Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру



Pdf көрінісі
бет165/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   295
Экономикалык теория

2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Қазақстандағы жалпы ішкі өнім көрсеткішінің өсу қарқыны;
Ұлттық экономика: жүйесі, мақсаттары, құрылымы, даму үрдістері, 
үлгілері;
Қазақстанның экономикалық әлеуеті және ұлттық байлығы;
Қазақстанда ұлттық экономика үлгісін құрудың ерекшеліктері;
Көлеңкелі экономиканың Қазақстандағы көріністері;


203
Мемлекеттің экономикадағы рөлі және экономиканы мемлекеттік 
реттеу;
Қазақстан экономикасының қазіргі ұлттық моделінің әлеуметтік-
экономикалық даму негіздері.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Көлеңкелі экономика және оның түрлері.
2) Ұлттық байлық және оның құрылымы.
5. Есептер:
1. Экономикада келесідей мәліметтер берілген (млрд.тг.):
Трансферттік төлемдер – 6,0;
Жалпы жеке инвестициялар – 18,4;
Бизнеске салынатын жанама салықтар – 9,0;
Таза экспорт – 2,2;
Корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 4,9;
Амортизация – 8,9;
Жеке тұтыну шығындары – 88,2;
Корпорацияның пайдасына салынатын салық – 2,6;
Әлеуметтік сақтандыру салымдары – 0,5;
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – 9,8;
Жеке табыс салығы – 4,8.
Табу керек:
1) Жалпы ішкі өнімді;
2) Қолда бар табысты;
3) Жеке жинақтарды.
2. Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну 
тауарлары), Y (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х 
өнімінің 500 мөлшері өндірілді, әрқайсысының бағасы 2 теңге, ал Y 
тауарының 20 мөлшері өндірілді, олардың әрқайсысының бағасы 10 
теңгеге тең. Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды. 
Табу керек: 
а) Жалпы ұлттық өнімді
ә) Таза ұлттық өнімді; 
б) Тұтыну көлемін;
в) Инвестиция көлемін
г) Таза инвестициялар көлемін.
3. Төмендегі кестенің мәліметтеріне қарап, Х және Y игіліктерінен 
тұратын тұтынушылық қоржынның құнын, тұтынушылық бағалар 


204
индексін және инфляция қарқынын анықтаңыздар. Тұтынушылық 
қоржынның құрамы өзгермейді және сәйкесінше, Х игілігі 3 данаға 
және Y игілігі 5 данаға тең болып табылады.
Жылдар
X игілігі-
нің бағасы
Y игілігі-нің 
бағасы
Тұтынушылық 
қоржынның 
құны
Бағалар 
индексі
Инфляция 
қарқыны
2009
2
1
100
2010
6
3
2011
8
6
2012
12
15
2013
24
25
4. Мына төмендегі келтірілген тауарлар мен қызметтердің 
қайсысын жалпы ішкі өнімнің құрамына жатқызуға болады?
Үйдің жал төлемі; көршіңнің үй шаруасына көмектескені үшін 
төленетін төлем; жазу үшін қағаз; құттықтау хаттарын дайындау 
үшін қағаз; компакт-диск сатып алу; эстрада концертіне билет сатып 
алу; өз отбасың үшін құлпынай өсіру; өз пәтеріңді сату; басқа елдің 
территориясында жұмыс істейтін сіздің фирмаңыз; акцияларды сатып 
алу.
5. Айталық, экономиканың дамуы келесідей мәліметтермен 
сипатталады:
Жылдар
Атаулы ЖІӨ, млрд. долл.
ЖІӨ дефляторы, 2010 жылға 
%-бен есептегенде
2012
203 521
105,0
2013
220 346
106,0
Табу керек:
а) 2012-2013 жылдар аралығындағы атаулы ЖІӨ-нің өсу қарқынын;
ә) ЖІӨ дефляторының өсу қарқынын;
б) 2010 жылғы бағалармен есептегенде 2012 жылғы нақты ЖІӨ-
нің көлемін;
в) 2012-2013 жылдар аралығындағы нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынын;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет