Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет144/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   295
Экономикалык теория

сыйақылы, тікелей келісімді және келісімді үдемелі жалақылар.
Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары табыс-
тарының басым бөлігін құрайды және табыс табудың осындай негізгі 


175
көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне 
және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.
9.3. Капитал нарығы және пайыз
Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақ-
тар дың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген 
индивидтер дің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға 
қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың 
уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде 
ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында 
қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі.
Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. 
Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:
Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал-
жабдықтары түріндегі физикалық капитал.
Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез 
келген құндылық.
Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және 
өндірістік емес мақсаттағы қорлар.
Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы 
капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал 
нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын 
жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді 
инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық 
шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша-
қаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген 
қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының 
өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын 
бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, 
капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы 
жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке 
белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы 
жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде 
сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады. 
Капиталға деген сұранысты мынадай факторлар анықтайды:
1. Инвестициялық табысты максималдау;
2. Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
3. Салық салу деңгейі;


176
4. Технологиялық өзгерістер;
5. Экономикалық саясат шаралары;
6. Болашақты күту;
7. Кәсіпкердің оптимистік және пессимистік мінез-құлық 
жағдайлары;
Капиталдың ұсынысын мынадай факторлар анықтайды:
1. Кәрілікті қамтамасыз ету;
2. Күтпеген жағдайлардан сақтану;
3. Болашақ сұраныстарды қанағаттандыру;
4. Ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету;
5. Салық салу деңгейі;
6. Бағалар деңгейі;
7. Болашақты күту.
Капиталдың бағасын пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға 
сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік 
пайыз пайда болады. Несие пайызы – бұл белгілі бір уақыт 
аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін 
төлейтін бағасы.
Нарықтық қатынастардың қалыпты жағдайында несие пайызы 
мөлшерлемесі (r) төмендегенде капиталға сұраныс көлемі (K) артады 
және керісінше, несиелік пайыз жоғарылағанда фирмалар қарыз алуды 
қысқартады. Олай болса, капиталға сұраныс қисығы теріс көлбеулі 
болып табылады (9.5 a-сурет). Үй шаруашылықтары банктің салым 
бойынша пайыз мөлшерлемесі жоғары болғанда капитал ұсынысын 
арттырады және керісінше, салым бойынша пайыз төмен болған 
жағдайда олар банкке ақша салуды төмендетеді. Демек, капиталдың 
ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып келеді (9.5 ә-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет