Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет140/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   295
Экономикалык теория

өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының 
белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды 
және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен 
сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық 
субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы 
жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін.
Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды 
қалыптастырады. Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің 
олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік 
қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол 
өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. 
Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы 
сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың 
формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, 
жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі 
үшін – пайда факторлық табыс болып табылады.
Негізінен, үш факторлы нарық қарастырылады. Енді осылардың 
әрқайсысына тоқталайық.
9.2. Еңбек нарығы және жалақы
Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық 
ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық 


171
қатынастар жиынтығы. Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, 
белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі. 
Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық 
жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек 
иесі – жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның 
біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, 
қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді. 
Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын 
қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың 
субъектілері болып бизнес өкілдері және мемлекет, ал еңбек 
ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет