Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов


КІРІСПЕ V БӨЛІМ. ӘДЕБИ СЫН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТЕР



бет34/44
Дата12.03.2024
өлшемі1.3 Mb.
#495053
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Okulik XX kazak adebiet


КІРІСПЕ
V БӨЛІМ. ӘДЕБИ СЫН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТЕР




1-ТАРАУ. Т. Кәкішұлы және қазақ әдебиеті сыны тарихының зерттелуі





Өрлеу атаулының ең басты қажетті факторы, қозғаушы һәм қанаттандырушы күші – ғылым екені әлемге айдай аян екені ақиқат. Қандай да болсын көркем шығармаларды, көркемдік құбылыстарды, әдебиет тарихының бел-белестерін таразы- лағанда зерттеушінің қолындағы адастырмас бағдары – эстетикалық- сыншылдық талғамы. Осы талғам арқылы ғана зейінді зерттеуші әде- биеттің айнымас асыл қасиеті, ал- ғышарты – көркемдіктің мәңгілік Темірқазығына тура бағыт алады. Ендеше эстетикалық талғам – сын- шының білім-білігінің, ол аз десеңіз, интеллектуалдық болмысының көр- сеткіші. Сондықтан да қандай да әде- биет ғалымы ең алдымен сыншы бо- луы бұлжымайтын шарт.
Әдебиет сыны көркем әдебиет- пен үзеңгілес дүниеге келеді. Көр- кемдік даму мен эстетикалық талап- талғамының өркендеу процесі уақыт
жағынан бір-бірінің ілгері-кейін- ділігіне қарамастан, өзара байла- нысты болады. Бұл заңды да. Ал енді көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келген сынның дәрежесі қандай болмақ деген мәселеге кел- генде, екі себепке, атап айтқанда, субъективтік және объективтік се- бептерге тоқтала кеткен жөн. Түптеп келгенде, сынның эстетикалық дәре- жесі көркем әдебиеттің шыққан биігімен өлшенеді. Сынның кейде социологиялық, кейде эстетикалық талдауларға ден қоюының өзі де әдебиеттің қамтыған өмір шын- дығына белгілі дәрежеде тәуелді бо- латын кезін естен шығармау қажет.
Субъективтік себепті сөз еткендер, ең алдымен, сыншының білім деңгейі мен эстетикалық талғамының мол- аздығын еске алуы керек. Қай кез болмасын, әдебиеттің өрлеу кезінде де, оның кейде көркемдік жағынан да, қоғамдық пікірді ұйымдастыру




жағынан да биік деңгейден табыл- май қалатын шағында да сыншының білім-парасаты мен эстетикалық тал- ғамы санаттан шығып қалған емес. Мұның өзі – сын дәрежесін аңғартуға қажетті субъективтік себеп.
Екінші, объективтік себеп – көбі- не әдебиеттің жалпы дәрежесіне тәуелді. Егер көркем шығармалар өзінің қоғамдық мәні жағынан көр- кем бейнелер жасау типтік жағдай- ларды көрініспен суреттеу, тіл бай- лығын игеру, оқушыны ілгері ұм- тылдыратын эстетикалық идеяларды белгілеу жағынан биік деңгейден табылып жатса, онда сынның өресі биік болғаны. Сыншы әрқашан көр- кемдік дамудың кезеңді асуларында ойын өрбітуге қажетті дәлелдерді әдебиеттің күнделікті шындығынан ала отырып, келешекте шығар биік- терді бағдарлайды, әдебиеттің өр- кендер арнасын анықтайды, әдеби үрдіске белсене араласады.
Ал халық ғұмырын қастерлеп, оның өткені мен өткеліне өзгеше қарап, бүгіні мен болашағы үшін бел шешіп, белсене араласуда жанпи- далыққа жақын тұру, қажет жерінде құрбандыққа да қол арта алатын аза- мат болу – екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтіні белгілі.
Белгілі ғалым, профессор Т. Кә- кішев қазақ әдебиеті сынының туу, қалыптасу жолдарын нақты дәуір- лерге бөле отырып зерттеу барысын- да сын мен әдебиеттану ғылымының
сабақтаса, бірін-бірі толықтыра оты- рып дамитынын ескеріп, үлкен үш кезеңге жіктейді. «Бірінші кезең – қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиеті сы- нының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең – қа- зақ әдебиеті сынының өсіп-өркен- деу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-1985 жылдар аралығы» деп қарастырады. Осы үш кезеңнің әдебиет туралы ұлттық ғы- лымының бастан өткерген тарихи жолына тікелей қатысы бар. Себебі, әдеби сын өзінің туу дәуірінен бастап- ақ ұлттық әдебиеттің тарихы мен әдеби теориялық мәселелері жайын- да пікір білдірмей тұра алмайды. Бұл туралы В. Г. Белинский «Орыс әде- би сынының тарихи жолы мен даму кезеңдерін шолу дегеніміз – орыс әдебиетінің тарихын еріксіз шолу» десе, орыс әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихын зерттеушілердің бірі П. А. Николаев: «Попытка систе- матического исторического обзора знаний о литературе первоначально осуществлялась на материале крити- ки. Вместе с теорией и историей ли- тературы критика составляет науку о литературе», – деп жазады [3, 41].
Қазақ әдебиеттану ғылымын, ондағы әдеби-теориялық ғылыми-




зерттеушілік ой-пікірдің даму про- цесін, әдіснамалық мәселелерін ғылыми тұрғыда жүйелі тексерген күрделі ғылыми зерттеу, моногра- фиялық еңбек болмағанмен, бізде бұл мәселені арнайы да, жанама түрде де сөз еткен мақалалар мен еңбектер біршама баршылық. Әдебиет ту- ралы ұлттық ғылымның туу, даму жолдары мен тарихының көптеген мәселелерін, келешек зерттеу жұмыс- тарына бағыт-бағдар беретін соны көзқарастарды қазақ әдебиеті сыны тарихын зерттеген еңбектерден кө- реміз.
Қазақтың ұлттық әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңдерін сөз еткенде ғалым Е. Ысмайылов:
«Қазақ әдебиеттану ғылымының та- рихына көз жіберсек, оның негізгі екі кезеңді бастан кешіргенін байқауға болады. Бірінші – үйрену, идеялық- творчестволық принциптерді игеру кезеңі. Бұл революцияның алғашқы кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді қамтиды. Екіншісі – соғыстан ке- йінгі дәуір, яғни қалыптасу, даму дәуірі» – деп екіге бөле отырып, алғашқы кезеңде, «өмірдің талап- тілектеріне байланысты дүниеге ке- луіне» әдеби мұраны игеру процесі мен қазақ әдебиетінің мектептер мен оқу орындарда жүргізіле баста- уына сай, алғашқы оқулықтар мен хрестоматиялардың жазылуы түрткі болғанын атап көрсетеді [1, 35]. Ал академик М. Әуезов бұл турасында:
«Қазақ әдебиеттану ғылымы бүгінгі жеткен сатысымен, түгелімен Ұлы Октябрь революциясының жемісі болды... Қазақ әдебиеті тарихы мен әдебиеттану жүйесі бізде орта мек- тептерде оқу құралын жасаудан туды», – деп жазды [1, 355].
Осы жоғарыда келтірілген пікір- лерге қарасақ, ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихын кеңестік дә- уірден бастап зерттеу керек деген көзқарас негізінен дұрыс болғанмен, бұл ғылым саласының туу дәуіріне дейінгі тарихи бастаулары назар- дан тыс қалғаны байқалады. Тари- хымыз жаңаша таразыланып жатқан қазіргі уақытта европацентристік ой-пікір мен марксизм-ленинизм ілі- мінің және зерттеу жұмыстарына қате қаулы-қарарлармен үнемі бағыт- бағдар беріп отырған кеңестік идео- логия ықпалында айтылып, қағидаға айнала жаздаған көзқарастарға сыни тұрғыда жаңаша қарау – әдебиет- тану ғылымының қалыптасу тарихын зерттеу мәселелерімен тығыз байла- нысты.
Қандай да болсын ғылым сала- сы аяқ астынан туа салып, бірге да- мып кетпейтіні дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ендеше әдебиет туралы ғылым да өзінің алғашқы адымын көркем шығарманың мә- нін ұғып, рухани азық ретіндегі қо- ғамдық маңызын түсінуден баста- латын қарапайым ой-пікірден, баға- лаушылық сипаттағы алғысөздер




мен түсіндірмелерден, халық та- рихынан нәр алатын деректер мен мәліметтерден, ғұмырнамалық зерт- теулерден басталатын қалыптасу процесінде қиын да ұзақ жолды ба- стан кешіреді. Ғалым А. С. Курилов бұл турасында: «Вопрос о том, ког- да и как возникла и сформировалась литературная наука в той или иной стране очень существен. Это вопрос об исторических далях националь- ного литературоведения, его само- бытных истоках и источниках. Это вопрос о времени и характере его включения в региональный и всемир- ный литературоведческий прогресс. Это, наконец, вопрос о своеобразии перехода определенного круга зна- ний и представлений о литературе, свойственных каждому народу, в на- уке о литературе, когда данная ли- тературоведческая мысль оставаясь национальной в своем представле- нии, понятии и форме выражения приходит к достижениям и открыти- ям, которые получают общенаучное признание, становятся всеобщим до- стоянием» деп жазды [4, 2]. Бұл пікір қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу тарихын зерттеу барысын- да назар аударуды қажет ете отырып, тың бағыттарда жұмыстар жүргізуге жетелейді.
Өзінің қалыптасу тарихын жан- жақты зерттей алмай тұрып, бірде-бір ғылымның толық мәнде қалыптасып, алға қарай дамуы мүмкін еместігі
жалпыға мәлім жай. Өйткені ол зерттеулер сол ғылымның қол жет- кізген жетістіктерін жақсылап мең- геруіне көмектесумен қатар, өткен жолындағы ізденістерменіркілістерге баға беріп, зерттеу әдіснамасының негізгі принциптерін ашады, одан әрі қарай дамуына ықпал жасайды. Бұл айтылғандардың қазақ әдебиеттану ғылымына тікелей қарым-қатынасы бар. Егер орыс ғалымдары өздерінің әдебиеттану ғылымының туып, қа- лыптасу тарихын зерттеуде айтар- лықтай табысқа қол жеткізген бол- са, кейбір белорус, мордва, татар, өзбек секілді ұлттардың әдебиеттану ғылымы әдеби сын тарихын зерттеу- мен байланыстылықта қарастыруда тың қадамдар жасады.
Қазақ әдебиеттану ғылымын, ондағы әдеби-теориялық ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің даму үдері- сін, әдіснамалық мәселелерін ғылы- ми тұрғыда жүйелі тексерген күрделі ғылыми зерттеу, монографиялық еңбек болмағанмен, бізде бұл мә- селені арнайы да, жанама түрде сөз еткен мақалалар мен еңбектер бар- шылық. Әдебиет туралы ұлттық ғылымның туу, даму жолдары мен тарихының көптеген мәселелерін, ке- лешек зерттеу жұмыстарына бағыт- бағдар беретін соны көзқарастарды қазақ әдебиеті сыны тарихын зертте- ген еңбектерден көреміз.
Қазақ әдебиеті сыны тарихын зерттеу дегеніміз – көптеген ғалым-




әдебиетшілердің, сыншылардың көр- кем әдебиетті, оның тарихын зерттеу саласындағы жүргізген жұмыста- рындағы көзқарастар сәйкестігі мен қақтығысын, әр түрлі бағыттар мен теориялардан тұратын әдіснамалық зерттеу әдістерінің ізденістері мен іркілістерін тексеру. Ал кез-келген ғылым саласының туып-дамуы үшін тарихи алғы шарттар қажет. Себебі, ғылым қоғамдық сананың формасы және білімдер жүйесінің жиынтығы ретінде адамзат қоғамының белгілі бір сатысында нақты практикалық дәлелдеулерден өткен ғылыми зерт- теулер нәтижесінде ғана туу дәуіріне қадам басады. Бұны қысқаша түрде тарих алдындағы кезең деп атаса да болады. Әдебиет туралы ғылым тек өзінің негізгі пәні көркем әдебиет ұлттықсипатымен толық қалыптасқан дәуірден бастап қана көріне бастауға тиісті. Осы тарих алдындағы кезеңді әдебиеттану ғылымының арғы ба- стаулары, қайнар көзі санауымыз ке- рек. Европоцентристік көзқараспен жоққа шығарылып келген осы та- рих алдындағы кезеңді ұлттық әде- биеттану ғылымының бастауларын алғаш қарастырған профессор Т. Кә- кішев болды.
Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымы дүниеге кел- ген әрбір көркем туындының идея- сын, айтар ойын, эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені көтергенін, нені насихат-
тайтынын саралап алуға міндетті. Әдеби сынның туу, қалыптасу про- блемалары тек творчестволық қана емес, саяси-әлеуметтік мәселелермен де тікелей байланысты болғандық- тан әдебиет сыны тарихында оны орағытып өту мүмкін емес. Сынның социологиялық және эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді.
Төңкеріске дейінгі сыншылдық- эстетикалық, ғылыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірді жоққа шығарған европацентристік көз- қарас 1940 жылдардағы қате қау- лылардың өзегі болып, ғылыми зерттеу жұмыстарын тығырыққа ті- реп, әдебиеттің таптығы, принципі айрықша дәріптелді. Мысалы: «Қа- зақ халқының мәдениет тарихын- да әдебиеттану ғылымының тари- хы әзірге қысқа. Бұл – жас ғылым. Ол «Әдебиеттік сын», «Қазақ әде- биетінің теориясы», «Қазақ әде- биетінің тарихы» деген салаларға бөлініп, енді дамып келеді. Қазақтағы әдебиеттану ғылымы құрылғанда, ол өзінің алғашқы туысымен, үгінгі жеткен сатысымен, барлық бас-аяғын жинағанда түгелімен толық ма- ғынасында Социалистік Ұлы Октябрь революциясының жеңісі болды. Ок- тябрьден бұрынғы қазақ тарихында біз бұл жөнінде «өскен ғылым» дерлік мардымды мұра алғамыз жоқ» деген секілді ой-пікірлер қазақ әдебиет- тану ғылымы мен сынының арғы




бастауларын зерттеуге көп уақыт қол байлау болып келгені рас [1, 360]. Қағидаға айнала бастаған көзқарасты бұзу оңай емес. Бұл бағыттағы ғы- лыми-зерттеу жұмыстарға алғаш қадам жасаған профессор Т. Кәкі- шевтің еңбегін, ұлттық тарихи та- мырға қалам тартқан жылт еткен бір ой болса «ұлтшылдық» деп бай- балам салып шыға келетін кеңестік идеология кезеңінде, үлкен ерлік деп бағаласақ, артық айтқандық емес.
«Төңкеріске дейін 3 проценті ғана сауатты болды, біз барлығы үшін орыс халқына, оның революциясы- на қарыздармыз» деген тұжырымды қайталай-қайталай санамызға сіңіріп алған тоқырау дәуірінде төңкеріске дейін қазақ әдебиетінің сынының туғандығын ғылыми дәлелдеп шығу, бүгінде ғана айтуға оңай. Мәселе – қазақ әдебиеті сынының төңкеріске дейін туғандығын білімдарлықпен жүйелеуде ғана емес, бастысы біздің төңкеріске дейін «надан» емес екенімізді, әдебиеті мен мәдениеті өзіндік ұлттық сипатта дамыған ха- лық екенімізді танытуға ұмтылған ұлтжандылықтың жан айқайында жа- тыр.
Соның нақты бір дәлелі – «Қа- зақ әдебиеті сынының туу және қалыптасу жолдары» атты 1971 жылы қорғаған докторлық диссертациясы. Ондаған жыл тірнектей зерттеген мехнатты еңбегі қазақ әдебиет сыны- ның Октябрь революциясына дейін
туғандығын, Ұлы Отан соғысына дейін жанрлық жағынан әбден қа- лыптасып, оңаша отау тіккендігін дәлелдеп беріп отыр. Оның алғашқы бөлімі 1971 жылы «Сын сапары» атты монография болып жариялан- ды. Екінші бөлімі – «Оңаша отау» – 1982 жылы басылды. Қазақ әдебиеті сыны саласындағы еңбегі қазір ре- спублика жоғары оқу орындарының негізгі оқу құралына айналып, оның алғашқы бағдарламасын 1982 жылы жасап, 1994 жылы 25 баспа табақ көлемінде оқулығын шығарды. Т. Кә- кішевтің қазақ әдебиеті сынының тарихы саласындағы еңбегі қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған зор үлес болып, ұлттық әдебиеттану ғылымындағы сын мен зерттеуде ғылыми мектептің негізін қалады.
Т. Кәкішевтің қазақ әдеби сы- ны жайлы зерттеулері – ұлттық әде- биеттануда тың жатқан келелі зерт- теу нысаналарын зерттеуге баста- ма салуымен құнды. Бұрын қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелмей келген оның құрамдас үш бөлігінің бірі – әдеби сынды қолға алып, оның тың тарихына ғылымның түренін салған Т. Кәкішев екенін баса айт- қан жөн. Ғалымның осы саладағы ізденістеріне көз жіберсек, үлкен ғылыми ерліктің куәсі боламыз. Әде- би сын – әдебиеттанудың аса қиын да күрделі саласы. Нәтижесінде «Сын сапары» (1971), «Оңаша отау» (1982) монографиялары өмірге келді.




1994 жылы «Қазақ әдебиеті сыны- ның тарихы» оқулығы, «Жанр жай- лауы» (2007) атты оқу құралы жарық көрді. Қазақ әдебиеттану ғылымында
«төңкеріске дейін сын болған жоқ» деген қате қағиданы жоққа шығарып, қазақ әдебиет сынының тарихына зор үлес қосты.
Халық бар жерде сол халықтың рухани қажеттілігінен туындай- тын әдебиеті де болады. Өнер мен әдебиет адамдардың сұлулыққа, әсемдікке, әдемілікке, көркемдікке құштар табиғатына сай қалыптасып, белгілі бір талап-талғамдарға жау- ап бере отырып дамиды. Яғни, сөз өнері мен сын өнері бірге пайда бо- лып, қатар қанат жаяды. Бірінсіз бірі жоқ. Демек, әдебиет сынының түп- төркіні өнер атаулыны тудырған, оны сұлулықтың сырлы бесігіне бөлеп әлдилеген, өркендеткен халықтық эстетикада жатыр. Қазақ әдеби сынының тарихы әріден, түп- тамырынан бастап зерттеген «Сын сапарында» халықтық эстетика жеке тарауда арнайы қарастырылған.
Көркем табиғаттың аясында сұ- лулықпен суарылып өскен қазақ хал- қының эстетикалық талғамы да сол өзін қоршаған ортаның, төрт түлік- ке негізделген тіршілік көздеріне орай қалыптасқан орман-тоғайлы, ұзын аққан өзендер мен шалқар көлдер, асқар таулар көмкерген, жыл мезгілдерінде бірде жасыл, бірде сары, бірде сұр түстерге құлпырып,
өзгеріп тұратын қасиетті далада өмір кешкен қазақ халқы өзінің өскен ор- тасына, сұлулықтан сомдалған биік талғамдарына сай, әлемдік әдебиет- тің небір озық үлгілерімен қатар тұра алатын тамаша ауыз әдебиетін жаса- ды. «Қыз Жібек» жырындағы көш- тің, «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысының сурет- телуін көркемдік сұрыптаудың жоға- ры көрінісі деген зерттеушінің пікі- ріне сөзсіз келісесіз.
Ұлттық сыншылдық ой-пікірдің қайнаркөзітуралы: «Әсемдікті танып- білу, оны ардақтау, сұлулықтың сы- рын ашып, ажарсыздық пен келіссіз- дікті мінеу сияқты эстетикалық түсініктер халық шығармашылығы- на, оның ауыз әдебиетіне жат па? Әрине, жоқ. Жазба әдебиетке дейінгі немесе жазба әдебиетпен қатар дамыған, күні бүгінге дейін өркендеп келе жатқан ауыз әдебиетінде, оның озық-үлгі өрнектерінде эстетика- лық талап-талғамның элементтері молынан кездеседі» дей келе ауыз әдебиеті үлгілеріне тоқталып, олар- дың эстетикалық жақтарын қарас- тырады [46, 13]. Қазақ халқы қа- шаннан бері сұлулықты, әдемілікті дәріптегенін, сол сұлулықты сөз өнерімен қастерлей білгенін ғылыми тұжырыммен негіздейді.
«Эстетика» – гректің «эстезис»
деген сөзінен алынған, ол «сезімтал- дық, сезіммен қабылдайтын дарын- дылық» деген ұғымды білдіреді. Фольклордың эстетикасын анықтау –




халықтың қарапайым тәжірибе- сін, ой-санасын, білімін, талғамын, мәдениетін, этнографиясын білу бо- лып табылады. Ғалым Т. Кәкішев халықтық эстетиканың үлгісін тек бір жыр бойынан қарастырмай, барлық ауыз әдебиетінің жанрлары- нан табуды басты мақсат етіп қойған. Қазақ фольклорында эстетикалық ұғым әр алуан. Эстетикалық түсінік халық ауыз әдебиетінде қорытылған, жинақталған түрде кездеспесе де, ол үнемі аса бір ұнамды құбылыстарға зер салып, оның мәнісін түсіндіріп отырады. Зерттеуші ертегілердегі сұлулықты сөз етеді. Ол: «Пушкин- ді еске түсіріңіздерші, ол балалық шағында ғана емес, атақты ақын атанған соң да Арина Родинованың айтқан ертегілерін құмарта тыңдаған» деп өз ойын әрі қарай дамыта- ды. Көрік пен келбеттің, шынайы сұлулық пен табиғи әсемділіктің та- маша үлгісі деп есептелінетін «Қыз Жібек» жырындағы көш суретін мысалға алып, оның эстетикалық маңызын оқушы қауымға қандай әсер туғызатындығын айтады. Бұл сипаттауындағы әсем де ажарлы су- реттер эстетикалық әсер туғызатыны даусыз. Аталған жырда қазақ қыз- дарының сұлулығын суреттеген- де әсемдікті түйсініп, эстетикалық талғамды қалыптастырады.
Қазақ фольклорының эстети- касын сөз еткенде, халықтың өнер тану жолы мен эстетикалық-
танымдық ойларын аша түсу мақсаты қойылады. Қазақ әдебиеті сынының қалыптасуында да халықтық эстети- ка өз әсерін тигізгені белгілі. Бірақ, әсер қандай дәрежеде болды? Осы сұраққа ғалым өз тұжырымын ай- тады. «Әдебиеттану ғылымы ауыз әдебиетінің заңдылығын зерттеп, оның әлеуметтік-эстетикалық нәріне айрықша мән беруде. Сын жанрының туу, даму жолдарына назар аударсақ, халықтық эстетиканы сыни ойдың бастауы деп танып, халықтың көр- кемдік түсінік-танымы мен талап- талғамының өрісін байқауға болады» деген пікірі осыған дәлел [46, 10].
Өз еңбегінде Т. Кәкішев айтыс өнері туралы айтылған пікірлерді де келтіре кетеді. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің, Е. Ысмайыловтың айтыс туралы жазған еңбектеріне шолу жа- сай отырып, өзіндік пікірге ие бола- ды. «...Қазақтың ақындар айтысына тек эстетикалық қана емес, тарихи- географиялық тұрғыдан қарап, ар- найы зерттеу – қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті проблемасы», – деп ғалым өз ойын қорытындылай түседі. Жамбыл мен Құлмамбет, Біржан мен Сара сияқты ақындар ай- тысының классикалық үлгілері деп есептелінетін айтыстарға тоқталып, ондағы эстетикалық талғамдарды ашуға тырысқан. Жамбыл мен Құл- мамбет айтысындағы қарсылас ақынның сағын сындыру мақсатын көздеумен қатар, сөз өнерінің




құдіретіне қанша мән берілетінін айқындай түседі. Оның классикалық үлгілерін Біржан мен Сараның ай- тысынан анық көреміз деп, ғалым осы айтысқа ерекше мән береді. Сараның жүрек жарасына айналған Жиенқұл туралы айтқан Біржанға жауап қайтара алмайды. Екі ақын
«екі жақсы бір жерге қосылмайды» деген халық даналығын растап, өнердің қор болғанын паш етеді дей келе Т. Кәкішев: «Ақындық дарынның қоғамдық мәнін айқындау арқылы көркем сөздің қадір-қасиеті, өнерпаздың абыройы, елге тигізер әсер-ықпалы еселене түсіп, халық- тық эстетикалық мәнді принциптері қалыптасады», – деп тұжырымдайды. Осы жерде ғалымның тамаша ой қорытындысын келтіре кетуді жөн көріп отырмыз: «Халықтық эстети- каны сөз еткенде, оның ең мәнді де, айшықты көрінісін ақындар айты- сынан кездестіреміз дегенде, халық шығармашылығының басқа сала- сына назар аударудың қажеттігі жоқ деген пікір тумаса керек. Халықтық эстетиканың сілемдері юмор мен сықақтан, әзіл-оспақ өлеңдерден, әжуалағыш сатиралардан, лирикалық толғаулардан да аңғарылады» [46, 19].
Сынның негізгі мақсаттарының бірі – ажарсыз бен келіссіздікті мі- неу емес, ең алдымен адамның жан дүниесін, талап-талғамын әсемдік пен сұлулыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Ендеше ауыз әдебиетіндегі талай тамаша көркемдік тәсілдерді қадір- леп, оның шын мән-мағынасын ашуға тиіспіз дейді ғалым. Негізгі айтатын ойы мынаған келіп саяды:
«Халықтық эстетика – әдеби сынның бастауы, қайнар көзі».
Қазақтың сегіз қырлы өнері – по- эзия. Фольклорлық поэзия халық өнерінің ішіндегі оған сіңіскен өмір арқауына айналған қарапайым өнер. Оның идеялық-көркемдік терең маз- мұннан халық барынша сусындап, эстетикалық тағлым алады. Ха- лықтық поэзиядан қуат алған адам өнер әсемдігін сезінумен қатар, өмірдегі жарастық пен сәнділікті ажырата бастайды. Т. Кәкішұлы:
«Нақтылы дәлелдер, жүйелі талдау- анализдермен тұжырымдала бер- месе де халықтың сыншылдық ой- пікірінің, эстетикалық таным білі- гінің айшықтары анық көрініп жата- ды. Оны сыншылдық ой жүйесінің бастауы, қайнар көзі деп біліп, әрбір көркемдік құбылысқа жіті назар аударған абзал» деген. Ғалымның ай- туы бойынша сынның қалыптасуы- на халықтық эстетика да өз әсерін тигізген. Сын тарихын халықтық эстетикамен сабақтастыру ғалымның жаңалығы болып табылады.
Тұрсынбек Кәкішұлының еңбе- гіне мұқият үңілсек: «ауыз әдебие- тінің қай үлгісі болмасын халықтық эстетиканы, халықтық сыншылдық көзқарасы мен парасатын танытып




отырады. Өйткені көркемдіктен ләз- зат алу, әсемдік пен сұлулықты ар- дақтау, озық үлгі-өнеге бастап, жа- мандықтан жирендіріп отыру – ха- лықтық талап-талғамның жемісі, сыншылдық көзқарастың нышанда- ры», деген ойды аңғаруға болады.
Ғалым көркемдік даму мен сыншылдық-эстетикалық ой-пікір- дің өркендеу процесін сөз ету бары- сында ғылыми-зерттеушілік, әдеби- теориялық сипаттағы көзқарастар- дың ғылыми бағалаушылық мәнде алғаш айтылу мәселелерін де қозғай отырып, ұлттық әдебиеттану ғы- лымының бастаулары мен қайнар көздері турасында тың зерттеулерге жетелейтін ойлар білдіреді. Негізінде сыншылдық-эстетикалық ой-пікір- лер мен ғылыми-зерттеушілік, әдеби- теориялық ой-пікірлер арасында қытай қорғанын қоюға болмайды. Зерттеу нысанасы бір көркем әдебиет болғандықтан да олар бір-бірін толықтыра отырып өркендейді.
Бұл тұрғысынан келгенде, про- фессор Т. Кәкішевтің қазақ әдебиеті сынының қайнар көздерінің бірі ретінде көне түркі жазба ескерт- кіштерін алуы заңды. Олардың әде- биеттану ғылымының арғы бастау- лары ретінде біз сөз етіп отырған мәселеге де қатысы бар. Орыс әде- биеттану ғылымының тарихын зерттеуші ғалымдар ұлттық ғылы- ми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірдің ұлттық ғылыми-зерт-
теушілік, әдеби-теориялық ой-пікір- дің арғы бастауларын «Игорь полкі туралы сөз» бен И. Федоровтың
«Грамматика» оқулығымен байла- ныстыра қарауларының ғылыми не- гізі жоқ емес. Белгілі бір мұраның хатқа түсуі немесе тасқа қашалуынан көркем шығарманың ең тұңғыш бағалануы, яғни әдебиеттің адамзат қоғамындағы рухани азық ретіндегі өз орны мен ролін таныта бастауы деп ойлаған дұрыс болар. Арғысы әл-Фараби, Орхон-Енесей жазбала- ры мен «Құдатұғу біліктен» баста- лып, бергісі алғашқы қазақ баспасөзі бетіндегі ғұмырнамалық мақалаларға ұласатын төңкеріске дейін уақытты қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуіріне дейінгі пайда болу кезеңі (возникновение) немесе тарих ал- дындағы кезең деп атау керек секілді. Т. Кәкішев қазақтың жазба әде- биет сынының түп-төркінін көне замандағы түрлі ескерткіштерінен, орта ғасырлық жазбалардан, қазақ хандығы тұсындағы би-шешендер- ден, ақын-жыраулардан, қазақ же- рінен шыққан ғұламалардың еңбек- терінен көреді. Қорқыттың қазақ жерін аралап, әр өңірге берген баға- ларына, әл-Фарабидің өнер жайлы пікірлеріне, Жүсіп Баласағұнның
«Құтты білігіндегі» терең ойларға, Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түркідегі» қанатты сөздерге, Қожа Ахмет Иассауидің «Хикметіндегі» көркем толғаныстарға, т.б. тоқталып,




сыншылдық таным-білімнің қайнар көздері ретінде қарастырады. Со- нымен қатар ғылыми, ағартушылық, эстетикалық талғамның қалыпта- суында орны айрықша үш ғұлама- ларымыз – Ш. Уәлиханов, Ы. Алтын- сарин, А. Құнанбаевтың еңбектерін айрықша атап өтеді. Соның ішінде ұлы Абайдың сыншылдық ойының аса ірі құбылыс екенін дәлелдеп көрсетеді. Осы кезеңдегі Ш. Уәли- хановтың ғылыми мұрасын, Ы. Ал- тынсариннің «Қазақ хрестоматия- сын», Ә. Бөкейханов, Р. Мәрсеков, М. Сералин, тағы басқалардың ғы- лыми-зерттеушілік сипаты басым мақалаларын әдебиет сынына бай- ланыстыра қарай отырғанымен, про- фессор Т. Кәкішев: «Әдебиеттану ғылымының ауқымына кіретін зерт- теу мақала (исследовательская ста- тья) мен хрестоматия құрастыру, әдіснамалық нұсқаулар қазақ әдебиеті сынының туу дәуірінде көрініп, үлкен олжа болды», – деп тұжырымдайды.
Әдеби сынның дамуы баспасөздің дамуымен тікелей байланыстылығын және жоғарыда аталған газет-жур- нал беттеріндегі әдеби ой-пікірлерді саралап көрсетеді. Сыншылдық ой- пікірлер, әсіресе «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінде жанда- на түскендігін көреміз. 1971 жылы жарық көрген «Сын сапар» еңбегін- де кейбір олқылықтарын толтырып
«Қазақ әдебиеті сынының тарихын- да» (1994) әдеби пікірлерді талдауға
көп көңіл бөлді. А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың, Р. Мәрсековтің, т.б. мақалаларының қазақ әдебиет сынының дамуындағы үлесін, биік белесін айқындап береді. Осы кезде басылып шығып жатқан жаңа кітаптар жайлы пікір білдір- ген материалдар баспасөз бетінде жиілей түседі. Т. Кәкішев оларды құрылымдық, мазмұндық, мақсаттық ерекшеліктеріне қарай дәйектеме сын, жарнама сын, аннотация, оқу- шы хаты, рецензия, айтыс мақала, публицистикалық сын, проблемалық мақала, шолу, ғұмырнама баян- дама, сын мақала, зерттеу мақала сияқты жанрлық, формалық түрлерге жіктейді. Сондай-ақ бұрындары «жа- бық» болып келген «Сарыарқа» га- зеті, «Абай» журналы сияқты басы- лымдарда шыққан сыни мақалаларға тоқталады.
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, қалыптасу кезеңдерін ғылыми тексеруде арнайы көңіл аударатын проблемалардың бірі – әдеби мұраны игеру мәселелері бол- са, әдеби сын бұл мәселеде тысқары тұруы мүмкін емес. Алғашқыда отар- шылдық саясаттың талап-тілегіне сай қазақ даласын зерттеу жұмыс- тары мұрындық болып, өз халқын бүкіл әлемдік өркениетке жеткізуге ұмтылған ұлт зиялыларынан қолдау тапқан әдеби мұраны жинау, жария- лау, зерттеу жұмыстарында төңкеріске дейін бірталай нәтижеге қол жетті.




Фольклорлық және классикалық мұ- ра жарияланып, халықтың рухани азығына айналды, қазақ әдебиеті жанрлық жақтан дами бастады. Қазақ әдебиеті сыны туып, әдеби мұра- ны сыншылдық-эстетикалық талғам таразысынан өткізе бастады, ғылы- ми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікір ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориялық мәселелерін зерттеу жұмыстарына батыл ұмтылыс жасай бастады.
Осылайша ғылыми-зерттеушілік сипатқа бет бұрған әдеби мұраны игеру жұмыстарына қазақ даласына қанды қырғыны мен қуғын-сүргінін ала келген төңкеріс кері әсер етті, дағдарысқа түсірді. 1920 жылдардың бас кезінен бастап төңкеріске дейінгі әдеби мұраны зерттеу мәселелеріне әр түрлі бағыттағы «формальды мектеп», «пролеткультшылдық ни- гилизм», «бірыңғай ағым теория- сы», «тұрпайы социологизм» секілді концепциялар қызу араласып, сын- шылдық-эстетикалық, ғылыми-зерт- теушілік, әдеби-теориялық ой-пікір- де өз үстемдігін құру үшін өзара тартысқа түсті. Бұлардың барлығы да маркстік-лениндік әдіснаманың көркем әдебиет туралы саясаттағы бет-бағдарын анықтап алғанға дейінгі әр түрлі бағыттағы ізденістер еді.
Бұл концепциялардың орыс әде- биеттану ғылымында орын алуын С. И. Машинский: «Поиски истины в научном исследовании никогда не
даются легко. Особенно тогда, когда они лежат в совершенно новой, не- известной области. Эти концепции посвоему были поиском истины, но в неверном направлении. Поступа- тельное развитие марксистко-ле- нинского литературоведения шло в острой идеологической борьбе с различными ошибочными кон- цепциями», – деп жазды [39, 29]. Мәдени-тарихи, биографиялық, са- лыстырмалы тарихи, филологиялық, психологиялық сияқты зерттеу мектептері болған орыс әдебиеттану ғылымының өзі 1920 жылдары осы қате концепцияларға бой алдырып алған болса, әдеби сыны енді ғана туып, әдебиеттану ғылымы толық көрінбеген біз секілді ұлт республи- каларына тигізген әсері өте қатты болғанына дау жоқ.
Осындай өзекті мәселеге әде- биеттану ғылымында алғаш қалам тартқан Т. Кәкішев қазақ әдебиеті сынының тарихы мен әдеби мұраны игеру мәселелеріне байланысты өз еңбектерінде жан-жақты қарас- тырды. Әсіресе, жоғарыда аталған қате концепциялардың сыншылдық- эстетикалық, ғылыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірде орын алуының объективті және субъективті себептері туралы тұжырымды ой- лар нақты айтылуымен құнды. Әдеби мұраны игеру процесінде
«өткендегі мұраның барлығы үстем тап мүддесін жырлайды, соларды




тарихтың қоқысына лақтырып тас- тап, жаңа пролетариат әдебиетін жасаймыз» деп көркемдік дамудың тарихи сабақтастығы принципін жоққа шығарған пролеткультшыл- дық нигилизмді жақтаушы ақын- жазушылар мен сыншылардың маркстік-лениндік ілімді үйрену барысында В. И. Лениннің «әр ұлттың мәдениетінде екі түрлі мәдениеттің элементі болатыны ту- ралы» қағидасына сүйеніп, әдеби мұраны тек қана таптық тұрғыдан бағалауды басшылыққа алған «тұр- пайы социологизм» теориясына ау- ысу жолындағы ұзаққа созылған қателіктері мен бұрмалаушылық- тары, «бірыңғай ағым теориясының» ғылыми зерттеу жұмыстарындағы прогрессивті сипаттағы ізденістері мен іркілістері Т. Кәкішевтің ұлттық әдеби сын тарихын зерделеген ең- бектерінде бұлтартпас мысалдармен дәлелденді, әділ бағасын алды.
Әдебиеттану ғылымының қалып- тасу тарихын ғылыми тұрғыда зерт- теуде бұл концепциялардың ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдегі ық- палы ыждаһаттылықпен қаралып, жан-жақты шешіп алатын басты мәселелердің бірі болса, оның өзекті проблемалары профессор Т. Кәкішев еңбектерінде болашақ зерттеулер- ге негіз боларлықтай дәрежеде өз шешімін тапқандығын көруге бо- лады. Сонымен қатар, ғалым аға- мыздың соңғы жылдарындағы
еңбектерінде тек өзіне ғана тән қайсар батылдықпен айтып жүрген тың бағыттағы ой-пікірлері де бар. Ол – жетпіс жыл бойы маркстік- лениндік идеология мен әдәснама ықпалында жүргізіліп келген ғы- лыми зерттеу жұмыстарымыздағы жетістіктер мен кемшіліктерді жа- ңаша саралау проблемасы. «Әзірге тындырып жатқанымыз – кеңесті жамандау, коммунистік идеология- ны даттау. Тіпті ауыздағына ие бола алмайтын даңғазашылдар «совет, кеңес, әдебиет, оның көркемдік әдісі – социалистік реализм болды» деу- ге аузы бармайтыны былай тұрсын, естігенде шошып тік тұратын, іргесін алыс салатындар шықты», – деген пікірінде үлкен шындық жа- тыр. Кеңестік дәуірде жасалды екен деп ғылыми-зерттеушілік, әдеби- теориялық, сыншылдық-эстетикалық ой-пікірдің бәрін қате деп тапсақ, 1920 жылдардың бас кезіндегі пролеткультшылдықтың кебін киіп шыға келетініміз анық.
Әдеби сын баспасөз бетінде өмір сүреді. Сондықтан да әдеби сын- ның дамуы баспасөздің дамуымен тікелей байланысты. Қазақ дала- сында «Түркістан уалаятының га- зеті» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902) газеттерінің шыға бастауымен бірге олардың бет- терінде әдеби ой-пікірлер де көрі- ніс тапты. Алғашқы аннотациялық, рецензиялық, әдеби шолу сипат-




ты мақалалар осы басылымдарда көріне бастады. Сыншылдық ой- пікірлер, әсіресе «Айқап» (1911- 1915) журналы мен «Қазақ» (1913- 1918) газеттерінде жандана түсті. Сынның жанрлық белгілерінің қа- лыптасу үстінде жаңа кітапқа ре- цензиялар, шолулар, мақалалар кө- рінді. Мысалы, журналда шығып жатқан кітаптар жайлы материал- дар ұдайы беріліп тұрған. Журналда жарияланған Нұржан Наушабаевтың, Ғұмар Қарашовтың өлең жинақтары, С. Көбеевтің «Қалың мал» романы, эпостық жырлар жайлы рецензиялар жарық көрді.
1971 жылы жарық көрген «Сын сапарында» «Қазақ» газетіндегі сын жанрлары туралы сөз болмай- тын. Кейін шыққан «Қазақ әдебиеті сынының тарихында» (1994) осы олқылықтың орны толтырылып, бұл басылым, онда жарияланған әдеби пікірлерді талдауға едәуір орын берілген. А. Байтұрсыновтың, М. Ду- латовтың, Ә. Бөкейхановтың, Р. Мәр- сековтің, т.б. мақалаларының қазақ әдеби сынының дамуындағы үлкен мектеп, жаңа бағыт, биік белес бол- ғандығы жан-жақты дәлелденген. Сөйтіп, алты алаштың туын көтеріп, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап шық- қан арыстардың әдеби ой-пікірлері алғаш рет осы еңбекте ғылыми тұрғыдан зерделенді. Сондай-ақ бұ- рындары «жабық» болып келген
«Сарыарқа» газеті, «Абай» журна-
лы сияқты басылымдардағы сыни материалдарға да орын берілген.
Әдеби сынның дамуы көркем әдебиеттің дамуымен тікелей байла- нысты. ХХ ғасырдың басында дами бастаған қазақтың профессионалды жазба әдебиеті сыни ой-пікірлердің жандана түсуіне объективті алғы- шарттар жасады. Басылып шығып жатқан жаңа кітаптар жайлы пікір білдірген материалдар баспасөз бе- тінде жиілей түсті. Зерттеуші оларды құрылымдық, мазмұндық, мақсаттық ерекшеліктеріне қарай дәйектеме сын, жарнама сын, аннотация, оқу- шы хаты, рецензия, айтыс мақала, публицистикалық сын, проблемалық мақала, шолу, ғұмырнама, баяндама, сын мақала, зерттеу мақала сияқты жанрлық және формалық түрлерге жіктейді.
Сыншылдық ой-пікірдің дамуын- да, әсіресе Абай поэзиясының оры- нын атап көрсетеді. Абайтанудың ал- ғашқы қадасы қағылған 1905 жылы
«Семипалатинский листоктан», «За- пискиден» (Семей) бастап, әсіресе К. Ысқақұлының мақалалары кеңінен сөз болады. Ұлы Абай поэзиясының өсер сынға өріс болғандығына назар аударады.
1917 жылы Қазан төңкерісі қазақ жеріне де көп өзгерістер әкелді. Жаңа заманмен бірге жаңа талаптар өз дегенін істей бастады. Қоғамдық өмірдегі бар мәселе таптық тұрғыдан шешілген тұстарда әдебиет майда-




нында сынға партиялық бағытты жүргізу міндеті жүктелді. Әдеби сын компартияның идеологиялық құралына айналып, әсіресе бел- сенділік танытқан кездерде көр- кемдік дамуға көмектесудің орны- на үкім шығарушы қатал әміршіге ұқсап кетті. Көркем әдебиеттің құндылығын оның идеясына, онда ұсынылған ой, яғни жұмысшы табы, компартия, социализм мүдделеріне сәйкес келе ме, келмей ме деген тұрғыдан бағалағанда әдеби сында көптеген асыра сілтеулер мен солақай сыншылдық орын алды.
Жалпы, Т. Кәкішевтің қазақ әдебиетінің тарихындағы күрделі кезең саналатын жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы әдеби үде- рістің жай-күйін жетік білгендігі осы дәуірдегі әдеби сын мәселелерін саралағанда анық көрінеді. Әдеби сынның әлеуметтік сипаты оны сол кездегіқоғамдық-саясижағдайлармен байланыстыра қарауды қажет етеді. Сол себепті де әдеби сын сол дәуір- дің саяси-әлеуметтік жағдайымен тығыз байланыста қарастырылған. Әсіресе, Алашорда қозғалысы, оның Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев сияқты көрнекті қайраткерлерінің әдеби пікірлеріне кеңірек тоқталып, сын- шылдық ойдың дамуындағы биік бе- лес ретінде бағаланады.
Сондай-ақ С. Сейфуллиннің, М. Әуезовтің, Ә. Айсариннің, Ә. Бай-
ділдиннің, М. Көшековтың, Ж. Ай- мауытовтың, Ғ. Тоғжановтың, Т. Арыс- танбековтың, Д. Ысқақовтың, Ж. Сәр- сенбиннің, К. Кемеңгеровтің, Ш. Тоқ- жігітовтің, С. Садуақасовтың, Ы. Мұстанбаевтың, І. Қабыловтың, Ә. Мусиннің, Х. Жүсіпбековтің, М. Қайыпназаровтың, Қ. Өтеповтің, Р. Уалиахметовтің, т.б. сол кездегі әдеби процеске араласқан көптеген сыншылардың еңбектері талда- нылды. Аумалы-төкпелі заманда тұсаулы ғұмыр кешкен әдебиет сын- шыларының қызметіндегі артық-кем түсіп жатқан тұстарын да жасырмай жайып салады.
«Қазақ әдебиеті сынының та- рихы» оқулығында халықтық сын- шылдық эстетикалық көзқарасынан бастау алып жатқан халық ауыз әдеби мұраларынан басталып, қа- зақтың тұңғыш газет-журналдары –
«Түркістан уалаяты», «Дала уалая- ты», «Айқап», «Қазақ» сынды баспа сөздердің сыни ой-пікірдің тууына игі әсерін жан-жақты талдап, зерт- теумен қатар әр кезеңдегі әдебиеттің партиялығы, әдебиеттің таптығы тұрғысынан баға беру және әр түрлі әдеби ағымдар «тұрпайы социоло- гизм», «бірыңғай ағым теориясы»,
«пролеткультшылдық»-тардың ара- сындағы айтыс-тартыстар мен өрістес келіп жатқан ой-пікірлердің ақ-қарасын айқындаумен құнды. Ғалымның ғылыми еңбектеріне тән сипаттың алғашқысы әдебиет пен




тарихтың жігі ажырамастай бірлікте көрініс табуы дер едік. «Қолындағы қаламы жылжып жерге түскенше, күймесіне үміт пен күдікті қатар жегіп жүре бергенді» арман еткен жас ізденуші ә дегеннен-ақ әдебиеттану ғылымындағы өз бағытын дұрыс таңдап, тап басып тани алған секілді. Тұрсынбек Кәкішев – арзаннан олжа тапқысы келетін жандардан емес, түренді тыңнан тереңге салатын тегеурінді ізденістің адамы. Қазақ әдебиеттануында ғылыми дарыны- ның құпия қуаты мен белшеден кеш- кен бейнетінің куәсіндей өзі ғана ашқан әдеби өңір, біртұтас дәуір бар. Ол – бұл күнде ғылыми мектептің негізін қалаған көшбасшы. Сол көп еңбекпен келген зерттеулердің бір шоқтысы – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет жайындағы ғылыми зерттеу еңбектері дер едік. 1920 жылдардағы қазақ әдебиеті – өте күрделі кезең. Өйткені, бұл кезеңде адамзаттық тарихымызда жаңа дәуір басталды. Әрбір жаңа қоғам өмірге келгенде оны қостайтын, қостамай, қарсы тұратын түрлі саяси күштерді туғызары хақ. Арғы бастауын ХХ ға- сыр басынан алған жиырмасыншы жылдар әрі саяси партиялардың, әрі әдеби ағымдардың өзара айтысқан, тартысқан, аянбай майдандасқан
кезеңі.
1920-1930 жылдар әдебиеті – ғалымның әрдайым айналып соғып, әр қырынан тынбай зерттеп келе
жатқан алтын қазығы. Бұл орай- да «Октябрь өркені» – ғалымның осы кезеңге қатысты басты еңбегі болса, ұстазы – Е. Ысмайылов өз тұстасы М. Дүйсеновпен тізе қоса отырып жазған «Қазақ совет әдебиетінің алғашқы дәуірі» («Қазақ әдебиетінің тарихы», 3-том, 2 кітап) аталатын байсалды тарау, «Сын сапары», «Оңаша отау» ғылыми диалогиясының (қазақ әдебиеттану ғылымында мектеп қалыптастырған еңбектің) сүбелі бір тарауы, «Қызыл сұңқар», «Сәкен Сейфуллин» сын- ды сәкентануға айырықша үлес бо- лып қосылған еңбектері, С. Шәріпов, Е. Бекенов, Ж. Тілепбергенов әдеби мұрасын жинақтау, алғысөз жазу үстіндегі ізденісі басты зерттеуді то- лықтыра түсерлік еңбектер. Осы то- лымды еңбектерді өзара салыстырып қарасаңыз «Қазақ совет әдебиетінің алғашқы дәуірі» объектісін тұтас- тыра қарастыратын шолу, «Октябрь өркені» – көркемдік әдіс, әдеби ағымдардың табиғаты мен тағды- рын талдай қарастыратын зерттеу,
«Оңаша отау» – кезең әдебиеттеріне белгілі бір жанр өзегімен қараудың әдеби үлгісі, түрлі портреттер – («Дәуір суреттері») жиырмасыншы жылдар әдебиетіне жекелеген да- рындар тағдыры арқылы келіп, үңілу, зерттеу нәтижелері екенін көреміз.
Осы тұрғыдан келгенде, көрнекті ғалым, филология ғылымының док- торы, профессор Тұрсынбек Кәкішев




және ХХ ғасырдың жиырмасын- шы жылдардағы қазақ әдебиетін зерттеуші өзге де ғалымдар еңбегі бүгінгі күн мүддесіне толық қызмет етеді. Бұл орайда, өзге ғалым еңбегі бір төбе де, әдебиетіміздің осы күр- делі кезеңінде бар ғұмырын сарп етіп келе жатқан Тұрсынбек Кәкішев еңбегі бір төбе. Дәуір әдебиетіне түрлі аспектіде келіп, жан-жақты зерттеген ғалым еңбегі бірнеше ерекшелігімен дараланады.
1960 жылы «Қазақ әдебиетінің қалыптасу дәуіріндегі идеялық-твор- честволық мәселелер (1917-1929 жж.)» деген тақырыпта кандидаттық дис- сертация қорғады. Осы зерттеу ең- бегін Т. Кәкішев 1962 жылы «Ок- тябрь өркені» атты монографияға айналдырады. Бұл кітап жас ғалым- ның өткір де толымды ойларының молдығына ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиеттану ғылымында тари- хи мұрағаттық деректерді пайдалану, сөйтіп дәуір шындығын ашу үшін ғылыми ізденімпаздық жолға түсу мәселелерін күн тәртібіне қойды. Сан-салалы ғылыми ізденістердің нәтижесінде әдебиет тарихында өзін- дік орны бар, бірақ әртүрлі себептер- мен айтылмаған, ұмтылуға жақын қалған есімдерді уақыт тозаңынан та- зартып, әдеби айналымға әкеп қосты. Мәселен, Жиенғали Тілепбергенов, Елжас Бекенов сынды дарындар жа- йында Т. Кәкішев арнайы мақала жа- зып қана қоймай, олардың еңбектерін
жинау, жариялау ісімен шұғылда- нады. 1957 жылы Саттар Ерубаевтың мұраларын түгелге жақын жинап, жеке кітап етіп шығарады. Оны толықтырып 1979 жылы екінші, 1994 жылы үшінші рет жарияла- ды. 1959 жылы Сабыр Шариповтің екі томдығын Қ. Жармағанбетовпен бірлесіп шығарса, С.Шариповтің 100 жылдығына бағыштап 1982 жы- лы екінші рет жариялады. 1960 жыл- дан бастап С. Сейфуллиннің алты томдығын шығаруға белсене қа- тысып, 4. 5, 6 томдарын құрасты- рады. 1969 жылы Жиенғали Тілеп- бергеновтің «Ізбасар» атты таңда- малы жинағын шығарса, Елжас Беке- новтің «Дала қоңырауына» алғы сөз жазды.
Өз еңбегімен қатар өзгенің шы- ғармаларын ескі газет-журналдардан тауып алып, оған қайтадан өмір беру, архив ақтару машығы ғалымның өзіне ғана емес, ғылымға да олжа салғанын көреміз. Ғалым зерттеулері әменде практикалық қажеттілікпен астарласып жатады. Профессор Т. Кә- кішев қазақ әдебиетінің тарихын жа- сау жолындағы ғылыми-әлеуметтік мәні зор іске белсене араласуда
«Қазақ әдебиет тарихының» үшінші томының І және ІІ кітаптарына ар- наулы тараулар мен бөлімдер жаз- ды. Екінші кітаптың жауапты ре- дакторының бірі болды. Е. Ысмайы- лов, М. Дүйсенов үшеуі бірігіп СССР Ғылым академиясының М. Горький




атындағы дүниежүзілік әдебиет ин- ституты шығарған «Көп ұлтты совет әдебиетінің» алты томдық тарихының 1970 жылы шыққан бірінші томына тарау жазды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ уни- верситетінің қазақ әдебиетінің тари- хы мен сыны кафедрасының ұжымы
«Қазақ әдебиетінің қысқаша тари- хы» атты еңбекті француз, ағылшын, керей тілдеріне аударуға ыңғайлап,
«Санат» баспасына ұсынғанда басы- лымның жалпы редакциясын профес- сор Т. Кәкішев басқарды.
Т. Кәкішев тек әдебиет тарихы- мен ғана емес, бүгінгі әдеби про- цеске де араласып, ара-тұра сын мақалалар жазып қояды. Оның мақалалары өзінің ойлылығымен, өткірлігімен көзге түседі. 1967 жылы Т. Кәкішевтің көптен бері жазып, жұртшылықтан ризашылық пейіл көрген кейбір ғылыми-зерттеу және сын мақалалары «Дәуір» суреттері» атты монографиялық этюд түрінде жарық көрді. Дала дауылпазы С. Сей- фуллин, С. Мұқанов, Б. Майлин, С. Шарипов, Ж. Тілепбергенов, Е. Бекенов, С. Ерубаев жайындағы толымды ойларын уақыт тезіне са- лып, жаңғырта баяндауда. Сол жылы
«С.Сейфуллин» атты кітапшасы да жарық көрді.
1968 жылы нақты тарихи- архивтік деректер негізінде жазылған
«Қызыл сұңқар» атты тарихи-әде- би очеркі басылып шықты. Оның
қазақ әдебиеті үшін жаңалық си- паты бары талай мақала, рецен- зияларда орынды аталды. Автор осы еңбегін бүкіл одақтық оқушы қауымға ұсыну мақсатымен өңдей де толықтыра өзгертіп, Москвадағы
«Молодая гвардия» баспасының «Та- маша адамдардың өмірі» сериясы- мен 1972 жылы шығарды. Ол үлкен әдеби құбылыс болды. Өйткені совет еліндегі түркі тілдес халықтарының өкіліне арналған бірінші кітап екенін ескерер болсақ, онда Т.Кәкішевтің
«Сәкен Сейфуллин» атты еңбегінің мән-маңызы өзінен-өзі айқындала түсері хақ. Бұл кітап Қазақстанда халық сүйіспеншілігіне ие болған да- рындар, мемлекет қайраткерлері, ұлы ақындармен жазушылар жөнінде ар- найы серия шығару қажеттігін анық аңғартты. «Жалын» баспасының
«Өнегелі өмір» сериясының серкесі 1976 жылы шыққан «Сәкен Сейфул- лин» болды.
Т. Кәкішевтің сәкентануға қос- қан ең зор үлесі ақын өмірі мен шығармашылығының «ақтаңдағын» ашу болып табылады. Яғни ақын шығармаларының табиғатын тану- ға ең алдымен адамдық болмы- сын, азаматтық тұлғасын таныту арқылы жетуге ұмтылу. Осы жолда ақын жайлы зерттеуші терең үңіліп ізденудің нәтижесінде қайталанбас еңбектер туғызды. Ұлы Сәкенді қате бағалаудан арашалап, ақынның тарихтағы орнын айқындап берді.




Қазақ совет әдебиетінің 1920 жыл- дарын түбегейлі зерттеген, қазақ со- вет әдебиетінің негізін қалаған Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық өмір- баянын жасады.
Сәкеннің ғұмырнамасын зерттеп, бастыру ғалым Т. Кәкішевке көптеген қиындықтар әкелген. Бірақ зерттеу- ші небір қиындықтарға төзе отырып, ғылымның сара жолына түскеннен бастап көздеген мақсаты тек та- рих ақтаңдағында бір жақты болып қалмай, келер ұрпаққа жан-жақты сан қырларымен сәкентану ілімінің тек шындығын айтуды, бүркеленіп қалған, әлі де болса көлеңкелі жақтарымен совет үкіметінің иде- ологиясында тәрбиеленген буын- дар үшін ащы да болса шындықты ашып айтқан, ақын ғұмырнамасына арналған туындылардың заңды жалғасы ретінде бүгіндері жазу- шы қаламынан «Санадағы жара- лар», «Ескірмейді естелік», «Тар жол тайғақ кешу тағдыры», «Сәкен сүйген сұлулар», «Мағжан – Сәкен»,
«Сандалтқан Садақ», «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994), (2003) еңбектері туды. Атақты ғалымның 75 жасқа толуына байланысты жарық көрген «Мерей» аталатын екі томдық (2002) сүбелі еңбекте ғалым, сыншы, ұстаз тұлғасы барынша ашылған дей аламыз.
Т. Кәкішевтің ғалымдық тұлға- сының ерекшелігі – өзінің зерт- теу еңбектерінде аңызына түрен
түспеген тың салаларды нақты де- ректер негізінде індете зерттеуге құмарлығы. Міне сондықтан оның қаламынан туған дүниелерге ғылыми қауым да, шәкірттер әлемі де, әдебиетті қызықтаушылар да құлақ түріп отырады.
Қазан төңкерісі қазақ жерінде де көп өзгерістер әкелді. Ұлы дүрбелеңі мол жаңа замандағы жаңа талап та өз дегенін істей бастады. Қоғамдық өмірдегі бар мәселе таптық тұрғыдан шешілген тұстарда әдебиет май- данында сынға партиялық бағыт басшылық жасап, әдеби сын Ком- партияның идеологиялық құралына айналып кете барды. Міне осының нәтижесінде көркем әдебиеттің құн- дылығын тек партия мүддесіне сай келе ме, жоқ па деген тұрғыда бағалағандықтан әдеби сында асыра сілтеулер орын алды. Бұл, әсіресе, кеңес өкіметі орныға түскен 1920- 1930 жылдарда ресмилік сипат алды. Бұл кезде сын әдебиеттің да- муына пайдасын тигізбек түгілі, кері сәерін тигізді. Бір жағынан жер-жерлерде мектептер ашылып, жоғары оқу орындары, театрлар т.б. мәдени ошақтары ашылып, елді жаппай сауаттандыру жүріліп жат- са, екінші жағынан, ұлттық сана- сезімінің оянуына құрсау салынып, халықты идеологиялық «жазалау- дан» өткізуді міндет етіп қойды. Міне, осындай қарама-қайшылығы мол қилы кезеңде әдеби сынның




жай-күйін сараптауға арналған зерт- теуші Т. Кәкішевтің «Оңаша отау» еңбегі 1982 жылы жарық көрді. Бұл еңбек нақты шындықтарды саралап көрсеткендіктен, заман талабына сай келмей, ұзақ жылдар бойы баспа- дан шықпады. Автор «идеологиялық талаптарға» сай келмейтін мәселе- лермен санасуға мәжбүр болды, со- ның салдарынан кейбір пікірлерін таптық сипатқа бұрмалады. Бұл ең- бек саясат салқынына ұрынып, бірақ кемшіліктерге бой алдырғанмен де, 1980 жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін 1920-1930 жылдардағы әдеби-саяси өмірдің көп шындығын ашып берді. Ал автор бұл мәселеге 1994 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиет сынының тарихында» қайта оралып, мүлде жаңаша көзқараспен жазды. Онда алғашқы кітапта айтуға мүмкіндік болмаған қазақ халқының ұлттық мүддесі үшін алысып өткен алашшылдар жайлы шындықтар ашылып, олардың қазақ әдеби сыны- ның тарихындағы сыншылдық ой- пікірлердің маңызды орны, лайықты бағасын алды.
Аумалы-төкпелі заманда тұсаулы ғұмыр кешкен әдебиет сыншыла- рының қызметіндегі артық-кем түсіп жатқан тұстарында жасырмай жайып салды. Әсіресе, ақиық ақын Мағ- жанның төңірегінде болған әдеби айтыс туралы жолдар көп шындыққа көз жеткізді. «Кер заманның кереғар ойлары» кітабының «Дарындар – сын
додасында» атты тарауында қазақ по- эзия әлемінің қос жұлдызы Мағжан мен Сәкен тағдырларын желіге ала отырып, оларға тағылған сындардың сырын ашады.
Өзінің бір кездегі Мағжан тура- лы біржақты пікірлерін «Мағжан- шылдар мен жанжалшылдардың» құрбандығына қалмау үшін «Пен- делік пиғылдық әсерін жоққа шы- ғармаймыз, бірақ оның шешуші си- паты қоғамдық-әлеуметтік көркем- дік себептерге байланысты екенін ұмытпаған абзал» деп ескертеді.
«Мағжан – бірден жарқырап шық- қан жұлдыз. Оның 1912 жылы алғашқы жинағының «Шолпан» аталуының символикалық мәні бар. Мағжан Шолпан болуға ұмтылды, ниет қылды және болды да, Елі, халқы үміт артты». Мағжан жай- лы «ақтаңдақтарды» көрген ғалым ақынның өмірі мен творчествосы- нан емес, Мағжан туралы шындықты айтқан Ж.Аймауытов мақаласы мен өзге солақай сындардың өресін са- лыстыра отырып ашып береді. Мұн- дай мазмұндағы ізденістің жемісі мен жеңісі, әсіресе, қайта құру, жариялылық кезеңдерінде кеңінен өріс алды. Әдебиетші ғалымның бұ- рын бұғауда жатқан жарқын ойла- ры жарыққа шықты. Осы кезеңдегі қазақ зиялыларына арналған ойлы да, мазмұнды мақалалары мен зерт- теу еңбектері шындыққа сусап отыр- ған оқырмандар жүрегінің жылуы-




на бөленді. Т. Кәкішевтің көптеген публицистік мақалалары, ірі-ірі айту- лы еңбектері «Санадағы жаралардан» арылып, арыстарымызды қатарға қосу, кейінгі ұрпақтарға танытуға арналды. Бұл бағыттағы айтулы еңбектері «Октябрь өркені» (1962),
«Дәуір суреттері» (1967), «Сәкен Сейфуллин» (1976), «Сын сапары» (1971), «Оңаша отау» (1982) сияқты қазақ әдебиет сынының туу және қалыптасу жағдайларына қатысты қомақтылығымен лайықты бағасын алды.
Өзінің алғашқы ғылыми сапа- рында тың да соны соқпаққа түскен ғалымның қайта құру кезеңінде, әсріесе, өтпелі дәуір тұсында азаматтық әуені айрықша естілуде. 1988 жылы «Қағидаға айналған қателерді түзетейік» атты публици- стикасы «Алаштың ақиқатын ашып айтайыққа» ұласып, 1992 жылы ұлттық намысқа шырақ жағатын
«Санадағы жаралар» атты кітабы жарыққа шығып, ел-жұрттың ал- ғысын алды. Радио-теледидардан айтқан жалынды сөздерін, конфе- ренциялардағы ащы да өткір ойла- рын қалың көпшіліктің ынта сала тыңдайтынын жоққа шығармау ке- рек. Әсіресе, қазақ тілінің тағдыры жайындағы күрестің бел ортасында жүргені Т. Кәкішұлының ғалымдық келбетін саналы азаматтығы мен табандылығы ажарлай түскені айдан анық. Тарих – жақсы болсын, жаман
болсын тарих, ол тек қана шындыққа сай бағалауы керек. Қазақ әдебиет- тану ғылымының қалыптасу тари- хын зерттеуде профессор Т. Кәкішев айтқандай: «Өнегенің үлгісін көріп тұрып, содан үйренбеуміз, шыр айна- лып совет әдебиетінің шындығынан кандидаттық, докторлық диссерта- ция қорғап, атақ алуымыз, 1917 жыл- ға дейінгі былай қойғанда, соғыстан әріге бара алмайтын ғылыми мүсәпір- лікті, «социалистік реализм туы астында» деген ұранмен шапқылай берушілігіміз қазақ әдебиеттану ғы- лымының сорына шыққанын енді ашық айтайық» [90, 290]. Бұл – қа- рапайым да ғажайып талант иесі Т. Кә- кішевтің жүрекжарды пікірі.
1990 жылы қазақ әдебиетінің та- рихы мен сыны кафедрасы құрылды. Оны алғашқы күннен профес- сор Т. Кәкішев басқарды. Азғана жыл ішінде сол кафедра жанынан
«Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы» ғылыми тобы құрылып, оның құрамды бір бөлігі – «Қазақ диаспорасының рухани әлемі» шет елдегі қазақтардың фольклорлық, этнографиялық, музыкалық, мате- риалдық байлықтарын зерттей баста- ды. Моңғолия мен Ирандағы қазақ диаспораларына барған экспедиция- ларды өзі басқарып, «Моңғолия қазақтары» деген жинақты дүние- жүзілік қазақ қауымдастығына ба- сып шығаруға ұсынды. Т. Кәкішевтің саяхатшылығының да ғибраты тағы




бар. Ол қай елде, қай қалада болмасын қазақ халқына, оның қайраткерле- ріне қатысты деректерді іздестіретін- дігі «Ұштасқан үш өзенмен» (1978),
«Жол үстінде 80 күн» (1983), «Жа- сампаз өлке» (1989) кітаптарымен көрінсе, Польша, Қытай, Иран, Түркия, Моңғолия, Франция сапар- лары кезінде қазақ диаспорасының жай-күйімен байланысып жатады.
«Жүргенге жөргем ілінетіні» Т. Кәкі- шев сапарлары анықтай түседі.
Сөзімізді түйіндей келе, зерттеуші Т. Кәкішевтің бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен ғылым жолындағы қыруар еңбектері арқылы қазақ әдебиеттану ғылымына сіңірген айрықша еңбегін көреміз. Өзінің осынау баға жет- пес еңбектерінің арқасында ғылым жолындағы дара тұлғалардың бірі болумен қатар, зерттеушінің ұлы азаматтығы, болашақ ұрпақ үшін, тарих үшін «ақтаңдақтар ақиқатын» ашудағы табанды күрескерлігі, шын- шылдығы үшін халқының қалаулы азаматтарының бірі, білім-ғылым жо- лындағы беделді, биік тұлға ретінде көріне білді.
«Ел, халық тағдыры осындай тар жол, тайғақ кешулерге тап бо-
лып, толқыған тұстарда оның жоғын жоқтап, күйін күйттеген, әділдік, шындық іздеп шарқ ұрған шырғалаңға түскен, алда ағаларымыздың аяулы бейнелері жұртшылық жүрегінде... Міне, солардың тағдыр-талайы мен тарихын тірнектеп жүріп тірілткен, өнердегі ғана емес өмірдегі ерліктерін жарқырата жалғастырушы, ұлағат- ты ұстаз, көрнекті ғалым, сыншы, әдебиетші Тұрсынбек Кәкішұлының өмір өткелдері де туған халқының тіршілік тынысымен тұтасып жа- тады» деген зерттеуші пікірімен үндеседі.
Әдебиеттану ғылымының үлкен бір саласы саналатын әдеби сынның тарихын бір өзі зерттеп, жазып шыққан Т. Кәкішевтің еңбегі ғылыми ерлік деуге тұрарлық. Әрине, бұл істе Т. Кәкішев жалғыз емес, арты- нан ерген, жолын қуған шәкірттері бар. Қазақ әдеби сынының тари- хи, теориялық мәселелері түрлі қырларынан жан-жақты зерттелген іргелі еңбектер жарық көре баста- ды. Қазақ әдебиеттану ғылымында профессор Т. Кәкішевтің салған сынтанудағы сара жолы жалғасуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет