1945 жылдар аралығында ба- сылған шығармалары мен олар ту- ралы жазылған танымдық зерттеу- шілік еңбектердің барлығы библио- графиялық тұрғыда жүйеленді. Бұл библиографияның ғылыми мәні зор еді. Себебі Абай шығармаларын зерттеуге негіз боларлық еңбектерді бір жүйеге келтіріп қана қоймай, ақынның академиялық толық жина- ғына өз әсерін тигізгені анық. Абай- ға арналған осы екі көрсеткіш қа- зақ библиографиясының алғашқы іс тәжірибесі болғандықтан және абайтанудың барлық мәселелерін
«ұлтшылдар» мен «халық жаулары- на» байланысты көзқарастың кесі- рінен қамти алмағандықтан толық мәнді еңбек бола алмағандығы айт- паса да түсінікті. Осы тұста 1965 жы- лы «Қазақстан» баспасында




М. Мырзахметов, Б. Қ. Қойшыбае- ва, Ф. И. Элькониналардың «Абай Құнанбаев» атты библиографиялық көрсеткішін шығарғаны және де оған қазақстанда, оған көршілес респу- бликаларда, өлкелер мен облыстар- да қазақ және орыс тілінде шыққан газет, журналдар әр түрлі хресто- матиялар мен жинақтар, ақынның мол шығармаларынан үзінділер ба- сылған және ол туралы материалдар жарияланған бір сыпыра орталық газет, журналдар қамтылған. Алайда олар жеке ақын-жазушылар шығар- маларын библиографиялық тұрғыда жүйелеуге бастама салды.
Н. Сәбитов бұл саладағы өз ізде- ністерін жалғастыра отырып Ғы- лым Академиясының хабаршы- сында 1950 жылғы №2 санында 118-121 беттерінде Шоқан Уәли- хановтың өмірі мен қызметіне бай- ланысты библиографиялық көрсет- кішін берсе, сол жылы Ғылым Ака- демиясының хабаршысының №5 санында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылығы жайында библиографиялық көрсеткіш жа- риялаған. Н. Сәбитов 1862-1917 жыл- дары аралығында әдеби, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтіреді де 1948 жылы Алматы Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасында
«Қазақ әдебиетінің библиография- лық көрсеткішін» жарыққа шы- ғарды. Бұл библиографиялардың олқы жері: оларға әр түрлі себеп-
термен байланысты көптеген ма- ңызды материалдардың енбей қа- луында, толық болмаса да тұңғыш тәжірибелер ретінде қазақ әдебие- ті библиографиясының тарихында Н. Сәбитов құрастырған библиог- рафиялық көрсеткіштердің өзіндік орны барлығы даусыз.
Бұл аталғандардан басқа да төң- керіске дейінгі қазақ әдебиетінің библиографиялық деректер бере- тін (оның ішінде персоналды) биб- лиографиялық көрсеткіштер аз емес. 1959 жылы Алматыда қазақтың бірінші ғалым ағартушысы Шоқан Уәлиханов деген библиографиялық көрсеткіш жарық көрді. 1967 жылы
«Қазақстан» баспасынан М. Ах- метова, С. Сафонова, Г. И. Семе- нюктар «Шоқан Уәлиханов» (Әде- биеттердің мазмұндалған көсеткіші) атты библиографиялық көрсеткішін жарыққа шығарды. «Жамбыл Жаба- ев» творчествосына арналған Бала- нинаның 1950 жылы шығарған библи- ографиясы, «Сәкен Сейфуллин» твор- чествосына арналған Е. Бейбасов, Б. Қойшыбаева, Ә. Нарымбетовтердің библиографиялық көрсеткіші және де «Мұқтар Әуезов» творчество- сына арналған М. Бөжеевтің биб- лиографиялық көрсеткіштері персо- налды библиографияның біршама қарыштағанын аңғартады.
1937 жылы июнь айында ҚазССР Халық Коммиссарлар советінің қаулысы бойынша ҚазССР-ның




Республикалық көпшілік кітапхана- сынан бөліп ҚазССР Мемлекеттік кі- тап палатасын құрды. Содан бастап кітап палатасы республикамыздың мемлекеттік библиографиялық орта- лығына айналды. 1939 жылдан бастап жылына бір рет «Кітап летописін» және «журнал мақалаларының лето- писін» қазақ және орыс тілдерінде шығарып тұрды. 1957 жылдан бастап бұл екі летописьтің орнына «Қазақ ССР баспасөзінің летописі» әр тоқ- сан сайын жарыққа шығып тұрды.
«Қазақ ССР баспасөз летописіне»
«Кітап летописі» енгізілді.
1940 жылы БК/б/П Орталық Комитетінің «Әділ сын және би- блиография» қаулысының жарыққа шығуымен байланысты кітап пала- тасына кеңестік баспасөздің толық есебін жүргізу, баспасөздің толық библиографиялық көрсеткішін шыға- ру жүктелді. Осы қаулыны орындау мақсатында ҚазССР Кітап палатасы- ның қызметкерлері және А. С. Пуш- кин атындағы Республикалық кітап- ханасының анықтамалық библиогра- фиялық бөлімі екі бөлімнен тұратын ретроспективті библиографиясын жа- сауға әрекеттенеді. 1941 жылы осы еңбектің екінші бөлімі «Қазақ ССР баспа сөздерінің библиографиялық көрсеткіші» деген атпен жарыққа шықты. Бұған 1917-1939 жылдардың арасында республика көлемінде жарыққа шыққан қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тіліндегі мерзімді баспасөз
шығармалары енді. Бірінші бөлімде кітаптар тіркелуі тиіс еді, бірақ ол жарыққа шықпай қалды. Енді ретроспективті сипаты анық ғылыми зерттеу жұмыстарына бағытталған жалпы библиографиялар жазыла бас- тады.
Ол алғашқыда «Әдебиет және ис- кусство» журналындағы Ә. Тоқма- ғанбетовтің «Революцияға дейінгі басылған қазақ көркем әдебиетінің библиографиясы» (1940 жыл, № 7,8) атты еңбегінде біршама қарасты- рылған. Бұлардың қатарына 1948 жыл- ғы «Қазақ әдебиетінің тарихының» бірінші томындағы көрсеткіш пен Ғылым Академиясының басылым- дарының библиографиясын (1952) қоссақ алдындағы және бұрынғы баспасөздер мен басылымдардағы әдебиетке қатысты материалдар- ды бір жүйеге келтіру, пайдалану жұмыстары үздіксіз жүріп отырғанын көрер едік. Бұны айтқан уақытта 1940-1955 жылдар аралығындағы қазақ библиографиясында орны елеулі екі еңбекті атаған орынды болмақ. Олар қазақ әдебиетінде рет- роспективті, тақырыптық ғылыми зерттеу жұмыстарына көмегі тиетін көрсеткіштерге тән негізгі сипататын көрсетумен құнды еді. Алғашқысы В. М. Сидельниковтың 1951 жылы қазақ ауыз әдебиетіне арналған орыс тіліндегі еңбегі. Онда қазақ фолькло- рына байланысты 1771-1916 жыл- дар аралығындағы барлық материал-




дар қамтылған, жарияланған және жарық көрген. Фольклорлық үлгі- лер мен зерттеу еңбектер енгізіліп бұрынғы көрсеткіштерде қамтыла қоймаған тың деректермен толықты- рылып шыққан. Оған 900-ге тарта тексттердің аттары, очерктер, ма- қалалар, монографиялар енгені В. М. Сидельников еңбегінің құнын арттыра түседі. Негізінен орыс тілінде жарияланған басылымдар бойынша жұмыс жасау басты назарда болып, қазақ тілінде жарияланған бірталай материалдар енгізілмей қалғаны мен бұл еңбек фольклортану саласын- дағы да ғылыми ой-пікірлерді бір арнаға жүйелеп, библиография- лық тұрғыда нақтылап берді. Ал Ғ. Әбетовтің «Қазақ совет әдебиеті- нің библиографиялық көрсеткіші» (1950, қазақша-орысша) еңбегі бұл кеңес дәуіріндегі әдебиет туралы 40-жылдардағы әр түрлі сипатта және мазмұнда шыққан көрсеткіштердің барлығын ғылыми тұрғыда сара- лай отыра, толықтырылған библио- графиялық көрсеткіш болды. Онда ақын-жазушылардың 1917-1946 жыл- дар аралығындағы басылған идео- логиялық саясатқа қарсы көркем шығармалар және олар туралы сын мақалалар, ғылыми еңбектер ен- гізілген. Көрсеткіш таза әдебиет мәселесіне арналмай марксизм-ле- нинизм классиктерінің еңбектері партиялық құжаттар мен қаулы, қарарлардың орын алуын сол
кездегі заман талабы деп ұғар болсақ, бұл көрсеткіштер қазақ биб- лиографиясының сәтті табысы дер едік.
Қазақ совет әдебиеті туралы шыққан тағы бір көлемді библио- графия – Қазақ ССР-нің А. С. Пуш- кин атындағы Мемлекеттік респуб- ликалық кітапханасының библиог- рафтары құрастырған «Қазақстан- ның көркем әдебиеті» (1958) атты библиографиялық көрсеткіш. Бұл би- блиография негізіне 1946-1958 жыл- дар арасындағы баспасөз бетінде жарық көрген әдебиет материалда- рын қамтыған. Библиография екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде қазақ тіліндегі, екінші бөлімде орыс тіліндегі материалдар берілген. Биб- лиографияда қазақстанның төңке- рістен бұрынғы әдебиеті мен фоль- клорынан мағлұматтар бар. Сонымен қатар, библиография Қазақстанда тұратын, әдебиет майданында қазақ жазушыларымен бірге ат салысып келе жатқан орыс, ұйғыр, тағы бас- қа ұлт өкілдерінің жазушыларының творчествосынан да тиісті мағлұмат берген.
Библиографияның ең негізгі бө- лімі жеке-жеке жазушылардың, ақын- дардың шығармашылығына арнал- ған. Онда ақын-жазушының өмір- баянынан қысқаша мағлұмат береді де, соған іле-шала оның шығар- маларының қазақ, орыс және шет тілдерінде басылған нұсқалары




көрсетілген. Бұдан кейін сол ақын- жазушының шығармашылығы жай- лы жазылған әдебиеттану мен сын еңбектерінің басты-бастыларының тізімі берілген. Бірақ бұл схема барлық ақын-жазушы тұсында толық сақталмапты. Мәселен, неге екені түсініксіз, библиографияда кейбір ақын-жазушылардың өмірбаянынан ешқандай дерек жоқ. Ақын-жазу- шылардың әр тұста шыққан кол- лективтік жинақтарының тізімі ар- наулы бөлімде көрсетілген. Бұдан кейін библиография да әдебиеттану мен сынға арналған бөлім бар. Ол бөлімнің өзі әдебиеттің жанрларына, әдебиеттанудың негізгі мәселелеріне байланысты бірнеше тақырыпқа бө- лініп жіктелген. Бұл – библиогра- фияның алғы сөзінде атап көрсе- тілгендей, көпшілік оқушыларға ұсынылған (рекомендательная) биб- лиографиялық көрсеткіш. Библио- графияның алға қойған осы мақ- сатымен тікелей байланысты, әсі- ресе, әдебиеттану мен сын бөлі- мінде көптеген материалдар қалып қойған. Ғылыми библиография болмағандықтан мұндай көпші- лікке ұсынылатын (рекомендатель- ная) библиографияның толық бол- мауы заңды. Қазақ әдебиетінің Ұлы отан соғысынан кейінгі он екі жылдық мерзімінен көптеген мағлұматтар беретін бұл көлемді библиографияның қазақ әдебиетінің сол тұстағы жай-күйімен танысқысы
келетіндер үшін де, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеп жүрген әдебиетші ғалымдар мен сыншыларға пайдасы тиетіні сөзсіз.
Қазақ Ғылым академиясы жүйелі түрде шығарған қазақ әдебиетінің та- рихына арналған том-том еңбектер- дің ішіндегі библиографиялардың да әдебиет библиографиясы тари- хынан алатын өзіндік орны бар. Атап айтсақ: «Қазақ әдебиетінің тарихы». І том. Фольклор (1948),
«Қазақ әдебиетінің тарихы» ІІ том. (1961), «Қазақ әдебиетінің тарихы». ІІІ том. «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» 2-ші кітап. (1966). Жалпы еңбектердегі библиографияны жи- нап толықтырғандар Ғ. Әбетов және Ә. Нарымбетовтер болатын. Төңке- рістен бұрынғы қазақ тілінде шық- қан мерзімді баспасөзде қазақ әде- биетіне қатысты көптеген мате- риалдардың жарияланғаны бар- шаға аян. Соңғы кезге дейін ол ма- териалдардың белгілі бір жүйеге түскен арнасы библиографиясы жоқ еді. Әдебиет библиографиясындағы осы бір олқылықты библиограф Ү. Сүбханбердинаның 1961 жылы
«Айқап» бетіндегі хат-хабарлар маз- мұндалған библиографиялық көр- сеткіші. Бірінші бөлім. Алматы, Қазақ Мемлекеттік баспасында шықса,
«Қазақтың төңкерістен бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материал- дар» мазмұндалған көрсеткіш. Екін- ші бөлім. Алматы, Қазақ ССР Ғылым




академиясының баспасы, 1963 жыл- дары шыққан еңбектері толықтыр- ды. Аталған библиографияда қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тари- хына қатысты қыруар материалдар бар. «Әдебиет тілінің даму процесі, жекелеген ақын-жазушылардың тіл байлықтарын зерттеу – әдебиеттану ғылымының түбегейлі мәселесі», – дейді өз еңбегінде Әбділхамит На- рымбетов.
Бұл салада қазақ әдебиет библио- графиясы құралақан емес. Мәселен, ғалым Ш. Сарыбаев құрастырған
«Қазақ тіл білімі әдебиетінің библио- графиялық көрсеткішінде» бірінші том. /Алматы, «Ғылым» 1965/ қазақ әдебиет тіліне, ақын –жазушылардың тіл шеберлігіне қатысты көптеген материалдардың орын алғанын атап кеткеніміз дұрыс.
1957 жылы «Қазақ ССР Ұлы Ок- тябрь социалистік революциясы- ның 40 жылдығына» деген және 1960 жылы «Қазақстан советтік со- циалистік республикасына 40 жыл» атты библиографиялық көрсеткіш- тер жарық көрген болатын. Бұл биб- лиографиялық көрсеткіштердің қа- зақ әдебиеті библиографиясына қос- қан үлесі аз емес. «Қазақстандағы социалистік құрылыс дәуірін бейне- лейтін көркем әдебиеттер» бөлімі. Ә. Әбілевтің «Армансыздар» по- весть. (ҚМКӘБ, 1964), С. Ерубаев- тың «Менің құрдастарым» романы (ҚМКӘБ, 1964), С. Мұқановтың
«Есею жылдары», өмірбаян, хикаяла- ры ( ҚМКӘБ, 1964), «Өмір мектебі». (ҚМКӘБ, 1965) және тағы басқа да әдебиеттер берілген.
«Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін әдебиеттер» бөлімі. Жа- уынгер азаматтардың еңбектерінің тізімі берілген. Мысалы: Қ. Аман- жоловтың «Дауылды жылдар дәп- тері» өлеңдер мен поэмалар жинағы. (ҚМКӘБ, 1960), Т. Ахтановтың «Қа- һарлы күндер» романы (ҚМКӘБ, 1962), Б. Бұлқышов «Өшпейтін өмір» повесі («Жазушы», 1966) тағы басқа әдебиеттер берілген.
«Қазақ көркем әдебиетіндегі за- мандастар бейнесі» бөлімі бойын- ша алғанда Т. Әлімқұловтың «Ақ- боз ат» романы (ҚМКӘБ, 1962), М. Әлімбаев «Менің қазақстаным» поэмасы. (ҚМКӘБ, 1960), І. Есен- берлин. «Толқынды есіл» повесі («Жазушы», 1965) тағы басқа көр- кем әдебиеттер тізімі беріліп, бұл көрсеткіште қазақ библиография- сының өркендеуіне бір табан пайда әкелген еңбек деп санаймыз.
Соғыс жылдарынан кейін ретро- спективтік библиография жұмысын жүзеге асыру мәселесі бірнеше рет көтерілді. Қазақ ССР Кітап палата- сы, кітап палаталар директорлары- ның ХІ кеңесінің қаулысын іске асыру мақсатымен Қазақ ССР-нің А. С. Пушкин атындағы көпшілік кітапханасы және Қазақ ССР Ғылым академиясының орталық ғылыми




кітапханасы мен бірге «Советтік Қа- зақстанның кітаптары» деген көр- сеткішті жасады.
Бұл көрсеткішке 1917-1945 жыл- дар арасында Қазақстан көлемін- де жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейін Қазақ республи- касы үшін Орынборда, Ташкентте, Мәскеуде, Қазанда басылған кітаптар енгізілді. Бұл көрсеткіш екі том- нан тұрады. Әр томы екі бөлімнен қазақ, орыс тілдеріндегі кітаптар көрсеткіші. Бірінші томда саяси – қоғамдық, көркем әдебиет және бала- лар әдебиеттері сол сияқты тіл білімі, өнер, баспа, библиотека, библиогра- фия жұмысы туралы кітаптар тіркелді. Көрсеткіштің әдебиеттану, көркем әдебиет, фольклор бөлімдерінде 1917- 1945 жылдар арасында жарық көрген еңбектер енген. Маркстік–лениндік идеология ықпалымен жасалған бұл көрсеткішке алашордашы атанған арыстарымыздың еңбектері мүлдем енбеген. Аталмыш көрсеткіштің би- блиография бөлімінде «1929 жыл- дың 1 августына дейін шыққан кі- таптардың тізімі» (Қызылорда, Қазмембас, 1929), «Жаңа әдебиет» журналына қосымша, қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіші (Қазақстан Мемлекеттік баспасы), мұның Ташкенттегі бөлімі, Мәс- кеудегі Орталық шығарған кітап- тардың бәрі де осы көрсеткіштен табылды (Қызылорда, ҚазМембасп. 1926,112 бет, 2000 дана). «Қазақ
тілінде басылған кітаптар көрсет- кіші». Мұнда 1926 жыл мен 1927 жыл- дың бірінші жарты жылында шық- қан кітаптар көрсетілген. (Қызылор- да, ҚазМембас. 1927). «Жаңа мектеп» журналы № 6 /21/ саны- на тегін қосымша. Екінші бөлім. (53 бет, 3000 дана). «Қазақ ССР баспасөздерінің библиографиялық көрсеткіштері» 1917-1939 жылдар (Алматы, ҚазМембас. 1941). Қазақ ССР кітап палатасы. Екінші бөлім периодикалық баспасөздер 100 бет, 1000 дана, «Қазақстан Мемлекет баспасының күншығыс бөлімінде сатылатын қазақ тіліндегі кітап- тардың тізбесі» (каталог), (Таш- кент, ҚазМембас, күншығыс бөлімі, 1925) және т.б. Жоғарыда аталған библиографиялық көрсеткіштер ті- зімі берілген. Жоғарыда аталған еңбектің жалғасы ретінде Қазақ ССР министрлер советінің баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақ ССР кітап палатасы 1966 жы- лы 1946-1955 жылдар аралығында жарық көрген кітаптар тізімін жү- йелеуде «Советтік Қазақстанның кітаптары» атты библиографиялық көрсеткішінің екінші томын шы- ғарды. Бұл библиографиялық көр- сеткіштің «жалпы білім беретін мектеп» бөлімінде тіл мен әде- биетке байланысты оқушыларға арналған оқулықтар тізімі беріл- ген. «Әдебиеттану. Көркем әдебиет. Фольклор» бөлімінде аты аталған




салаларға қатысты еңбектердің тізімі берілген.
«Советтік Қазақстанның кітап- тары» – библиографиялық көрсет- кіш. Бұл көрсеткішке 1966-1970 жыл-
,дары баспадан шыққан кітаптар мен кітапшаларға толық библиогра- фиялық сипаттамалар берілген. Бұл – бұдан бұрын 1962, 1966, 1970 жыл- дары шыққан көрсеткіштің жалғасы. Көрсеткіштің «библиографиялық көр- сеткіштер» тарауында 1966-1970 жыл- дар аралығында жарық көрген библиографиялық көрсеткіштер тізі- мі берілген. «Айдын арал» (7-8 класс оқушыларына арналған әдебиеттік көрсеткіш) құрастырған – Б. Өтепов (Қызылорда, 1970). «Бейімбет Май- лин» (Әдебиеттердің көрсеткіші құ- растырғандар Т. Нұртазин, С. Ақы- шев, Б. Карина, және басқалар. Ал- маты, «Қазақстан» 1968). М. Бө- жеев «Мұхтар Әуезов творчество- сы жайында библиографиялық көрсеткіш» (Алматы, «Мектеп» 1966 жыл) тағы басқа да библио- графиялық көрсеткіштер енген. Бұл библиографиялық көрсеткіштер сол жылдардағы қазақ библиография- сының алға басып келе жатқанды- ғын айқындайтын еңбектер бола- тын. 1968 жылы қазақша-орысша екі тілде шыққан «Шұғылалы белестер шежіресі», «Этапы большого пути» анықтамалық библиографияға ке- ңес үкіметі жылдарында қазақстан- ның экономикасын, ғылымы мен
мәдениетін өркендетуге байланысты шығарылған әдебиеттер көрсетіл- ген, библиографиялық көрсеткіштің Кеңес үкіметі жылдары қазақстан еңбекшілерінің қол жеткен орасан зор табыстарын баяндайтын негізгі құралы болып есептеледі. Бұл биб- лиографиялық көрсеткіш жоғарыда атап кеткен 1957 және 1960 жыл- дары шыққан библиографиялық жал- ғасы болып та саналады, және де бұл еңбекке 1960 жылдан бергі кітаптар, газет-журнал материалдары ірік- теліп алынған. Көрсеткіштің қазақ тіліндегі бөлімін құрастырған библи- ографтар: Б. Карина, Б. Жүсіпбекова және М. Телешова болса, ал орыс тіліндегі бөлімін құрастырғандар: К. Бекмұхамедов, А. Кобычева, және Г. Царевтер болатын. Көрсеткіштің музыка бөлімінде қазақстан әнші- күйшілерінің, композиторларының еңбектері мен және олар турасын- да жазылған шығармалар, моно- графиялар тізімі берілген. Мысалы: А. Жұбанов «Замана бұлбұлдары» (Алматы, ҚМКӘБ, 1963), Н. Оразбе- ков «Жаяу Мұса», монографиялық очерк (Алматы, ҚМКӘБ, 1961 жыл). Бұл еңбектің «Қазақстан көркем әдебиетте», «Қазақстандағы Ұлы Ок- тябрь социалистік революциясы мен азамат соғысын бейнелейтін көркем әдебиеттер» бөлімдерінің әдебиетке өз үлестерін қосқан ақын-жазушы- лар еңбектерін қамтыған. Бұл биб- лиографияның да қазақ библиогра-




фиясына қосқан үлесі айдан анық. Және де бұл жерде Т. Көкекова, Б. Нүсіпбекова, Ф. И. Эльконина, А. А. Кобычева, М. Әуезов құ- растырған «Ұсынылатын әдебиеттер көрсеткіші» (Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1968) библиографиясын- да атап айтқан жөн. 1968 жылы А. Мусин, А. Сарсенбаев, Ә. Серік- қалиевалар құрастырған (орыс тілінде), «Казахские литературные связи» «Наука» баспасы шығарған бұл еңбек қазақ әдебиетінің өзге әдебиеттермен тығыз байланысын сипаттайтын қыруар библиография- лық материалдары бар. Осы жерде атап кететін тағы бір орыс тілінде жазылған С. М. Сидельниковтың
«Устное поэтическое творчество ка- захского народа» («Наука», 1969). Библиографиялық көрсеткіш 1771- 1966 жылдар арасындағы Ауыз әде- биетіне байланысты материалдарды қамтыған және де алдында шық- қан 1961 жылғы библиографиялық көрсеткішінің жалғасы болып сана- лады. Заманның талабына сай орыс тілінде жазылғандары болмаса бұл көрсеткіштер – қазақ библиография- сында маңызы зор еңбектер.
1970 жылдардағы қазақ библи- ографиясын сөз еткен де қазақ әде- биеттану ғылымы мен сынының мәселелерін қамтитын және қалып- тасу жолдарын көрсететін 1917 жыл- дан 1940 жылға дейін Қазақстанда және Қазақстаннан тыс жерлер-
де орыс, қазақ тілдерінде басы- лып шыққан кітап, монография, газет-журнал мақалалары енген материалдар мен таныстыратын Қазақ ССР Ғылым академиясы мен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты басшылығымен Ә. Нарымбетовтің құрастыруымен 1970 жылы Ғылым баспасында жа- рық көрген әдебиеттану мен сын- ның библиографиялық көрсеткіші
«Қазақ совет әдебиеті» ғылыми зерт- теу жұмыстарына жәрдемдесу мақ- сатын көздеп жасалған, ғылыми рет- роспективті библиография.
«Әдебиет библиографиясын жа- сауда партиялық позицияны берік ұстап, материалдардың саяси си- патына, идеялық мазмұнына үнемі мұқият назар аудару аса қажет. Биб- лиография құрастыруда объективизм- мен, формализммен бітіспес күрес жүргізу советтік библиографияның үнемі ең негізгі парызы болмақ. Мәселен, қазақ совет әдебиеттану ғылымы мен сынының ғылыми би- блиографиясын жасауда да біз осы дұрыс методологияға сүйенуге тиіс- піз. Әсіресе, 1920 жылдардың әде- биетінің библиографиясына өте-мөте сақтықпен қарау біздің ең негізгі міндетіміз.
Қандай библиографияны жаса- ғанда да оның партиялығы, идея- лылығы, саяси бағыты дегенді үнемі де үздіксіз еске ұстау – әрбір библио- графтың ең негізгі міндеті. Қазақ




әдебиеттану ғылымы мен сыны ту- ралы осы библиографияны жасау үстінде біз де осы принципке берік сүйенуді мақсат тұттық», – деп жаза- ды Ә. Нарымбетов [25, 15].
Бұл библиографиялық көрсеткіш 1917-1940 жылдар ішіндегі қазақ әдебиетін зерттеудің қорытындысын жинақтап беріп отыр және де қазақ әдебиетінің социалистік реализм жолында дамуын айғақтайтын кө- кейкесті сан қилы проблемаларын, үлкенді-кішілі ақын-жазушылардың өмірі мен творчесвосын зерттеудің басты-басты кезеңдерін таныта- тын материалдар бар. Бұл библио- графияның жиырма жылдан астам мерзім ішіндегі қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының ең негізгі жетістіктерін сипаттайтыны кәміл. Оның үстіне 1917-1940 жыл- дар арасындағы даму жолдарын жан-жақты сипаттап ашып көр- сететін көптеген орысша-қазақша кітаптарымен мақалалар қамтылды. Осы библиографиялық көрсеткішті жасауда осыған дейінгі әдебиет библиографияларының ұнамды де- ген жақтарын мейлінше толық пайдалануға тырыстық. Әсіресе, орыс халықтарының библиограф- тары А. Г. Фомин, Н. К. Пиксанов, П. Н. Берков, т.б. әдебиет библи- ографиясын жасаудағы қисапсыз бай тәжірибелеріне сүйенсек дейді және де бұл библиографиялық көр- сеткіштің қазақша-орысша бо-
лып екі тілді берілгенін естен шы- ғармауымыз керек. Көрсеткіште қазақ әдебиеттану және сыны тура- лы еңбектер хронология тәртібімен берілген, яғни 1917-1940 жылдар арасындағы материалдарды әр жыл бойынша жеке-жеке ала отырып, бі- рінің соңынан бірін кезекпен беріп отырған. Әдебиеттану мен сынының тарихи өсу жолын көрсету үшін хронология әдісін тиімді көрсеткен. Әр жылдар ішінде «мақалалар» де- ген атпен газет, журналдарда, Ғы- лым академиясының «Хабарлары» мен «Хабаршысындағы», жоғарғы оқу орындарының ғылыми запис- каларындағы жекелеген жинақтар мен кітаптардағы, сөздіктер мен анықтамалықтардағы мақалаларды, алғы сөздер мен соңғы сөздерді бір жерге топтап бөлек беріп, соған іле- шала «кітаптар» деген атпен, сол жылдардағы шыққан кітаптарды көрсеткен. Әр жылдың ішінде бе- рілген мақалаларда, кітаптарда ал- фавит тәртібімен берілген. Авторы бар еңбектер автордың фамилиясы- мен, ал авторы жоқ мақала, кітаптар өз аттары бойынша алфавитпен түскен. Кей жағдайда қысқаша ан- нотация да беріп отырған. Мәселен, мақаланың артынан оның не тура- лы, яки кімнің творчествосы екені белгісіз жағдайда, қысқаша анно- тация беріп отырған. Қазақстанда көп ұлтты мемлекет екенін ескеріп, қазақ ақын-жазушыларымен қоян-




қолтық ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан орыс, ұйғыр, неміс, тағы басқа ұлт өкілдерінің жазушы, ақындарының «Қазақстан» баспа- сында жарияланған олар туралы ма- териалдарды да енгізген. Жоғарыда атап өткендей бұл библиографиялық көрсеткіш маркстік-лениндік по- зицияны берік ұстағандықтан, «әсі- ресе, жиырмасыншы жылдардың әдебиетінің библиографиясына өте- мөте сақтықпен қарау біздің ең негізгі міндетіміз. Сол жылдардағы алаш- ордашылардың, яки оларды қолда- ған ұлтшыл-уклонистердің идея- лық теріс бағытта жазылған әдеби шатпақтары ғылыми библиографи- ядан еш уақытта орын алмауға тиіс. Сондай-ақ сол жылдарда қатты адасу- да болған кейбір ірі жазушылардың, әдебиетшілердің идея жағынан теріс, саяси жағынан ұстамсыз жазылған көркем шығармалары, яғни әдеби мақалалары библиографияға кірмеу керек»,-дегендей тұжырымдарды солақай саясаттың салқыны деп түсінуіміз керек. Жиырма жылдық мерзімде бірнеше мың мақалалар мен кітаптар жайлы мол мағлұмат бере отырып қазақ әдебиеттану ғылымы және сынының қандай дәрежеде өсіп-өрбігенінен, ұлттық библиографияның қалыптасып, даму үстінде екенін бұл библиография- лық көрсеткіштің әдебиеттануда, қазақ библиографиясында алатын бағасы зор. Дәуір талабына сай
партиялық позицияны берік ұс- тап, материалдың саяси сипатына, идеялық мазмұнына үнемі мұқият назар аударса да Ә. Нарымбетовтің бұл еңбегі – 1970 жылдардағы қазақ библиографиясының қол жеткізген үлкен табысы, В. Сидельников пен Ғ. Әбетов еңбектерінен кейінгі қа- зақ библиографиясының үлкен бір жемісі болып саналады. Библиограф Ә. Нарымбетов 1941-1955 жылдарды қамтитын «Қазақ совет әдебиетінің» екінші томын 1986 жылы «Ғылым» баспасынан жарыққа шығарды. Бұл еңбек 1970 жылы шыққан бірінші томныңжалғасы. Көрсеткіштің екінші томына қазақ совет әдебиеті мен өнері жайлы 1941-1955 жылдардың арасында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген ғылыми-теориялық, сын мақалалар мен монографиялар енді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті бұл құрал жоғарыда аталған бірінші томдағы хронологиялық тәртіпті сақтап, он бес жыл арасын- да жарық көрген, құнды мақалалар мен кітаптар жайыннан мол мәлімет беретін еңбек.
«Қазақ ССР кітап палатасының жылнамасы» жүйелеген көрсеткішін Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет, Қазақ ССР кі- тап палатасы қазақша, орысша екі тілде 1971 жылдан бастап шығарды. Алғашқы еңбекті құрастырушылар – П. А. Тоқжанова, З. М. Мұсалиевалар.




Бұл көрсеткіштің библиография, би- блиографиятану бөлімінде әр жыл- дарда шыққан библиографиялық көрсеткіштер көрсетілген. Әдебиет- тану және сын бөлімі де әр жылдар- да әдебиеттану мен сынға байла- нысты шыққан кітаптар тізімі мен авторларын атап көрсетеді. Көркем әдебиет, фольклор бөлімі мен қазақ әдебиеті оның ішінде совет дәуірі бөлімі жылнамасында көрсетілген жылдардағы кітаптардың авторла- ры мен баспасын, тақырыбын тізіп берген. Бұл көрсеткіштен біздің қолға түскені – 1983 жылға дейінгі аралықта шыққан еңбектер. Ай сай- ын шығатын 1957 жылдан «Баспасөз шежіресі» Қазақ ССР мемлекет- тік библиографиясының көрсеткіші ұйымдастырушысы «Қазақ ССР Мемлекеттік кітап палатасы» құрас- тырушылар Д. Аманжолова тағы басқа библиографтар қазақша, орыс- ша боп екі тілде жарық көрді. Бұл библиографиялардың да қазақ библи- ографиясына қосқан үлесі баршылық. 1990 жылдары жарық көрген би- блиографиялар турасында айтар бол- сақ ең әуелі төңкеріске дейінгі қазақ тілінді шықпай мерзімді баспасөзде қазақ әдебиетіне қатысты көркем ма- териалдардан мағлұмат беретін сол сияқты сол кездегі баспасөз газет- журналдардың мазмұндалған биб- лиографиялық көрсеткішін Ү. Сүб- ханбердина жүйелеп, толықтырып жарыққа шығарған болатын. 1993 жы-
лы «Қазақ, Алаш, Сарыарқа» маз- мұндалған библиографиялық көр- сеткішін шыққан жылдарына қа- рай газеттерді қамтып, олардың беттерінде басылған мақалалар мен хабарларды бір жүйеге келтірген. 1995 жылы Ү. Сүбханбердина, С. Дә- уітов пен бірігіп «Айқап» жур- налының толық жүйеленген, маз- мұндалған библиографиялық көр- сеткішін көпшілік оқырманға жария етті.
1996 жылы «Ғылым» баспасы- нан Ү. Сүбханбердинаның құрас- тыруымен Қазан төңкерісінен бұ- рынғы қазақ елінің әдебиетін, мәдениетін, тарихын, экономикасын, заң мәселелерін мазмұндайтын «Да- ла уалаятының газеті» мазмұндал- ған библиографиялық көрсеткішіне 1888-1902 жылдар аралығында Омбы қаласында қазақ және орыс тілінде шығып тұрған «Дала уалаятының газетіндегі» материалдар қамтылған. Осынау үлкен іске ізденімпаз ға- лым, халық мұрасын жинастырып, бастырушы Ү. Сүбханбердинаның қосқан үлесі өлшеусіз зор. Соны- мен бірге аталған жұмыстың маңыз- дылығын түсініп, оны баспаға ұсын- ған М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының да дұрыс бағыт ұстанғанын айтқан жөн. 1997 жылы «Ғылым» баспасында шыққан, Ә. Нарымбетовтің «Қазақ әдебиеті» 3-том. Әдебиеттану мен сын және өнердің библиографиялық




көрсеткіші» жоғарыда атап өткен
«Қазақ совет әдебиеті» библиогра- фиялық көрсеткіштерінің І, ІІ том- дарының жалғасы болып саналады. Бұл библиографиялық көрсеткіште қазақ әдебиеті мен өнері жайлы 1956- 1960 жылдарда қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген, ғылыми- теориялық, сын мақалалар мен моно- графиялар енген. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті бұл ғылыми библиографиялық көрсеткіштің мәні зор. Ә. Нарымбетов алғашқы 1970, 1986 жылдары шыққан еңбектерінде- гі теріс кеткен тұжырымдарын түзете ме деген үміт болған, бірақ, ол турасы Ә. Нарымбетовтің соңғы еңбегінде бір ауыз сөз қозғалмапты, «қалам- мен жазғанды балтамен шаппайды» дегені ме екен, кім білсін, алайда әлі де болса қазақ библиографиясындағы бұл кемшіліктер түзетілмей отыр.
1994 жылы Қазақстан Ұлттық кітапханасы «Қазақстан туралы жа- ңа әдебиеттер көрсеткіші» деген атпен 1971-1985 жылдарды қамти- тын ретроспективті көрсеткіш шы- ғарған болатын. Қазақстан Респу- бликасы Мәдениет министрлігі, Қа- зақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы бірігіп, Ә. Д. Құспа- нов редакторлығымен 1994 жылы
«Қазақстанның Мәдени өмірі» де- ген библиографиялық көрсеткішті жарыққа шығарды. Сол сияқты осы жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап палатасы қазақша-
орысша «қоғамдық ғылымдар» де- ген ағымды библиография тізімін құрастырса, 1986-1991 жылдарды қамтитын «Қазақ ССР Мәдениеті мен өнері туралы жаңа әдебиеттер» библиографиялық көрсеткіштері жа- рық көрді. 1997 жылы «Қазақстан Республикасының мерзімді және жалғасты басылымдары» 1986-1995 жылдарды қамтитын жинақталған көрсеткіш, Ұлттық кітап палата- сы 1988 жылы шығарған осы аттас кітаптың (1976-1985) жалғасы болып саналады. Көрсеткішті құрастыруға Кітап палатасының қоры пайдаланы- лып, сол жылдар аралығында шыққан журналдар, альманахтар, бюллетень- дер, библиографиялық көрсеткіш- тер, еңбектер жинақталып, алфавит- тік тәртіппен тіркелген. Жинаққа бір рет шығатын, «Рецензиялар шежі- ресі» атты Қазақстан Республикасы- ның Мемлекеттік библиографиялық көрсеткішінің де қазақ библиогра- фиясына қосар үлесі бар.
Қазақ библиографиясының бір жа- рым ғасырлық бастан кешкен түрлі қиыншылықтары мен қол жеткізген табыстарының көрінісін беріге ұм- тылған бұл еңбекте, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті библиографиясына, жалпы қазақ әде- биетінің өсіп өркендеуіне атсалысқан орыс ғалымдарының еңбегі аз болған жоқ. Олардың бізге қалдырып кеткен, қазақ әдебиетіндегі өшпес мұралары тарихта өз бағасын жоймайды.




Ә. Нарымбетовтің еңбегіндегі көп- теген теріс пікірлерді европацент- ристік қөзқарас, замана талабы деп түсініп, қазақ библиографиясы- ның алғашқы іздері ХІХ ғасырдың екінші жартысынан яғни, сол кездегі баспасөз беттерінде бой көрсетіп, бертін келе жеке библиографиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге тірек болғанын жасырмай айта аламыз.
Қазіргі уақытта ғылым мен тех- никаның дамыған заманында көп- теген баспалардың сан мыңдаған кітаптар бастырып жатқан кезде, баспасөздің демократиялық тұрғыда ғарыштап, көптеген газет-журнал- дар шығарып жатқанда библиогра- фияға аса жауапты қызмет атқаруға келіп тіреледі. Әрине, қазіргі заман- да ақын-жазушыларымыздың ең- бектері баспада еш қиындықсыз жарық көріп тұрған уақытта персо- налды жеке ақын-жазушылардың әдебиеттерінің көрсеткіші берілсе, ол оқушы қауым мен ізденушіге де еш қиындық туғызбайды. Ғы- лыми библиографияның да әр тақы- рыптары библиографиялық көр- сеткіші жарияланса студенттер мен ізденуші, оқытушыларға да ауырт-
палық түспейтіні заңды. Тағы да айта ететін бір жай персоналды библиографияның 1940-1955 жыл- дары кең тұрғыда дамығанын біз жоғарыда айтып кеттік. Әрине, одан бері қанша уақыт өтіп кетті. Абайға, Жамбылға, М. Әуезовке, т.б. ғалым, ақын-жазушылардың 100 жылдық,
150 жылдық мерей тойларына қар- сы бірнеше монографиялар мен әде- биеттер жарық көргені белгілі.
Қазақ библиографиясының туып, қалыптасу тарихы арнайы түрде монографиялық тұрғыда зерттелген жоқ. Бұл бөлімде біз оның негізгі деп саналатын мәселелерін сөз еттік. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері кеңес кезеңінде тиым салынған көптеген рухани қазынамыз ортамызға қайта оралды. Осыған байланысты отаршылдық саясат пен кеңестік идеологияның әдебиеттің таптығы қағидасынаа сай мақсатты түрде «ұмыттырған» көптеген кітаптар мен мақалаларды, басылымдарды ұлттық әдеби биб- лиографияға қайтадан қосу бағы- тындағы жұмыстарды ғылыми тұр- ғыда жандандыру қажеттігі айтпаса да түсінікті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет